«Біртұтас тәрбие »бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 Қаңтар Шарбақты ауданының тарихи-өлкетану мұражайымен мәдениет бөлімі бірлесіп өткізген Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған тәрбие сағатына,аудандық кеңес мүшелері мен мектебіміздің оқушылары қатысты!Шара барысында Бауыржан атамыздың ерен ерлігі мен шығармашылығы таныстырылды.Тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып,аудандық кеңес мүшелері өз пікірлерін білдірді.Оқушыларға өз елін,жерін сүюге,тілін, әдет-ғұрпын сақтауға кеңес берді.
https://www.instagram.com/reel/DFNx4w6o4dN/?igsh=MXA1dXJndjM5dnp3cg==