ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

2026 жылдың 3 сәуірінде мектебімізде ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналарына арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ата-ана ретінде қалай жақын болу керек» атты шеберлік сағаты өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналарды инклюзия кабинетімен таныстыру және олардың балаларының дамуына қажетті құралдармен жұмыс істеу әдістерін көрсету болды.
Шеберлік сағаты барысында қатысушыларға инклюзия кабинетінің толық жабдықталуы көрсетілді. Кабинет заманауи жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл балалардың жан-жақты дамуына, соның ішінде сөйлеу, танымдық және ұсақ моторикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Ата-аналарға дидактикалық материалдар, үлестірмелі құралдар және түрлі тренажерлармен жұмыс жүргізу жолдары түсіндірілді. Қатысушылар практикалық жаттығулар арқылы балаларымен бірге қолдануға болатын әдістерді үйренді.
Шеберлік сағаты барысында ата-аналар белсенділік танытып, өз пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті. Ата-аналар іс-шараның өте пайдалы екенін айтып, жаңа ақпарат алып, практикалық дағдыларды меңгергендерін атап өтті.
Бұл шеберлік сағаты инклюзиялық білім беру үдерісіне ата-аналардың белсенді қатысуын арттыруға және балалардың дамуына қажетті жағдай жасауға үлкен үлес қосатыны анық көрінді.

https://www.instagram.com/reel/DWs8NUdiMUr/?igsh=cjRjdDRrNHNsc2xs

© 2026. Все права защищены.