Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебінің эстетикалық әдістемелік бірлестік апталығының қорытындысы
2025-2026 оқу жылы
Өтілу мерзімі: 27–30 сәуір аралығы
Дүйсенбі, 27 сәуір күні әдістемелік апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың ашылуы барысында мұғалімдер мен оқушыларды апталық жоспарымен таныстырды, белсенді қатысуға шақырды.
Апталықты жоғары деңгейде өткізу мақсатында бірінші қабат дәлізі эстетикалық бағыт тақырыбына сай безендірілді. Сонымен қатар, арнайы көрме ұйымдастырылды.

27 сәуір күні көркем еңбек пәні мұғалімі Е.К.Омаров 9"А"-сынып оқушыларымен «Лазерлік станокта гравировка жасаудың негіздері» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты -оқушылардың еңбек пәніне деген қызығушылығын арттыру, оқушыларға гравировка үшін дизайн құрудың негізгі әдістерін көрсету, сонымен қатар, графикалық редакторларды пайдалану дағдыларын дамыту. Оқушыларға лазерлік гравировка технологиясы туралы теориялық білімдерін арттыру және практикалық дағдыларын дамыту. Сабақ оқушылардың қызығушылығын арттырып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

28 сәуір күні дене шынықтыру пәні мұғалімі И.М. Ауппаева 2 "А"-сынып оқушыларымен «Таза ауадағы дене тәрбиесі» атты ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты – оқушылардың физикалық белсенділігін арттыру, денсаулықтарын нығайту және табиғатқа деген сүйіспеншілікті дамыту.Оқушыларды табиғатпен таныстыру, экологиялық тәрбие беру, таза ауада өткізілетін уақыттың маңыздылығын насихаттау.

28 сәуір күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.Далелхан 5-6 сынып оқушыларымен «Белсенді үзіліс-денсаулық негізі» атты көңілді үзіліс өткізді.Сабақтың мақсаты – оқушылардың денсаулығын жақсарту, белсенділік деңгейін арттыру және оқу процесін креативті әрі тиімді етіп ұйымдастыру.Үзіліс кезінде физикалық жаттығулар мен ойындар оқушылардың қозғалыс қажеттілігін қанағаттандыру, энергиясын қалпына келтіру. Белсенді үзілістердің оқушылардың зейінін және ойлау қабілетін жақсартудағы рөлін көрсету, оқу процессін тиімдірек ету.
28 сәуір күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Т.Е.Досымханов 2 "Б"-сынып оқушыларымен «Таза ауадағы дене тәрбиесі» атты ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты – оқушылардың физикалық белсенділігін арттыру, денсаулықтарын нығайту және табиғатқа деген сүйіспеншілікті дамыту. Оқушыларға жаттығулар мен ойындарды қызықты және шығармашылық түрде өткізу, дене тәрбиесін ойын арқылы үйрету.

28 сәуір күні көркем еңбек пәні мұғалімі Г.С.Жабайканова 8-9 сынып оқушыларымен «Ұлттық әшекей жасау» атты шеберлік сағатын өткізді.Сабақтың мақсаты- әшекейлер айырбас құралы немесе сый-сияпат ретінде қолданылған. Ұлттық әшекей жасау – тек сәндік өнер емес, ол халықтың тарихын, мәдениетін, дүниетанымын және тұрмысын айқындайтын терең мәнге ие дәстүр.
29 сәуір күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Т.М.Жұмадиров 5"А"-сынып оқушыларымен «Баскетбол ойынының негізі» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты -оқушыларға баскетбол ойынының шығу тарихы мен негізгі ережелерін түсіндіру. Допты лақтыру, беру, алып жүру және қорғаныс тәсілдерін үйрету.Ойын барысында қозғалыс үйлесімділігін, жылдамдықты және дәлдікті дамыту. Командалық жұмыс пен бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру.Спортқа қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

29 сәуір күні музыка пәні мұғалімі Л.Н.Байбулова 2"А"-сынып оқушыларымен «Тапқыр болсаң-аспапты ата» атты көңілді үзіліс өткізді.Сабақтың мақсаты -оқушыларға қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын таныстыру.Әр аспаптың атауын, түрін және ерекшелігін ажырата білуге үйрету.Музыкалық аспаптарды тану арқылы ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру.Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын және есте сақтауын дамыту.Ұжымдық жұмыс барысында бір-бірін тыңдау, қолдау дағдыларын қалыптастыру.

29 сәуір күні мектеп кітапханашысы С.Садуакасова 1-4 сынып оқушыларымен «Алтын сақа» атты көңілді үзіліс өткізді.Сабақтың мақсаты - оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын байыту.

30 сәуір күні дене шынықтыру мұғалімдері апталықтың жабылу салтанатына орай «Шынықсаң шымыр боласың» атты эстафета өткізді.
Эстетикалық пәндер апталығы барысында жоспарланған барлық іс-шаралар жүйелі түрде, жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Апталық аясында көркем еңбек ұл балаларға, көркем еңбек қыз балаларға, дене шынықтыру, музыка, алғашы әскери дайындық пән мұғалімдері мен кітапхана жетекшісі өз тәжірибелерімен бөлісті.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың логикалық ойлау, шығармашылық және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға зор ықпал етті. Әсіресе көл өнер жұмыстары мен ойын элементтерінің енгізілуі оқушылардың белсенділігін арттырып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға мүмкіндік берді.
Үзіліс уақыттарында ұйымдастырылған қосымша ойындар мен тәжірибелер оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасап, білімге деген ынтасын күшейтті. Әрбір пән бойынша өткізілген сайыстар мен сабақтар мазмұнды, тартымды және оқушылар үшін пайдалы болды.
Қорытындылай келе, апталық өз мақсатына толық жетті деп есептеледі. Оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, жаңа мәліметтер алып, пәндерге деген қызығушылықтарын арттырды.