Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан — жақты талдап, жастарға ой салу;
Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мектебімізде "Жастардың діни сенімі және болашағы" тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен мектеп психологі Смайлова А.С. ақпараттық-ағарту сабағын өткізді. Сабаққа Ішкі саясат бөлімінің маманы, "Қаһарман"жастар орталығының жетекшісі Имангазинова Л.Ж қатысты.
Сабақ соңында оқушыларға "Мұны білу маңызды!" тақырыбымен деструктивті діни ағымдарға тартылудың алдын алу бойынша ескерпе-жаднамалары таратылды.