ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
17
Қаңтар
2025

2025 жылдың 16 қаңтарында Абай оқуларының облыстық кезеңі өтті. Мақсаты: оқушылар арасында  ұлы тұлғаның  шығармашылығына, рухани мұрасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жас ұрпақтың табиғи дарынын анықтау. Байқау нәтижесінде: 9-сынып оқушысы  Жұмабекқызы Алина «Абайдың қара сөздері» бағытында І орын алып,  республикалық кезеңге өтті. 

қолдау 6

17
Қаңтар
2025

2025 жылдың 10 қаңтарында Абай оқуларының аудандық кезеңі өтті. Мақсаты: оқушылар арасында  ұлы тұлғаның  шығармашылығына, рухани мұрасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жас ұрпақтың табиғи дарынын анықтау.

қолдау5

13
Қаңтар
2025

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2024-2025 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізеді.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімдері мен тәжірибелік ептілігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысушыларды іріктеу және дайындау, еліміздің білім беру беделін арттыру.

Олимпиада 15 пән бойынша жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Нәтижесінде 11-сынып оқушысы  Жұмабекқызы  Әлия Қазақстан тарихынан  ІІІ орын, пән мұғалімі  М.М.Жұмабеков,  орыс тілі пәнінен  9-сынып оқушысы  Қанат Жанеля  ІІ орын, пән мұғалімі А.М.Есимханова, 10-сынып оқушысы  Садвокасова  Жанель ІІІ орын, пән мұғалімі Н.О.Жакупова,  11-сынып оқушысы Тезекбаева Милана ІІІ орын, пән мұғалімі  А.М.Есимханова. 

қанатқанат1

13
Желтоқсан
2024

2024 жылы   5—желтоқсан күні мектебімізде аудандық Мәдениет бөлімі бірлесе ұйымдастырылған "Желтоқсан жаңғырығы жадымызда"  тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Кездесуге Павлодар Торайғыров университетті профессоры,  философия ғылымдарының кандидаты, "Құрмет" орденінің иегері, Облыстың Желтоқсан тарихы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құдабаев Амантай Жетпісұлы арнайы шақырылды. Шарбақты аудандық Мәдениет  бөлімінің басшысы Кабдрашитов Азамат Қайыртасұлы шарбақтылықтардың  атынан кездесуге қатысқан қонаққа алғыс білдіріп сый — құрмет көрсетті.

тоғыз

13
Желтоқсан
2024

«Ертіс-Дарыны» өңірлік қосымша білім беру  оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен  «Зерде» 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстар  конкурсына мектептен  6 жұмыс аудандық кезеңнен облыстыққа жіберілді. Соның   ішінде  іріктеу кезеңнен 2 жұмыс облыстық кезеңге өтті. Нәтижесінде  7-сынып оқушысы  Жанатбек Елшуақ математикадан ІІІ орын, жетекшісі А.Б.Айгумусова, 6-сынып оқушысы  Азат Бекарыс этномәдениеттану секциясында  ІІ орын алды, жекшісі  А.А.Абдугалиева.

асемгул 2аинаш

 

5
Желтоқсан
2024

2024 жылғы 27 қарашада  жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11  сынып оқушыларына  республикалық  ғылыми жобалар конкурсының  облыстық кезеңі өтті.  Мектептің  8-сынып оқушысы  Муратова Ясмина "Табиғи коллаген - сүйек сорпасының пайдасы" тақырыбында  өз жұмысын қорғап,  ІІІ орын алды. Жетекшісі  биология пәнінің мұғалімі  Л.М.Муханова.

қол өнер

5
Желтоқсан
2024

5-6 сыныптарға жалпы білім беретін пәндер бойынша  олимпиаданың ІІ кезеңі (аудандық)  өткізілді.  Мақсаты: оқушылардың  оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру, пәндік білімдерін тереңдету,  ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру.

 қол өнерқол өнер

© 2025. Все права защищены.