«Ұлттық “Style” жобасы аясында 8-сынып оқушылары ұлттық нақыштағы бас киімдер тігіп, өз өнерлерін шеберлікпен көрсетті. Оқушылар бұйымдарды дайындау барысында маталар мен түстерді үйлесімді таңдауға, тігіс сапасына және бұйымның ұқыпты орындалуына мән берді. Әр оқушы өз жұмысын таныстырып, оның жасалу барысы туралы қысқаша мәлімет берді. Жоба олардың қолөнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұлттық құндылықтарды танып-білуіне мүмкіндік берді”.
https://www.instagram.com/reel/DXuDiAYiAu0/?igsh=MXhzeG55MHJwYmdteA==




