ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

 

       Психогигиенаны сақтамау психикалық бұзылыстарға (психическое расстройство) әкеледі. Тұлғалық дамуға, өмірден өз орныңды табуға кері әсерін тигізеді. Қарым-қатынастарда қиындық пен кедергілер пайда болады. Психогигиена дегеніміз – бойды улы ойлардан аулақ ұстау. Жағымды эмоцияны өзің туындатып, сезініп, бақылап, реттей алу. Біз көбінесе жақсы сезімді бізге басқалардың сыйлағанын күтеміз. Осы сырттан күтетін жағымды эмоциялар мен сезімдерді өзіміз жандандыруды, жаңартуды, байытуды және шығаруды ойламаймыз. Әрине оны балалық шақта қалыптастырса, сол кезден бастап отбасында психогигиена ұстанса,  онда психикалық бұзылыстардың көпшілігінің алдын алуға болар еді. Сондықтан балаға отбасында эмоциялық қолдау, түсіну, көмек көрсету аса маңызды. Психологиялық саулық - адамның өз потенциалын жүзеге асыра алуы. Өмірлік жағдайларда, стрестерге қарсы тұра алу қабілеті. Нәтижеге бағытталған әрекеті. Тұрақтылық. Өз «менін» ұғыну. Өзіне және өз психикалық әрекеттерінің нәтижелеріне сыни көзқараспен қарай алу. Жағдайлардың ықпалына төтеп бере алу. Өмірін жоспарлап, мақсаттарына жетуде іс-әрекетін басқара алу қабілеті. Өмірдің түрлі жағдайларына сәйкес әрекеттерін, мінез-құлқын басқарып, өзгерте алуы. Психикалық сау, ішкі бағдары дұрыс жандар өмірге ғашық болады. Өзін жақсы таниды. Өмірді тек ақылмен ғана емес, сезіммен, интуициямен басқара алады. Өз құндылықтарын біледі. Өзгенің де ерекшеліктерін құрметтейді. Эмоциялық, физикалық, ақыл ой және психикалық үйлесімде жайлы өмір сүреді. Ескеретін жайт, өмірдің барлық жағдайында психикалық саулықты сақтай алатын абсолют адам жоқ. Алайда оны өз ішкі тұсбағдары ретінде қалыптастыруға болады. Ішкі тұсбағдарға ие болу дағдысы қалыптасқан адам өзіне де, өзгеге де экологиялық жолмен келісімде тұлғалық дамуға қол жеткізе алады. Ресурсты қалпын сақтай алады.

Психологиялық жағынан толықтай сау деп қандай әйелді айта аламыз?

      Жалпы, психологиялық саулық - бұл адамның өз потенциалын жүзеге асыру, өмірлік ситуацияларды шеше алу қабілеті болуы және қоғамға пайдалы әрекеттер жасай алуы. Психикалық сау әйел - өзін-өзі танитын, жан дүниесін түсінетін, өз қажеттіліктері мен қалауларын білетін, өзіне қамқорлық жасай алатын өз өміріне жауапты тұлға. Яғни, өміріне қауіп төндіретін, ішкі қайшылықтар мен сыртқы кедергілерден арылуға әрекет жасайтын ішкі тірегі орныққан ересек жан. Мұндай әйел - саналы ана, салиқалы жар болуға қол жеткізе алады.

 

 Соңғы кездері психологтар адамның жеке шекарасы туралы жиі айтып жүр. Біздің қоғамда бұл нәрсе жиі бұзылады. Жалпы жеке шекараны қалай қорғау қажет? 

        Жеке шекара жайлы біліп қана қою аздық етеді. Өз шекараңды сақтау, қорғау және нығайту керек. Жеке шекара қазақы психологияда бар, қатаң сақталатын, құрметпен қарайтын дүние еді. Бала дүниеге келгеннен оған ерекше есім қоюдан бастап, әбден тұлға ретінде қалыптасып кеткенше ата-ана, орта тарапынан жан-жақты қолдау болған. Адам өзінің жеке дара тұлға екенін сезініп, табиғаттағы, өмірдегі орнын және шекарасын айқын сезінген. Баланың жас ерекшелігіне байланысты қойылатын шектеулер мен берілетін мүмкіндіктер, отбасылық өмірдегі, туыстық қанынастардағы белгілі нормалар - шекараларды сақтауға көмектескен. Кейін, түрлі тарихи жағдайлар, геноцидтік бағдарламалар нәтижесінде қазақ түсінігінде көптеген маңызды ұғымдар жойылды. Соның ішінде жеке шекара ұғымы да бар. Түп-тамырынан, салт-дәстүрінен, ұлттық дүниетанымынан алыстаған кезде, адамдар дұрыс бағдардан айырылып қалды. Енді көпшілік мұнымен жаңа ұғым сияқты қайта танысып жатыр және жатырқай қабылдайтындар да бар. Жеке шекара адамдарға өзгенің сезімдері, эмоциясын емес, өзінің қалаулары, қажеттіліктері, құлшыныстарына мән беруді қамтамасыз етеді. Мұны Көпшілік түсінігіндегі эгоизммен шатастырудың қажеті жоқ. Керісінше, жеке шекарасы берік адамда сау эгоизм болады және ол басқалардың да шекарасын құрметтей біледі. Ішкі шекараны анықтаудың жолы - қандай эмоциялар бізге қатысты, қайсысы келмейді дегенді білу. Жеке шекараңыздың сау, адекватты екендігінің белгісі - сіз өзіңізді өмірде жайлы, еркін сезінесіз. Мақсатқа жетуді, өмір сүруді арпалыс деп қарамайсыз. Жеке шекарасы бар адам – өзін жеке тұлға деп сезінеді, өз қажеттіліктері мен құндылықтарын біледі, өзгелердікін де сыйлайды, қоршаған ортамен әрекеттесе алады. Өз өмірін бақылауда ұстап, дұрыс талдау жасай алады.

© 2024. Все права защищены.