Мектебімізде дарынды балалармен жүргізілетін іс-шаралар жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілді. Дарынды баланы анықтап, оның қабілетін одан әрі дамыту - бүгінгі таңның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Дарынды балалармен жұмыс жасаудың негізгі жоспарына сәйкес оқушылар мектепішілік , аудан көлемінде, облыстық, республикалық интеллектуалды сайыстар, конкурстар мен жоба қорғауға қатыстырылды. Оқушылар өз білімдерін көрсету мақсатында әр түрлі интеллетуалдық сайыстарға белсене қатысты. Атап айтсақ:
«Ертіс-Дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының облыстық «Жас кемеңгер» мектебінде 17 оқушы білім алуда:
06.09.2024 жылы 9-11 сынып оқушыларына арналған V аудандық гуманитарлық олимпиада да 11-сынып оқушысы Жұмабекқызы Әлия І орын алды. 12.09.2024 жылы гуманитарлық олимпиаданың облыстық кезеңінен Жұмабекқызы Әлия ІІ орын алды.
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезенінен «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» номинациясында 9-сынып оқушысы Жұмабекқызы Алина ІІ орын алды.
02.10.2024 жылы «Ақберен» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінен 8-сынып оқушысы Нұрболқызы Әлия «Көркем сөз оқу «номинациясынан ІІ орын алды.
«Менің шағын Отаным» конкурсының аудандық кезеңінен 9-сынып оқушысы Жұмабекқызы Алина «Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясында І орын, 9-сынып оқушысы Радат Алмаз «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» номинациясында ІІІ орын, 10-сынып оқушысы Садвокасова Жанель «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» номинациясында ІІ орын алды.
9-11 сынып оқушылары үшін 13 пән бойынша (жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша) өткізіледі және 4 кезеңнен тұрады (мектепшілік, аудандық, облыстық, республикалық). Бастапқы кезеңге қатысу үшін оқушылар сайтта тіркеуден өтті аuyl.daryn.kz нәтижесінде мектебімізден олимпиадаға қатысуға 17 оқушы ниет білдірді. Олимпиаданың мектепішілік кезеңінің қорытындысы бойынша 9 оқушы аудандық олимпиадаға қатысып, облыстық кезеңге 5 оқушы өтті. Ауылдық мектеп оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 2024 жылғы 30-31 қазанда ұйымдастырылды. Олимпиада нәтижесі бойынша ағылшын тілінен 10-сынып оқушысы Оспанова Мирэль ІІІ орын, пән мұғалімі Кадас Кожасұлтан, орыс тілінен 10-сынып оқушысы Садвокасова Жанель І орын, пән мұғалімі Н.О.Жакупова, 11-сынып оқушысы Тезекбаева Милана І орын, пән мұғалімі А.М.Есимханова.
Облыстық кезеңнің 2 турының қорытындысы бойынша республикалық кезеңге Садвокасова Жанель мен Тезекбаева Милана Павлодар облысы оқушыларынан құралған команда құрамында қатысады.