«Ертіс-Дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Зерде» 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстар конкурсына мектептен 6 жұмыс аудандық кезеңнен облыстыққа жіберілді. Соның ішінде іріктеу кезеңнен 2 жұмыс облыстық кезеңге өтті. Нәтижесінде 7-сынып оқушысы Жанатбек Елшуақ математикадан ІІІ орын, жетекшісі А.Б.Айгумусова, 6-сынып оқушысы Азат Бекарыс этномәдениеттану секциясында ІІ орын алды, жекшісі А.А.Абдугалиева.