ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
16
Қазан
2024

 

       Психогигиенаны сақтамау психикалық бұзылыстарға (психическое расстройство) әкеледі. Тұлғалық дамуға, өмірден өз орныңды табуға кері әсерін тигізеді. Қарым-қатынастарда қиындық пен кедергілер пайда болады. Психогигиена дегеніміз – бойды улы ойлардан аулақ ұстау. Жағымды эмоцияны өзің туындатып, сезініп, бақылап, реттей алу. Біз көбінесе жақсы сезімді бізге басқалардың сыйлағанын күтеміз. Осы сырттан күтетін жағымды эмоциялар мен сезімдерді өзіміз жандандыруды, жаңартуды, байытуды және шығаруды ойламаймыз. Әрине оны балалық шақта қалыптастырса, сол кезден бастап отбасында психогигиена ұстанса,  онда психикалық бұзылыстардың көпшілігінің алдын алуға болар еді. Сондықтан балаға отбасында эмоциялық қолдау, түсіну, көмек көрсету аса маңызды. Психологиялық саулық - адамның өз потенциалын жүзеге асыра алуы. Өмірлік жағдайларда, стрестерге қарсы тұра алу қабілеті. Нәтижеге бағытталған әрекеті. Тұрақтылық. Өз «менін» ұғыну. Өзіне және өз психикалық әрекеттерінің нәтижелеріне сыни көзқараспен қарай алу. Жағдайлардың ықпалына төтеп бере алу. Өмірін жоспарлап, мақсаттарына жетуде іс-әрекетін басқара алу қабілеті. Өмірдің түрлі жағдайларына сәйкес әрекеттерін, мінез-құлқын басқарып, өзгерте алуы. Психикалық сау, ішкі бағдары дұрыс жандар өмірге ғашық болады. Өзін жақсы таниды. Өмірді тек ақылмен ғана емес, сезіммен, интуициямен басқара алады. Өз құндылықтарын біледі. Өзгенің де ерекшеліктерін құрметтейді. Эмоциялық, физикалық, ақыл ой және психикалық үйлесімде жайлы өмір сүреді. Ескеретін жайт, өмірдің барлық жағдайында психикалық саулықты сақтай алатын абсолют адам жоқ. Алайда оны өз ішкі тұсбағдары ретінде қалыптастыруға болады. Ішкі тұсбағдарға ие болу дағдысы қалыптасқан адам өзіне де, өзгеге де экологиялық жолмен келісімде тұлғалық дамуға қол жеткізе алады. Ресурсты қалпын сақтай алады.

Психологиялық жағынан толықтай сау деп қандай әйелді айта аламыз?

      Жалпы, психологиялық саулық - бұл адамның өз потенциалын жүзеге асыру, өмірлік ситуацияларды шеше алу қабілеті болуы және қоғамға пайдалы әрекеттер жасай алуы. Психикалық сау әйел - өзін-өзі танитын, жан дүниесін түсінетін, өз қажеттіліктері мен қалауларын білетін, өзіне қамқорлық жасай алатын өз өміріне жауапты тұлға. Яғни, өміріне қауіп төндіретін, ішкі қайшылықтар мен сыртқы кедергілерден арылуға әрекет жасайтын ішкі тірегі орныққан ересек жан. Мұндай әйел - саналы ана, салиқалы жар болуға қол жеткізе алады.

 

 Соңғы кездері психологтар адамның жеке шекарасы туралы жиі айтып жүр. Біздің қоғамда бұл нәрсе жиі бұзылады. Жалпы жеке шекараны қалай қорғау қажет? 

        Жеке шекара жайлы біліп қана қою аздық етеді. Өз шекараңды сақтау, қорғау және нығайту керек. Жеке шекара қазақы психологияда бар, қатаң сақталатын, құрметпен қарайтын дүние еді. Бала дүниеге келгеннен оған ерекше есім қоюдан бастап, әбден тұлға ретінде қалыптасып кеткенше ата-ана, орта тарапынан жан-жақты қолдау болған. Адам өзінің жеке дара тұлға екенін сезініп, табиғаттағы, өмірдегі орнын және шекарасын айқын сезінген. Баланың жас ерекшелігіне байланысты қойылатын шектеулер мен берілетін мүмкіндіктер, отбасылық өмірдегі, туыстық қанынастардағы белгілі нормалар - шекараларды сақтауға көмектескен. Кейін, түрлі тарихи жағдайлар, геноцидтік бағдарламалар нәтижесінде қазақ түсінігінде көптеген маңызды ұғымдар жойылды. Соның ішінде жеке шекара ұғымы да бар. Түп-тамырынан, салт-дәстүрінен, ұлттық дүниетанымынан алыстаған кезде, адамдар дұрыс бағдардан айырылып қалды. Енді көпшілік мұнымен жаңа ұғым сияқты қайта танысып жатыр және жатырқай қабылдайтындар да бар. Жеке шекара адамдарға өзгенің сезімдері, эмоциясын емес, өзінің қалаулары, қажеттіліктері, құлшыныстарына мән беруді қамтамасыз етеді. Мұны Көпшілік түсінігіндегі эгоизммен шатастырудың қажеті жоқ. Керісінше, жеке шекарасы берік адамда сау эгоизм болады және ол басқалардың да шекарасын құрметтей біледі. Ішкі шекараны анықтаудың жолы - қандай эмоциялар бізге қатысты, қайсысы келмейді дегенді білу. Жеке шекараңыздың сау, адекватты екендігінің белгісі - сіз өзіңізді өмірде жайлы, еркін сезінесіз. Мақсатқа жетуді, өмір сүруді арпалыс деп қарамайсыз. Жеке шекарасы бар адам – өзін жеке тұлға деп сезінеді, өз қажеттіліктері мен құндылықтарын біледі, өзгелердікін де сыйлайды, қоршаған ортамен әрекеттесе алады. Өз өмірін бақылауда ұстап, дұрыс талдау жасай алады.

16
Қазан
2024

  • Қалыпты физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтану – жүрек пен қантамырларының саулығының, күшті жүйке жүйесінің және мықты иммунитеттің кепілі.
  • Кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау – дененің тез қалпына келуіне және стрестік жағдайларға төзімді болуға көмектеседі.
  • Хобби немесе сүйікті ісіңізбен айналысу – организмнің «қуаныш гормонын» бөлуіне әсер етеді.
  • Қызықты және позитивті адамдармен араласу оң энергиямен қуаттап, жалпы денсаулыққа жағымды әсер етеді.
  • Ішіңдегіні айта білу – ішіңдегіні түгел айтып жеткізбеу, жағымсыз эмоциялар, түсінбеушілік пен күйзеліс ауыр психикалық бұзылуларды тудыруы мүмкін.
  • Жайсаңдылық, мейірімділік пен қайырымдылық – өмірдегі қиын сәттерді жеңуге көмектесетін жағымды сезімдер.

Психикалық саулықтың 7 белгісі

Ғалымдар адам бойындағы психикалық саулықтың келесідей 7 белгісі бар деп атап көрсетеді:

  1. Адамдармен ұзақ уақытқа созылатын қарым-қатынас орната білу. Көп жағдайда өзара түсіністік, компромисс және төзімділік негізінде құрылған қарым-қатынастар ұзаққа созылады. Яғни, психикалық саулықтың бұл белгісі психологиялық тұрғыдан жетілген адамның бойынан өзін өзгелердің орнына қоя білу, симпатия таныту және компромисске бара білу секілді қабілеттің табылуын сипаттайды. 
  2. Өз сәтсіздіктеріне дайын болу. Яғни, псиxикалық саулығы қалыпты адам өз сәтсіздіктерін қабылдай алады және оларға психикалық тұрғыдан төзе біледі. 
  3. Өзге адамдардың пікірін қабылдауға дайын болу. Адам қоғамның мүшесі болғандықтан, өзге адамдармен коммуникацияға жиі түседі. Ал табысты қарым-қатынас орнату үшін өзгенің ойын қабылдай білу және қажет кезде өз ойын өзгерте алу тұлғаның бойынан табылуы тиіс маңызды қасиет саналады. 
  4. Кез келген ортада шынайы болу. Адам өзін отбасы мүшелері мен туыстарының арасында, достары мен әріптестерінің ортасында әртүрлі ұстауы мүмкін. Қай ортада болмасын, адам өз-өзін физиологиялық және психикалық тұрғыдан қабылдай отырып, шынайы бейнесін жасырмай, кез келген ортада өзін жайлы сезіне білуі психикалық саулық үшін маңызды жайт саналады. 
  5. Қарым-қатынас барысында өз эмоцияларын басқара алу. Адамның барлығына дерлік қарым-қатынас барысында өз эмоцияларын көрсету қалыпты жағдай саналады. Дегенмен, кейде адамның эмоцияға жиі ерік беруі оның өзгелермен қарым-қатынасына әсер етіп қана қоймай, психикалық саулықтың нашарлауына да алып келуі мүмкін. 
  6. Жайлы зонадан жиі шығуға дайын болу. Көп адамға өзінің жайлы зонасынан шығу оңай шаруа емес. Дегенмен, жайлы зонадан жаңа ортаға өту кейбір адамдар үшін үлкен ауыртпашылық тудыруы мүмкін. Егер тұлға жаңа ортаға бейімделу барысында психологиялық қиыншылықтарға тап болса, онда оған психикалық саулығына назар аудару қажеттігі тууы мүмкін. 
  7. Өз уақытын басқара білу. Психикалық саулықтың бұл белгісі жалпы адамның өз уақытын дұрыс ұйымдастыра білу қабілетін сипаттайды. Яғни, адамның күнделікті уақытын саналы түрде ұйымдастыра білу мүмкіндігін қарастырады. 

Ескерту: Аталған жеті белгі адамның псиxикалық жай-күйін бағалауға көмектесетін бағдарлар ғана, ал псиxикалық саулыққа қатысты нақты диагнозды тек арнайы маман қоя алатынын ұмытпау қажет.

16
Қазан
2024

"Жанымыз әркез сау болып, рухымыз болсын биікте" ұранымен 10-қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай мектебімізде «Жан саулығы» күні атап өтілді.

Психикалық денсаулық күні қоғамға психикалық денсаулық мәселелері туралы ескерту және психикалық денсаулықты нығайтуды қолдауға күштерін жұмылдыруға себеп. Дәл осы халықаралық күн оны «қорғауға» арналған.

Психикалық денсаулық – бұл біздің өз әлеуетіміз бен қабілеттерімізді жүзеге асыру, күйзелістерге төтеп беру, тиімді жұмыс істеу және қоғамға айтарлықтай пайда әкелетін әрқайсымыздың жақсы өмір сүруіміздің негізі. Қазіргі жаһандану заманында эмоционалдық интеллектті дамыту, көркем мінезді болуға ұмтылу аса маңызды деп ойлаймыз.

Бұл күні мектеп ұжымы және оқушылар таңертеңнен көңілді болу мақсатында би әуенімен жерде жатқан түрлі шығыршықтармен билеп кірді. Мектеп парламенті оқушылары «Жансаулықтың маіыздылығы жөнінде репортаж жүргізді. Мектеп фоэсінде арнайы тақтада «Дені саудың – жаны сау» қағидалары ілініп, психикалық денсаулық туралы ақпараттар ілінді. Екінші қабатта «Жылы лебіздер жолдайық» деген жазуы бар жәшік орнатылды. Оған қалаулары бойынша оқушылар жылы лебіздерін жолдап, жазып қалдырды. Сонымен қатар «Өмірлік позицияң қандай?» тақырыбында плакат ілініп, оқушылар өз позицияларын жазды. Оқушылардың негізінен позитивті ой ойлайтындықтарын, өмірге көзқарастарының жағымды екендіктері байқалды.

Осы күнге орай сайтымызға психикалық денсаулыққа байланысты маңызыд ақпараттарды ұсынамыз.

https://www.instagram.com/reel/DBETvQ8tKhR/?igsh=MW4xMXlrYXpudnY2Ng==

Аймереке

© 2024. Все права защищены.