"Қауіпсіздік сабағы" негізінде "Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыбында өткен тәрбие сағатына анықтама.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Қауіпсіздік сабағы" негізінде "Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыбында өтті.Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.Ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру.Адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу.
Нашақорлық – әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі. Есті алатын есірткі заттарына тәуелділік талай жанның тағдырын талқан еткенін тәжірибеден көріп, біліп жүрміз. Өкініштісі, нашаға әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етеді. Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады. Қылмыстық кодексте есірткі заттарын қолданып, сатып, тасымалдаушыларға жаза ауыр. Бірақ солай екен деп есірткіден бас тартып жатқандар көп дей алмаймыз. Есірткі заттарын тасымалдап, жеткізіп берген жастар «ешкімге зиянымыз жоқ, нашақорлар бәрібір өзіне керегін тауып алады, ендеше неге жазалануымыз керек» деп қате ойлайды. Жалпы, заңды білмеу жазадан құтқармайды. Салауатты өмір салтын сақтай білуге жасөспірімдерді шақырып, тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/DBSekN1I9lN/?igsh=am12Y3h2N2twZHg5