ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
4
Қараша
2024

Психолог пен психиатр дегеніміз бір адам. Бұл - жалған сөз!!!

Шын мәнінде: Психиатр-дәрігер – ол есі ауысқан адамдарды (мысалы, шизофрения) емдеумен айналысатын маман. Сауықтыру барысында дәрілермен емдеу әдісін қолданады»
Психолог – өмірдің әр түрлі қиындықтарына (оқуда, отбасында, қарым-қатынаста, өмірлік жол таңдауда, өзін-өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және т.б.) тап болған ДЕНІ САУ адамдарға кеңес беруші маман. ПСИХОЛОГ – ДӘРІГЕР ЕМЕС, ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ ДА БІР МӘЛІМЕТ БЕРМЕЙДІ ӘРІ ОЛ ЕМДЕМЕЙДІ.
Шын мәнінде: Психологқа өмірінен өзгеріс күтетін және дұрыс жол таңдау үшін келеді. Өміріңде қиындықтар туындағанда психолог әр кезде де жаныңнан табылуға дайын адам. Бұл адам кәсіби ақпараттарға ие, бірақ өмірде туындаған барлық сауалдарға жауабы жоқ, өйткені әр адам жеке бір тұлға. Сондықтан психолог тек қана бағыт-бағдар беруші, көмектесуші, ал соңғы шешімді өзің ғана қабылдайсың.
Шын мәнінде: Психологтың жұмысындағы негізгі ереже – ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ. Ешкім де сіздің келісіміңсіз психологқа қандай мәселемен жүгінгеніңізді, сөйлескен әңгімелеріңізді, тіптен психологтан көмек сұрағаныңызды білмейді. Мектепте өткізілетін психологиялық тестілеу қорытындысын тек қана психолог біледі. Сынып жетекшісіне тек қана жалпылама түрдегі мәліметтер (мысалы: топ оқушыларының 70%-ы тестті жоғары көрсеткіштермен орындады, 30%-ы орташа және т.б.) ұсынылады.

Топтағы қарым-қатынас. Кейбір адамдар бөтен адамдармен, тіпті басқа бейтаныс топтармен байланысқа түсіп, емін-еркін араласып кетеді. Керісінше кеибіреулер басқа адамдармен қарым-қатынасқа түскенде қиындықтарға тап болып жатады, ал достарды тапқаннан кейін ғана өзін топта немесе сыныпта емін-еркін сезінеді. Психологтың көмегімен кез келген жағдайда үйлесімді қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін меңгеріп, оның жолдарын табуға болады.
Ата-аналармен өзара қарым-қатынас. Кейбір уақытта біз өзімізге ең жақын адамдармен – ата-аналармен ортақ тіл табуды, жылы қарым-қатынасты жоғалтып алып жатамыз. Жанжалдар, түсіністіктің болмауы – балаларға да, ата-аналарға да әдетте ауыр тиеді. Кейбіреулері оның шешімін тауып жатса, басқаларына мұны жасау қиындыққа соғады. Психолог ата-аналар мен балалр арасында жаңадан қарым-қатынас құруға, оларды бірін бірі түсінуге шақырып, бір-бірін дұрыс қабылдауға шешім табатын жолдарды айтады.
Өмірлік жолды таңдау. Көбі өзінің болашақ мамандығы мен өздерінің өмір бойы қалай өмір сүретіндіктері туралы ойланады.  Егер де сіз қандай жолмен жүруге сенімсіздік пайда болса, онда сіз әрқашан психологқа жүгінуіңізге болады. Ол сізге өз арманыңызды, мақсатыңызды сезінуге, өз қасиеттеріңізді бағалауға және өмірдің қандай да болмасын саласында осы армандарыңызды іске асыруға, оны түсінуге көмектеседі. 
Өзін-өзі басқару және дамыту. Біздің өміріміз әрқилы әрі қызықты болғандықтан үнемі біз алдымызға бірнеше тапсырмалар қоямыз. Оның көбісі жеке қасиеттер мен дағдыларды, іскерліктерді дамытуға күш пен жігерді талап етеді. Өз өміріңе қожайын болуға үйренуге болады, ол үшін алдыңа дұрыс мақсат қойып оған жете білу қажет.

Психолог дегеніміз – даму технологиясы мен сапаға, дағдылар мен іскерлікке ие және оны басқалармен бөлісетін адам.
Психолог қызметінің мақсаты:
Балаларды оқу үрдісінде, тәрбиелеу мен дамытуда  консультатциялық және  ақпараттық психологиялық көмек көрсету

Дегенмен психолог тек қана бағыт-бағдар беруші, көмектесуші, сіздің жанал соңғы шешімді өзің ғана қабылдайсың.

Жұмыс бағыттары:

  • Психологиялық диагностика
  • Психологиялық коррекция (жеке және топтық дамытушылық жаттығулар)
  • Психологтің кеңес беруі
  • Психологиялық алдын алу (психолог – педагогтің іс-әрекеті оқушының психологиялық денсаулығын сақтауға, бекітуге және дамытуға бағытталған)
  • Психологиялық ағартушылық (жұмыс формасы: лекция, әңгімелесу, керек әдебиеттер жинағы және т.б)

 

Кабинеттің жұмыс кестесі
Жұмыс күні - 09.00 - 18.00.
Үзіліс–14.00-15.30.
Сәрсенбі - әдістемелік күн.
 
Педагог-психолог – Смайлова Аймереке Сматқызы
Э/мекенжай: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Ұ/телефоны: +77773813941;

4
Қараша
2024

Ата-аналар үшін маңызды.

Ашуланғанда қатарласын түйіп қалатын, ата-ананың сөзін соңына дейін тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалатын, үлкендерге айқайлап жауап беретін балалар бар. Бұл агрессияға жата ма? Агрессияның алдын алудың жолдары қандай?                      

ПСИХОЛОГТАР НЕ ДЕЙДІ?

Ашу, ашулану – эмоциялық сезімнің бір түрі. Мысалы, қуанғанда бала дауыстап күледі, алақайлап секіреді, жүгіреді. Дәл сол сияқты ашуланғанда да бала эмоциясын әртүрлі әрекетпен көрсетеді. Бұл қалыпты. Бірақ ата-ана балаға ашуды қалай сыртқа шығаруды, ашу қысқанда өзін-өзі қалай ұстау керектігін үйретуі керек. Жалпы кез келген эмоцияны қалай «қорыту» керектігін бала білуі тиіс. Әрине, бұл жерде тәрбие үлкен рөл ойнайды.

«Тәрбие басы – талбесік» деп бекерге айтылмаған. Балаға кішкентай кезінен-ақ ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айтып ұқтырып отыру қажет-ақ. Өйткені агрессивті бала бірден пайда болмайды.

Агрессия біртіндеп қалыптасады. Агрессияның алғашқы белгілері баланың ойыншықтарын сындыруынан, өзі қатарлы басқа баланы (аулада, балабақшада, үйге қонақтар келгенде т.б.) тістеп, тырнап алуынан басталады. Бұндай кезде кейбір ата-аналар «Мінезді бала ғой», «Өскенде ешкімге есесін жібермейді» деп мәз болады.

Әрине, бұл дұрыс емес. Өйткені кішкентай баланың мінез-құлқындағы бұндай әрекеттер ашуланғанда өзінен үлкен адамға былапыт сөз айтып айқайлайтын, өзгенің жағасына жармаса кететін, заттарды қиратып эмоциясын шығаратын агрессивті адамның өсуіне себеп болады.

Тәрбие арқылы ғана агрессияның алдын алуға болады.

Бірақ баланың агрессивті боп өсуіне тек тәрбие әсер етпейді, психологиялық, отбасылық, әлеуметтік және басқа да факторлардың әсері болады. Бұл аталған факторлар баланың мінез-құлқына, айналасындағы әлеммен эмоциональды қарым-қатынасының бұзылуына әсерін тигізбей қоймайды. Әрине, бірден емес, ол біртіндеп әсер етіп, балада агрессияны дамытады.

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

1) Балаға жастайынан өз ойын, қалауын ашып айтуды үйрету керек. Өйткені кішкентай бала ішіндегісін айта алмағанда, қалауын жеткізе алмағанда онысы бірте-бірте агрессияға айналады. Ата-ана белгілі бір жағдайларда «болмайды» деп бір ауыз сөзбен шектелмей, неге болмайтынын түсіндіріп отыруы қажет. Сонымен қатар, баланың ренішін, көңіл күйінің болмай тұрғанын немесе қуанышын байқағанда себебін сұраған жөн. Өйткені үлкендердің баланың эмоциясын елемеуі де агрессияны тудырушы себептің бірі.

2) Ата-ана отбасындағы атмосфераның жайлы болуын қамтамасыз етуі керек. Ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы қандай? Олар балалар көзінше жиі ұрыса ма? Әкесі ашуланғанда үстелді тоқпақтай ма? «Агрессия агрессияны тудырады» деген сөзді әр ата-ана білгені дұрыс. Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы балалардың мінез-құлқына әсер ететінін және олар ата-анасынан көргенін қайталайтынын есте ұстаған абзал. Баланың мінезі, тәрбиесі өзгеріп бара жатса, ең алдымен ата-ана оны өз іс-әрекетінен іздеп көрсін.

3) Отбасында ата-ананың «Баламен сағат» деген белгілі бір уақыты болуы маңызды. Мысалы, кешкі астан соң баламен бірге бір сағат үй тапсырмасын орындау, ертегі оқу, әңгімелесу. Немесе аптасына бір рет демалыс күнді балаға арнау, онымен бірге түрлі ойындар ойнау. Бала ата-анасымен бірге уақыт өткізгенде көңілді, ұстамды, мейірімді, салмақты боп, бойындағы агрессия «емделеді». Ал ата-анасының назарынан, махаббатынан тыс қалған сайын балада агрессиялық мінез-құлық, қырсықтық, қыңырлық өрши түседі.

4) Тәрбиелеу стиліңізді өзгертіңіз. Тым қаталдық, қатаң жазалармен қорқыту және тым еркелету, айтқанын орындай беру де баланың агрессиясын тудырады. Сондықтан тәрбиеде қаталдық пен жұмсақтықтың таразы басы тең болғанын қадағалаңыз. Сондай-ақ әкесі тәртіпсіздігі үшін баласына ұрысқанда шешесі перзентінің сөзін сөйлеп жақтауы да дұрыс еместігін есте ұстаңыз. Бұл баланың психикасына кері әсерін тигізеді.

5) Баланың агрессиясын ауыздықтауға тәрбиелік әдіс-тәсілдеріңіздің күші жетпей жатса, арнайы маманға апарыңыз. Психологпен немесе психотерапевтпен психокоррекциялық жұмыстар жүргізу қажет.

22
Қазан
2024

Орта буын оқушыларына арналған психологиялық сабақтың өткізілуі жөнінде мәлімет.

Балаларды адамдардың мейірімді істерін тани білуге, мейірімділік пен қатыгездікті ажырата білуге үйрету. Балалардың «мейірімділік», «қатыгездік» сөздеріне түсініктерін қалыптастыру, мейірімділікке, рақымдылыққа тәрбиелеу мақсатында 2024 жылы 8-қазанда мектепте орта буын оқушыларымен «Мейірімділік пен қатігездік» тақырыбында психологиялық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар «Мейірімділік пен қатігездік» туралы түсініктерін кеңейтіп «Мына өмірде мейірімділік көп пе, әлде қатігездік көп пе?» деп сұраққа өз пікірлерін білдіріп, екі опқа бөлінді. Қатігездік көп дегендер, өз позицияларын, мейірімділік көп дегендері өз позицияларын қорғады.

Оқушылар қатыгездік пен өшпенділіктің неден туындайтыны туралы психолог әңгімесін тыңдап, қатігез болмау үшін жүректі қалай тазалап отыру туралы кеңестерін тыңдады. Сабақ соңында постер салды, қағаз ортасына жүрек салып, позитивті жүректен шығатын жағымды қасиеттерді жазды.

Сонымен қатар, өмірде позитивті болып жүрудің маңыздылығын түсінді. Барлығы өмірде қатігездікке қарағанда мейірімділіктің көбірек екендігін мойындап, позитивті ойда болды. Қатігез іс- әрекеттердіңдің аз болса да «салмағының» ауыр екендігін түсінді.

Аймереке7

22
Қазан
2024

Өткізілген күні: 10.10.2024ж

Мақсаты: оқушылардың буллингке байланысты түсініктерін кеңейте отырып, кез-келген қатігездіктен бойларын аулақ ұстауға шақыру. Мәселелерді дұрыс шешуге дағдыландыру.

«Буллинг немесе қатігездік әрекеттер кімге қажет, оны болдырмаудың жолдары қандай?» тақырыбында 10-сынып оқушыларына психологиялық сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды буллингке байланысты түсініктерін кеңейте отырып, кез-келген қатігездіктен бойларын аулақ ұстауға шақыру. Кикілжің жағдайлардың булингтен айырмашылығын түсіндіріп, мәселелерді эмоционалдық интеллект деңгейінде шешуге үйрету. Сол үшін әр адамның бойынан табылатын ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттерді: бір-біріне деген құрмет, позитивті ерік, өзін-өзі басқару, жауапкершілік, шығармашылық, адалдық, шешім шығара білуді дамыту маңыздылығын түсіндіру. «Ашу- дұшпан, ақыл-дос» қағидасын ұстануға шақыру.

Оқушылар сабақ барысында «Буллинг, кибербулинг деген не, алдын алу» слайдтары арқылы ақпарат алды. Буллинг пен кикілжің (конфликт) жағдайларының айырмасын білді. Жағдаяттық тапсырмаларды талдады.

Сабақ соңында сауалнаманың жалпы нәтижелерімен танысып, сұрақтарды талқылады. Сабақ «Көзқарас» тренингімен аяқталды.

 аймереке8 копия

17
Қазан
2024

«Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын-алу. Бірлесіп қарсы тұрайық»

Семинар мақсаты: сынып жетекшілеріне буллингтің алдын-алу бойынша іс-шаралардың тиімді жолдарымен  таныстыру және буллингтің алдын-алу стратегияларын меңгеруге ықпал ету.

Міндеттері:

  1. Мектепте буллингтің алдын-алу «ДосболLike»  бағдарламасын еске түсіре отырып, жандандыру;
  2. Мектепте буллингтің алдын-алуға байланысты команданың мүшелерімен таныстыру.
  3. Буллингтің алдын-алу бойынша 2024-2025 оқу жылына белгіленген  іс-шаралардың тиімділігін арттыру

 Әдістері: проблемалық жобалау, көрнекі аудио-бейне сүйемелдеуді пайдалану, оқытудың интерактивті әдістерін қолдану, тренинг элементтерін қолдану  

         Жоспар

  1. «Мен қандай адаммын». Әрбір сынып жетекшісі ақ параққа өзінің ерекшеліктері туралы жазып, автопортретін жасайды. Ата-жөнін жазады. Психолог жинап алады. Ортаға шығып оқиды. Басқалары кім екендігін анықтау қажет
  2. Семинардың мақсат, міндеттерімен таныстыру. «АДАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ ҰЛТТЫҚ ИНСТИТУТЫ» ұсынған слайд-презентация негізінде «БУЛЛИНГ  ЖӘНЕ  КИБЕРБУЛЛИНГ: АЛДЫН  АЛУ  ӘДІСТЕРІ  МЕН КҮРЕСУ  ЖОЛДАРЫ» тақырыбы бойынша интерактивті дәріс
  3. «Бала көңілі» бейнеролигін көру. Өз пікірлерін айту. Қорытынды жасау
  4. Тәжірибелік бөлім. 3 топқа бөліну. «Жәбірлеуші» (агрессор), «Жәбірленуші» (құрбан), «Бақылаушы» позицияларын талдау. Топтарға әр позиция бойынша таратпа қағаздар таратылады, онда сол позиция өкілдеріне кеңестік-ескерпелер жазылған. Әр топ сол позициялар туралы айтып, постер жасайды.
  5. «Буллинг» әлде «Конфликт». Әр түрлі кейстер ұсынылады. Әр топ әр жағдайлар бойынша буллинг пе, әлде конфликт пе ажыратып айтып берулері керек
  6. «Оқушылар арасында буллингтің орын алу жағдайы» сауалнаманың қорытындысы бойынша жасалған анализбен таныстыру

Қолданылатын кейстер:

1-кейс. Арман үй тапсырмасын көшіру үшін рұқсатсыз Дауреннің дәптерін алды. Дәурен ашуланып, Арманды ренжіте бастады. Төбелес басталып, екеуі де үйлеріне бет-ауызы көгеріп барды. Келесі күні Арман мен Даурен бір-біріне ренжіп, сөйлеспеді. Тағы бір күннен кейін олар татуласып, бұрынғыдай сөйлесе бастады.

2-кейс. Орта мектеп оқушысы Қанат екінші сыныптың оқушысы Дидардан ақша алды. Қанат мектеп қақпасының сыртында камера жоқ жерде Дидарды күтіп, бұтаның түбіне итеріп жіберіп, қорқытып, ақша талап етті. Екінші сынып оқушысы ата-анасына бұл шабуыл жөнінде айтудан қорықты, ақша жоғалттым деп өтірік айтты. Бұдан былай Қанат мен Дидар көріскен емес.

3-кейс. Карима Мадина деген сыныптасын ұнатпайды, сондықтан ол таныстарын Мадинаның өмірін бұзуға көндірді. Карима көпшілікке арналған телеграм-арнасын құрды, онда сыныптастары сыртқы келбетін, мінез-құлқын, хоббиін және отбасын сынайды. Мадина қасында болған кезде де дауыстап қайталайды. Сонымен қатар, сыныптастары спорттық киім ауыстыратын бөлмеде оның киімдерін жасырды және асханадағы түске аста тамақ салынған табағын айналдырып жіберіп әзілдеген болды. Мұндай жағдай бес айға созылады, Мадина мектепке барудан бас тартады.

Жауаптар:

1-кейс. Бір реттік төбелес. Мысалдағы жағдай буллинг емес, өйткені қақтығыстың нақты себебі болды және ол тез аяқталды. Қақтығыста күштер тең деп айтуға болады. Егер тіпті бір тарап екінші тараптың біршама күшті екенін сезсе де, ол қолдау тауып, өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Егер де бір бала екінші (немесе бүкіл сыныпқа) қарсы тұра алмаса, онда ол қорлау.

2-кейс. Эпизодтық шабуыл бұл жағдайды қорқыту деп те атауға болмайды, өйткені жүйелілік жоқ. Қанат ақшаны жалғыз өзі  бір рет және де жасырын түрде алып кетті. Сондай-ақ, орта мектеп оқушысының ақшаны алу мақсаты болғаны маңызды. Қорқытушы (буллер) үшін мақсат емес, процесс маңызды.

3-кейс. Сыныптас қыздар арасында ойластырылған қастандық бар және бұл жағдай – нағыз буллинг, өйткені бұл жүйелі түрде бірнеше айға созылған. Бұл жәбірлеушілердің материалдық мақсаттары жоқ. Олар бұл процестен ләззат алады

Изображение WhatsApp 2024 10 17 в 18.56.14 d53c59f7

Семинар өткізілуі жөнінде мектеп инстаграмына сілтеме https://www.instagram.com/p/DAq7OajtB4E/?igsh=b3p1a29wamVnZjk=

17
Қазан
2024

  1. Тоқта және ойлан: өз әрекеттерің мен басқаларға тигізетін зардабың туралы түйсінуге тырыс.
  2. Көмек сұра: жағдайды түсіну үшін мұғаліммен, ата-анаңмен немесе сенетін ересек адаммен сөйлес.
  3. Кешірім сұра және түзел: егер сен біреуді ренжіткен болсаң, кешірім сұра және мінез-құлқыңызды жақсы жаққа өзгертуге тырыс.
  4. Өз эмоцияларыңды таны және басқаруды үйрен: осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін эмоцияларыңды және мінез-құлқыңды қалай басқаруға болатындығы туралы білуге тырыс.
  5. Шешім қабылда: осы секілді оқиғаны болдырмас үшін, өзіңді қоршаған ортаға позитивті өзгерістерді енгізуге тырыс.

 

17
Қазан
2024

  1. Өзіңді жоғалтпа! Басында агрессорға мүлдем көңіл аудармауға тырыс. Бұл әрекет агрессор сенің буллингке/жәбірлеудің құрбаны болуға бейім екеніңді тексеру кезінде іске асады. Егер агрессор әрекет жасап, саған фмзикалық тұрғыда күш қолданса бұл әдіс іске аспайды.
  2. Мүмкін болса, агрессордан аулақ жүруге тырыс. Агрессор әдетте саған шабуыл жасайтын, адамдар аз жүретін орындармен жүрмеуге тырыс. Ересек адамдарға, әсіресе сенімді адамдарға, мұғалімдерге жақын бол. Ересек адамдардың болуы агрессорды тоқтата алады. Егер жәбірлеу/буллинг мектепке барар жолда болса, онда мектепке баратын және үйіңе қайтатын кезде басқа жолды таңда.
  3. Өзіңе ұнамайтын нәрсе туралы айт! Агрессорға «Тоқта», «Доғар», «Стоп» деген нақты сөздерді қолданып, оның әрекетінің саған ұнамайтынын жеткіз.
  4. Екінші бір адамға сенің жәбірлеп жатқаны туралы ескерт, дабыл қақ. Бұл туралы өзің сенім білдіретін мұғаліміңе, ата-анаңа, мектеп директорына немесе Буллингке қарсы топ мүшесіне ескерт.
  5. Сенім білдір. Есіңде сақта, буллинг – сенің кінәң емес. Көмек пен қолдауға жүгінуден қорықпа.
17
Қазан
2024

Мәселенің бар екенін мойында. Егер сен біреудің үнемі ренжігенін байқасаң, онда бәрі өздігінен шешіледі деп күтуге болмайды. Мәселені мүмкіндігінше тезірек шешуді бастау маңызды.

  1. Өзің сенетін ересек адамға оқиға туралы баянда: ата-анаң, сынып жетекшіңе, мұғалімдеріңнің біріне немесе мектеп психологіне жүгін. Егер сен оларға жүгінуге қысылсаң, онда сен оқиға туралы хат жазып, хатты сенім жәшігіне сал.
  2. Егер сен біреудің ренжіткенін көрсең, кедергі болуға тырыс. Жәбірлеу/буллинг жағдайында сен өзіңе қауіп төндірмеуің керек, бірақ егер сен жәбірлеу/буллинг жағдайына куә болсаң, онда дереу кедергі жасап, оқиғаны тоқтату маңызды. Егер сен мұны өзің жасай алмайтыныңды білсең немесе сезсең – айналаңдағы ересектердің көмегіне жүгінуің керек.
  3. Агрессорға жәбірлеудің/буллингтің жаман әрекет екенін және се оны қолдамайтыныңды түсіндір. Жәбірлеу/буллинг – бұл басқа адамның қадір-қасиетін төмендету мақсатында адам құқықтарының бұзылуы екендігін ескерту жеткілікті. Бұл үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
  4. Буллинг құрбанына қолдау көрсет. Сыныпта болып жатқан жәбірлеу/буллинг оқиғаларына қарсы екеніңді көрсет әрі қолдамайтыныңды түсіндір.
  5. Басқаларға үлгі бол. Қазір сенің сыныбыңда мәселелер болуы мүмкін. Мысалы, балалар бір-бірімен дос болғысы әрі араласқысы келеді, бірақ оны қалай дұрыс жасау керектігін білмейді. Біреу екінші бір адамды ренжітіп көңіл көтеруге, өздері ұнатпайтын балаға қарсы бірігуді шығарған. Өзіңнің әрекетіңмен дос болу, қарым-қатынасқа түсу, жай ғана білім алу күн сайын агрессия мен жағымсыз эмоцияларға ұшырауға қарағанда әлдеқайда жақсы екенін көрсет. Ал оны тек бір-біріңе құрметпен қараған жағдайда ғана көрсете аласың.
© 2024. Все права защищены.