«Біртұтас тәрбие »бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп, қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Тарихи тұлға» атты әдеби кеш өтті. Ол қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған қаламгер ретінде де белгілі. Жазушының шығармаларына бұған дейін мүлде көтерілмеген мәселелер арқау болды.Ілияс Есенберлин кеңестік кезеңнің азуынан қорықпай қазақ тарихын сақтау жолында еңбегі ерен тұлға. «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» сынды үш кітаптан құралған трилогиясы қазақ санасындағы өрлікті көркем сөзбен оятып, тарихымызды танытқан туындылары.