2024 жылы 12-ші желтоқсан күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік -ел мерейі» тақырыыбында дебат фракциясының ұйымдастыруымен 8-11 сыныптар аралығында сайыс өткізілді.
Мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарастарын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұстануға жетелеу.
-Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
-Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
-Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
-Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
-Тақырып шеңберінде ой қозғату;
-Еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту;
Дебат фракциясының мүшесі Жұмабекқызы Әлия турнирдің алгоритмі мен ережелерін БРФ-Британдық парламент форматында өткізілетіндігі жайлы түсіндірді, жеребе тастады, төрешілер тобын жариялады және 1 раундты бастады. Әр ойынды дайындау үшін командаларға 10 минут уақыт берілді. Ойындардағы қарарлар алдын-ала таратылды. Барлығы 5 ойын өткізілді. Ойындар барысында: өзектілік, дәлелділік, маңыздылық, шындық бағаланды. Тартысты ойын нәтижесінде бірінші орынды 11 сынып оқушыларының командасы, 2 орынды 9 сынып оқушыларының командасы иеленді, 3 орынды 10 сынып оқушылары еншіледі, пікірсайыс барысында өзін жақсы жағынан көрсеткен қатысушылар номинациялармен марапатталды.Жеңімпаздардың барлығы мадақамалармен марапатталды.