ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
14
Сәуір
2026

“Ата - аналарды педагогикалық қолдау” орталығы 10–11 сынып оқушылары ата - аналарына арналған ЖЕКЕ ШЕКАРА ЖӘНЕ ҚОЛДАУ: ЖАСӨСПІРІМГЕ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ЖЕҢУДЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ атты сабағы өткізілді.Мақсаты: жасөспірімдердің ата-аналарында жасөспірім кездегі жеке шека- ралар мен психологиялық қолдаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыпта- стыру, жасөспірімнің сенімі мен эмоционалды тұрақтылығын нығайтуға ықпал ететін сындарлы өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Міндеттері: ‣ жасөспірімнің жеке шекаралары ұғымымен және оларға деген құрметпен таныстыру; ‣ бақылау мен қолдау арасындағы айырмашылықты анықтауға үйрету; ‣ жасөспіріммен қарым-қатынастың жасаудың өзіндік стилін түсінуге көмектесу; ‣ жасөспірімге көмек сигналдарын байқауға үйрету; ‣ баланың тәжірибесі мен дамуы үшін кеңістікті қамтамасыз ету; ‣ ата-ана мен жасөспірімнің сенімін жоғалту қаупіне қарсы тұру үшін ашық, сыйластық диалогының құндылығын ашу; ‣ отбасындағы эмоционалды климат үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

https://www.instagram.com/p/DXEeiwWiC0J/?igsh=MTI4Ymdvc204aDB3ZQ==

ва1

6
Сәуір
2026

2026 жылдың 3 сәуірінде мектебімізде ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналарына арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ата-ана ретінде қалай жақын болу керек» атты шеберлік сағаты өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналарды инклюзия кабинетімен таныстыру және олардың балаларының дамуына қажетті құралдармен жұмыс істеу әдістерін көрсету болды.
Шеберлік сағаты барысында қатысушыларға инклюзия кабинетінің толық жабдықталуы көрсетілді. Кабинет заманауи жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл балалардың жан-жақты дамуына, соның ішінде сөйлеу, танымдық және ұсақ моторикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Ата-аналарға дидактикалық материалдар, үлестірмелі құралдар және түрлі тренажерлармен жұмыс жүргізу жолдары түсіндірілді. Қатысушылар практикалық жаттығулар арқылы балаларымен бірге қолдануға болатын әдістерді үйренді.
Шеберлік сағаты барысында ата-аналар белсенділік танытып, өз пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті. Ата-аналар іс-шараның өте пайдалы екенін айтып, жаңа ақпарат алып, практикалық дағдыларды меңгергендерін атап өтті.
Бұл шеберлік сағаты инклюзиялық білім беру үдерісіне ата-аналардың белсенді қатысуын арттыруға және балалардың дамуына қажетті жағдай жасауға үлкен үлес қосатыны анық көрінді.

https://www.instagram.com/reel/DWs8NUdiMUr/?igsh=cjRjdDRrNHNsc2xs

3
Сәуір
2026

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ: ШЕКАРАҢДЫ ТАНЫ, ҚОРҒАНУДЫ ҮЙРЕН тақырыбында 5— сынып оқушыларымен кезекті сабағы өткізілді.
Мақсаты:
Жасөспірімдерде зорлық-зомбылық мәселесіне саналы көзқарасты қалып- тастыру, жеке шекараның маңыздылығын түсіндіру және оны күнделікті өмірде қорғау дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
Жасөспірімдерге қауіпсіздік пен зорлық-зомбылық ұғымдарын салысты- ру арқылы зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрлерінің қаупін көрсетіп, оларды қа- уіпті жағдайларды тануға үйрету.
Балалармен жеке шекара және оны бұзатын қарым-қатынас туралы талқылау; бас тартудың, қорғанудың және көмек сұраудың сенімді тәсілдерін көрсету; осындай жағдайларды тану және анықтау қабілетін дамыту.
Зорлық-зомбылық орын алған немесе қауіп төнген жағдайда әрекет ету- дің қауіпсіз түрлері мен көмек сұрау алгоритмдерін үйрету.

пос5 

https://www.instagram.com/p/DWqvAM9iFWg/?img_index=2&igsh=MWR6aml5ZGY1aTQxeQ==

 

3
Сәуір
2026

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен 5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, балалардың жеке шекарасын құрметтеу, зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары мен тиімді тәрбиелік тәсілдер жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.

Ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды. Іс-шара өз мақсатына жетіп, ата-аналар үшін маңызды әрі пайдалы кездесу болды.

пос4

https://www.instagram.com/p/DWoPfrBiHSX/?igsh=MXE4cDF4cTYzeGRhaA==

1
Сәуір
2026

30.03.2025 ж, мектебімізде «Жанұя жылуы» жобасы аясында ата-аналарға арналған «Отбасылық ресурстар» тақырыбында тренинг сабағы өтті. Шараның басты мақсаты — отбасының ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін анықтау, ата-аналардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыру және өзара қолдау дағдыларын нығайту.
Тренингке 25 ата-ана қатысты. 55 минутқа созылған сабақ барысында қатысушылар пікірталас, топтық жұмыс және түрлі практикалық жаттығуларға белсене араласты.
Ата-аналар «Ата-ана ретіндегі өзім жайлы 3 сөз» жаттығуы арқылы танысып, тренингтің мақсат-міндеттерімен танысты. Негізгі бөлімде «Отбасы ресурстары дегеніміз не?» атты мини-лекция тыңдалып, «Менің ресурс дөңгелегім» жаттығуы арқылы жеке және отбасылық ресурстар көзін анықтады. Сондай-ақ, топтық жұмыс барысында отбасының қолдау жүйесі ретіндегі рөлі талқыланып, «Ресурс-карточкалар» жаттығуы арқылы отбасы үшін маңызды 5 негізгі ресурс таңдалды.
Тренинг соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дайын екендіктерін білдірді. Ата-аналар мұндай шаралардың отбасылық қарым-қатынасты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Тренинг соңында ата-аналарға «Ресурс жинаудың 3 қарапайым жолы» атты жадынама таратылды.

https://www.instagram.com/reel/DWjIFa8CI9f/?igsh=MWtydXIwZXJoa3VnbA==

4
Ақпан
2026

2026 жылғы 2 ақпанда мектебімізде
«Құқықбұзушылықтың алдын-алуда мектеп пен отбасының өзара байланысы»
тақырыбында мазмұнды әрі маңызды ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа ауданымыздың әр саладан келген білікті мамандары қатысып, ата-аналармен ашық әрі пайдалы әңгіме өрбітті:
Аязбаева Дана Қайратқызы – Шарбақты ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы, Дулатов Қуат Дулатұлы – аудандық орталықтандырылған аурухана бас дәрігердің орынбасары, Қасымханова Толғанай Жасқайратқызы – дәрігер инфекционист, Тыныбек Бағдан Саматқызы – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілі.
Кездесу барысында бала тәрбиесі, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды:
✔️ Ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығы, баланы бірлесе қолдау
✔️ Балалардың үйде, мектепте және көшеде қауіпсіздігін қамтамасыз ету
✔️ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік
✔️ Түнгі уақытта балалардың заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу, ата-аналардың жауапкершілігі
✔️ Компьютерлік ойындар мен әлеуметтік желілерге тәуелділіктің алдын алу, ата-аналық бақылау
✔️ Киберқауіпсіздік: интернет-алаяқтықтан сақтану, балаларды онлайн қауіптен қорғау
✔️ Ерте жүктіліктің алдын алу
✔️ Вакцинацияның маңызы
✔️ Баланың өмір қауіпсіздігі: аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингтің алдын алу
✔️ Психологиялық қолдаудың маңыздылығы
✔️ Оқушыларды қосымша біліммен, үйірмелермен және секциялармен қамту. Бұл кездесу — ата-ана мен мектептің бір мақсатта, бір бағытта әрекет еткенде ғана баланың жарқын болашағын қалыптастыра алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бала қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік!

https://www.instagram.com/reel/DUTEHOCiF_i/?igsh=bTQzN3U5bmlvMXFr

© 2026. Все права защищены.