ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
11
Наурыз
2026

«Подкаст және ЖИ: өңір әйелдерінің тарихы» республикалық жобасы аясында бізде қонақта – әлеуметтік серіктес, Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ директоры Жақыпова Нұрмира Өміржанқызы.

Нұрмира Өміржанқызының басшылығымен мектеп облыс бойынша үздік білім беру ұйымдарының бірі ретінде танылып, облыс әкімінің грантына ие болды. Мектеп оқушылары жыл сайын пәндік олимпиадалар мен «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарға ие болып келеді. Ал мектеп түлектері Қазақстанның жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантпен түсіп, білім алуда.

Сонымен қатар, мектеп ұжымы аудандық кәсіподақ филиалымен тығыз байланыста жұмыс жасап, білім беру саласындағы ортақ бастамаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысып келеді.

https://www.instagram.com/reel/DVgLz2NDIG_/?igsh=ejQxczg5N2NhOGlz

11
Наурыз
2026

Мектебімізде биология күні аталып өтті. Бұл күні оқушылар үшін ерекше әрі танымдық шаралар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тірі ағзаларға тән қасиеттер, олардың құрылысы мен тіршілік әрекеттері туралы қызықты мәліметтер айтылып, түрлі биологиялық терминдерге байланысты ойындар өткізілді. Оқушылар өз білімдерін сынап, белсенділік танытты.
Күн 8-сыныптар арасында ұйымдастырылған «Ғажайып ағза» атты интеллектуалдық ойынмен жалғасты. Бұл ойында қатысушылар логикалық сұрақтарға жауап беріп, биология пәні бойынша білімдерін ортаға салды. Тапсырмалар қызықты әрі тартымды болды. Нәтижесінде оқушылар өздерінің тапқырлығын, жылдамдығын және пәнге деген қызығушылығын көрсете білді.

Биология күні барша оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, білімдерін тереңдетуге үлкен мүмкіндік берді.

https://www.instagram.com/reel/DVJbY2hiFud/?igsh=MWxvb3JqaTkxeGl1aQ==

11
Наурыз
2026

 Мектебімізде  ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтар уақытша қашықтықтан оқыту форматқа ауыстырылды.
Оқу процесі белгіленген кестеге сәйкес толық көлемде ұйымдастырылуда.

232233

https://www.instagram.com/p/DVJCG_3CMF0/?igsh=d3RzOHQwbzQxeWx4

11
Наурыз
2026

🔬 Жаратылыстану-математикалық апталығы – ғылым мен ізденістің жарқын көрінісі!
Апталық барысында оқушылар химиялық тәжірибелер жасап, қызықты зертханалық жұмыстар орындады. Танымдық ойындар мен интеллектуалдық сұрақ-жауап сайыстары ұйымдастырылып, әр қатысушы өз білімін, логикасын және белсенділігін көрсетті.
Химия – тек формула мен реакция ғана емес, ол – тәртіп, жауапкершілік, қауіпсіздік және ұқыптылық. Осындай іс-шаралар арқылы біз оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттырып қана қоймай, адал азамат, білімді әрі саналы тұлға қалыптастыруға үлес қосамыз.
✨ Біртұтас тәрбие – сапалы білімнің негізі!
✨ Ғылымға қадам – болашаққа қадам!

https://www.instagram.com/reel/DVAtF97iDmT/?igsh=MXU4ZHVxcGJnYTBhbg==

11
Наурыз
2026

Бүгін мектебімізде — География күні! 🗺 Оқушылар үзілісте қызықты ойындарға қатысып, карта арқылы әлемді зерттеді. Материктер мен елдерді жылдам тауып, білімдерін дәлелдеді!
География — тек пән емес, ол әлемге ашылған терезе 🌎

https://www.instagram.com/reel/DU5pCqyCMuj/?igsh=MXA1eG80OXNyeHlhYg==

© 2026. Все права защищены.