"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Бірлік пен ынтымақ" айы құндылығы негізінде мектебімізде барлық сыныптарда "Буллингтен қорған!" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: қоғамда орын алып бара жатқан жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу. Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым — қатынас орнату.