"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 1—4 сынып ата — аналарымен педагогикалық қолдау орталығының кезекті отырысы өткізілді. Тақырыбы: "Логикалық ойлауды үйрету". Мақсаты: ата —аналардың бастауыш мектеп жасындағы баланы логикалық ойлауын дамытуға дайындығын қалыптастыру.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ата — аналарды педагогикалық қолдау орталығының 5—9 сынып ата — аналарымен кезекті отырысы ұйымдастырылды. "Балаңыздың ақыл — ойын оятыңыз" тақыбында өткізілді. Мақсаты: ата — аналардың білім беру мақсаттарына табысты қол жеткізу үшін жасөспірімнің интелектуалдық дамуын белсенді қолдануына ықпал ету.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 10—11 сынып ата — аналарымен "Ата — аналарды педагогикалық қолдау орталығы" кезекті отырысы өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақты креативті ойлауға бейімдеудің тиімді жолдарын ұсыну. Креативті ойлау дағдыларын қалыптастыруда нақты әдістер мен инновацияны тоғыстырған амал — тәсілдерін көрсету.. Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: шығармашылық ойлау арқылы жаңа идеялар, концепциялар ойлап табуға бейімділік.