ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
11
Желтоқсан
2024

2024-2025 оқу жылының Павлодар  облысы  Шарбақты  ауданы  «Абай  Құнанбаев  атындағы ЖОББ»КММ өзін-өзі басқару ұйымының І  тоқсанда  жүргізілген жұмыстары зерделеніп, сараптама жасалынды.Өзін-өзі басқару  ұйымы  -9 оқушыдан  құралды. Мектеп  президентіне  Қанат  Жанеля  сайланды.

Мектеп парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:

Спорт және  салауатты  өмір салты министрі- 10  сынып  оқушысы Тайлақ Исләм тағайындалды.

Құқық  және  тәртіп  фракциясы-  8  сынып  оқушысы   Самат Назым  сайланды.

Қамқорлық (еріктілер)   фракциясы –  8  сынып  оқушысы   Қуаныш  Аяжан  тағайындалды.

Экология  және  еңбек  фракциясы - 8  сынып  оқушысы   Ерген  Жансұлу  тағайындалды.

Мәдениет  және өнер фракциясы – 8  сынып  оқушысы   Жанатбек Елшуақ  сайланды.  

Ақпарат  министрі  - 8  сынып  оқушысы   Итемгенова  Жансая  тағайындалды. 

Өзін-өзі  тану  және бақыт фракциясы- 8  сынып  оқушысы   Тлеген Айсана сайланды

Дебат қозғалысының фракциясы- 10  сынып  оқушысы     Садвокасова  Жанель   тағайындалды.

Экология және еңбек  фракциясы Садвокасова  Жанель  9-сынып оқушысы   сайланды 

Жалпы  2024-2025 оқу  жылының  1 тоқсанында   мектеп  парламаетінің  өзін өзі басқару  ұйымының  жұмысына  200 оқушы  белсенді  қатысты.

Оқу  жылының  басынан  өзін-өзі басқару  ұйымындағы  оқушылар  сайланған күннен бастап  белсенді іс-шараларға қатысып, отырыстар  өткізілді.  Жалпы  отырста  қарастырылған  сұрақтар;

  • - Мектептің  ішкі  тәртібі
  • - Мектептің  ақпараттық  бұрышын әзірлдеу
  • - Денсаулық  күнін  өткізу
  • - Оқуға  құштар  жобасын іске асыру
  • - Қыздар, ұлдар  клубының  жұмысын  талқылау
  • - Жомарт  -жүрек  акцияларын  өткізу
  • - Аудандық, облыстық  іс -шараларға  белсенді  қатысу
  • - Өткізілген жұмыстар  бойынша  фракциялардың есебі  тыңдалды.

  Жоспарға сәйкес іс-шаралар, ұйым мүшелерінің отырыстары, байқаулар, акциялар жүргізіліп отырылды. Атап айтқанда: 

Мәдениет және өнер фрақциясы

  • · Алтын  күз мерекесіне орай «Арайлы  алтын күз» тақырыбында  5-11 сыныптар  аралығында  мерекелік  іс-шара  өткізді. Белсенді  қатысқан  сынып  оқушылары мадақтау  қағаздарымен   марапатталды. 
  • · Бірінші қазан «Қарттар күніне» орай мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері, мектептің  зейнеткер  ұстаздарын қарттар күнімен құттықтады. 

Құқық  және тәртіп  фрақцисы

  • · 2024 жылдың 18  қазан  күні  Павлодар  облысы  Шарбақты  ауданы  «Абай  Құнанбаев  атындағы ЖОББ»КММ -де мектептегі өзін-өзі басқару Президентін сайлау өтті. Сайлауда  9 «А» сынып оқушысы   Қанат  Жанеля мектеп  президенті  болып  сайланды.
  • · 2024 жылдың   04 қазан  күні  мектебіміздің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының» мүшелері ұстаздар күніне орай «Ұстаз-ұлағатты есім» атты іс -шара ұйымдастырды. Мектеп мұғалімдеріне өлеңдерін арнап, мерекемен құттықтады. 
  • · 2024 жылдың 21 қазан күні  мектеп тәлімгері   Шаку Зоя  мектеп  Президентін ұлықтау  рәсімі  өткізді.
  • · Құқық  ағарту бойынша «Біз және заң» облысытық  шығармашылық жұмыстар конкурсы  аясында   «Бала құқықтары-адам  құқықтары» атты аудандық байқауға қатысып бала  құқығы командасы 3  дәрежелі диплом игерелері атанды.
  • · VI облыстық «Адал ұрпақ  ерікті мектеп клубтары  слетінің аудандық  турында 3 командалық жүлделі орын иегері атанды.

Өзін-өзі  тану  және бақыт фракциясы

  •  «Жан  қазнасы  -адамгершілік негізі» ток  шоу 
  • Инабат  қыздар  клубында  «Қыз көріктілігі» тақырыбында мектеп  ішілік  іс-шаралар  өткізіліп оқушылар  белсенді  қатысты, сонымен  қатар  облыстық «Аққу» жобасы   аясында «Қыз  еркем-кестемен көркем» аудандық  байқауда 2  орынға  Исабек  Сәттігүл  иеленді.

Дебат «Сенім мен  болашақ»  алаңы 

  • Республика күніне арналған жоспарға сәйкес мектеп тәлімгері Шаку Зоя   және мектеп Президенті    Қанат Жанеля орта  буында    «Тәуелсіздік -ел мерейі» дөңгелек үстелі ұйымдастырды
  •  Экология  және  еңбек  фракциясы

Қамқорлық  фрақциясы

  •  «Қамқорлық» волонтерлік ұйымының мүшелері ауданымыздағы  отбасылық  балалар  үйіне барып  ондағы  оқушыларды  туған  күнімен құттыққтап  жылы  лебіздерін білдіріп, өздері  әзірлеген тәтті  бәлішін  ұсынды.  
  • «Қамқорлық» волонтерлік ұйымы» Бастауыш  сынып  оқушыларына  қызықты  ертегілер кітапшаларын  сыйлап,  оқушылармен бірлесе қызықты  ертегілер  оқыды.    

Ақпарат  фрақциясы 

  • 2024 жылдың 7  қазан  бастап  11  қазан аралығында  «Оқулықты  күтіп ұста»  радиолинейкасын өткізді.
  • Оқыған  кітаптар  бойынша  сұхбат алу  және инстограмм  парақшасына  жүктеу  жұмыстары  жүргізілді.
  •  Спорт  және салауатты  өмір салты  фракциясы
  • «Денсаулық  сенің  байлығың»   спорттық акцияға оқушылар  белсенді  қатысты.
  •  Мектепішілік  тоғыз құмалақ     спорттық іс  -шара   5- 9 сыныптар  арасында  өткізілді. Балагазин Зура, Қуаныш  Нартай, Айтбай Үкіліай аудандық, облыстық  сайысқа  жолдама алды
  • Ұлттық  мектеп  облыстық  спортакиадағы  бағдарламасындағы  5-6 
  •  «Жас Ұлан» ұйымы отырысында екінші тоқсанға  мектепішлік әр түрлі байқаулар өткізуге және де қалалық байқауларға белсенді қатысуға жоспарлануда. 

   зоя1 зоя2 зоя3

     

11
Желтоқсан
2024

             «Өркен» балалардың әл – ауқатын арттыру   ұлттық ғылыми – практикалық   институты» 2024 жылдың 6 – желтоқсанында сағат 12.00 – де жалпы республикалық бірегей флешмобын ұйымдастыру туралы бұйрығы негізінде мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жасөспірімдерде пайдалы әдеттерді қалыптастыру, өз денсаулығына саналы және жауапкершілікпен қарау мақсатында "БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ"флешмобы өткізілді.Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру .

кітап 1

5
Желтоқсан
2024

         "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Гендерлік зорлық — зомбылыққа қарсы белсенді іс — қимылдың 16 күні" қарсаңында 1—11 сынып оқушыларына "Зорлық —зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға зорлық — зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту, бұзақылық істерге бармауға, адами қасиеттерді сақтауға тәрбиелеу. 

қол өнер 

   "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Гендерлік зорлық — зомбылыққа қарсы белсенді іс — қимылдың 16 күні" қарсаңында 1—4 сынып оқушылары арасында "Бақытты балалық шақ" атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларды эстетикалық талғамдарын дамыту және рухани адамгершілік қасиетті сақтай білуге тәрбиелеу. 

көрме1көрме2 

     "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Гендерлік зорлық — зомбылыққа қарсы белсенді іс — қимылдың 16—күні" мектебіміздің 7—11 сынып қыздарына Шарбақты аудандық больницадан врач акушер — гинеколог Сапарбаев Бекзат Нұрмаханбетұлы "Ерте жүктіліктің алдын — алу" тақырыбында дәріс өткізді. Ерте жүктіліктің жасөспірімдер үшін қауіп — қатері зор екенін айтып түсіндірді. Бейнетаспалар көрсетіліп, талқыланды. 

көрме3

29
Қараша
2024

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында « Ата — аналарды педагогикалық қолдау орталығының» кезекті отырысы 10—11 сынып ата — аналарымен "Өмір бойы оқу: Не үшін? Қалай?" тақырыбында өтті.

Мақсаты: ата — аналардың жасөспірімдердің өзін — өзі тәрбиелеу және өзін —өзі дамыту үдерістерін қолдауға дайындығын қалыптастыру.

қол өнер 

     "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Ата — аналарды педагогикалық қолдау орталығы" кезезекті отырысы 5—9 сынып ата — аналары арасында "Есте сақтауды дамыту" тақырыбында өтті. Мақсаты: Ата — аналардың жасөспірімдердің есте сақтау қабілетін белсенді қолдауға және ынталандыруға дайындығын арттыру. 

қол өнер 

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Ата — аналарды педагогикалық қолдау орталығы" кезезекті отырысы 1 - 4 сынып ата — аналары арасында "Зейін - алғырлықтың алғыштары " тақырыбында өтті. Мақсаты:бала тұлғасының тәрбиесінде ата - аналарға қолдау көрсетіп, педагогикалық және психологиялық кеңестер беру. 

қол өнер

 

 

 

25
Қараша
2024

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Әділдік пен жауапкершілік" құндылық айында мектебіміздің 8— сынып оқушылары арасында "Ұшқыр ой алаңы" зияткерлік ойыны өтті.

Мақсаты:

   - білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар

арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру;

- білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту;

-         қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды

талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу,   дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру, парламенттік мәдениет элементтерін дамыту;

-         оқушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары

мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің, елдің мәселелерін талқылау мен шешудегі жауапкершілік, қатыстылық сезімін қалыптастыру. 

қол өнер

14
Қараша
2024

         "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұлттық тәрбие мектептебін қалпына келтіру бағытында «Даналық мектебі» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бір бағыты ретінде мектепте клубтық форматта жұмыс істеп жатыр. "Мирас" ұлдар клубының мүшелері "Ата кәсіп - берекенің бастауы" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: мамандық таңдауда ата ақылының маңыздылығын түсіндіру және ата - бабамыздан кележатқан қолөнер бұйымдарын жасай білуге үйрету.

қол өнер

14
Қараша
2024

       "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұлттық тәрбие мектепті қалпына келтіру бағытында «Даналық мектебі» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бір бағыты ретінде мектепте клубтық форматта жұмыс істеп жатыр. "Инабат" қыздар клубының мүшелері "Ата кәсіп - берекенің бастауы" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: мамандық таңдауда ата ақылының маңыздылығын түсіндіру және ата - бабамыздан кележатқан қолөнер бұйымдарын жасай білуге үйрету.

қол өнер

14
Қараша
2024

Мектептебімізде   9-11 сынып оқушыларына прокуратура, полиция бөлімі және жастар қаһарманы орталығының өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында «бетбелгілер» арқылы есірткі таратқаны үшін сотталғандардың тағдырына арналған деректі фильм тамашалауға ұсынылды.

Фильм Қарағанды облысындағы түзеу мекемелерінде түсірілген. Фильм Қазақстандағы есірткінің заңсыз айналымының өткір мәселесін көтеріп, «сақтау сақиналарына» қатысқаны үшін темір тордың ар жағында қалғандардың шынайы оқиғаларын көрсетеді.

Жобаның басты мақсаты – қоғам назарын сотталғандардың қиын тағдырына аудару және ықтимал қатысушыларды ауыр зардаптар туралы ескерту.

нашақорлық

© 2025. Все права защищены.