ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
7
Наурыз
2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 8 наурыз —Халықаралық әйелдер күніне орай 1—11 сыныптар тәрбие сағаттары өткізілді. 

нау2нау3нуа1

7
Наурыз
2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 8—11 сынып оқушыларымен "Ана — күннің шуағы"  мерекелік шара ұйымдастырылды.

нау4

4
Наурыз
2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектебізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және "Алғыс айту" күні қарсаңында Шарбақты аудан орталық мектептерімен "Достығымыз жарасқан ел!" атты мерекелік шара өтті. 

алғыс3

4
Наурыз
2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасыаясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және "Алғыс айту" күніне орай мектебімізде 1—11 сынып оқушыларымен  тәрбие сағаттары өткізілді.

алғыс1алғыс 2

14
Ақпан
2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Жасампаздық пен жаңашылдық" айында 1—11 сыныптарда "Ауғанның от жалыны" атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:  өз Отанының патриоты болуға баулу,  оқушыларды келешекте әскери, азаматтық борышын адал өтеуге, өз халқына, өз еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу.

3334

35

 

14
Ақпан
2025

"Біртұтас  тәрбие"  бағдарламасы аясында "Жасампаздық пен жаңашылдық"  айында  2025 жылғы 14 ақпанда 5 - 7 сынып оқушыларының  қатысуымен "Ауған соғысының ардагерлерін ұлықтаған күн" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Кеңес әскерлерінің Ауған соғысының  ардагерлері Латымханов  Ерлан  Зәмзәмұлы. Сеитов Болат Қабиұлы  қатысты.  Мақсаты: Ауған соғысы туралы мағлұмат беріп, соғыстың салдары мен тарихи маңызын түсіндіру. Ауған соғысы ардагерлерінің естеліктерін тыңдай отырып, оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Өскелең ұрпақты  әскери - патриоттық сезімде тәрбиелеу. 

аугауган

 

14
Ақпан
2025

Біртұтас тәрбие бағдарламасы негінде «Даналық мектебі» аясында құрылған Әжелер мектебі – ұрпақтарды ұлттық тәрбиемен сусындататын рухани орда болып табылады. 

Қыз балалардың бойындағы жағымды қасиеттерін шыңдау, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қазақ қызына тән мінез-құлық сипатын сақтап қалуға тәрбиелеу мақсатында мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде  12-ақпанда «Әжелердің өшпейтін өнеге үлгісі» атты салауат сабағы  ұйымдастырылды. Шараға аудандық «Нұр Аналар әлемі» ҚБ-нің және мектебіміздің «Әжелер мектебінің»  ақ жаулықты аналары шақырылды. Кездесу барысында әжелер қыздарға өз өмірлерінен сыр шертіп, қазақ қыздарының дәстүрді сақтап қалуының маңыздылығына тоқталды. Қазіргі заман қыздарының білімді де жан-жақты болуымен қатар руханилыққа толы дәстүр-салттарды дәріптеп, ана тілін құрметтеп, инабатты, әдепті болуы - келешекте өмірлерінің жарқын болуының кепілі болатындығы атап көрсетілді. «Қазіргі заман қыздары дәстүрді сақтап қала ма?» тақырыбында да пікір алмасу болды. Салт-дәстүр, тәрбие тақырыптарына байланысты жинақтар жазып жүрген Ұлағатты ұстаз, зейнеткер Шакаманова Қуантай апай «Қыз еркем бұрымымен көркем» атты жинағымен таныстырып, қыздардың шашына, бұрымына  байланысты көптеген қызықты мәліметтермен таныстырды. Ақ жаулықты тағылымы мол  Жамал апай, өнегелі ұстаз Майра апай мен мектебіміздің тұрақты демеушісі, жылы жүректі Қалимаш апайымыз өнегелі өмірлерін мысал етіп, ақ баталарын берді. Шара қонағы Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Қадысқызы Қазына ана тілін сақтап қалудағы қыздардың, аналардың ролі туралы сөз қозғады.  Өз  кезегінде қыздар да өз ойларын айтып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құндылықтарды сақтап қалатындықтарын білдіріп, көңілге қуаныш сыйлады. Мектеп директоры Н.Өміржанқызы осындай маңызды шараға атсалысқандары үшін келген қонақтарға алғысын білдіріп, жасөспірім қыздарға жылы ықыласын білдірді.

https://www.instagram.com/reel/DF-eXFpNhBc/?igsh=MWkxY3Q3d3hiaWF2dw==  

апалар

10
Ақпан
2025

"Біртұтас тәрбие" тәрбие бағдарламасы аясында 9— мамыр Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған мектепішілік ішілік тоғызқұмалақ ойынынан жарыс ұйымдастырылды.

999

© 2025. Все права защищены.