Әр оқу жылының бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар. 2021 жылдан Білім беру мектептерінің қағидаларының қатарына енген жақсы жаңалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы
2020 жылғы 21 қазандағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мектеп кітапханалары қызметінің барлық бағыттарын қамтыған "Оқуға құштар мектеп " республикалық жоба бастау алды.
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ:
Оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру; жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру; оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында оқуды танымал ету үшін жағдай жасау. Мектеп кітапханаларына қоғамның назарын аудару.
МІНДЕТТЕРІ:
-Оқу құзыреттілігін арттыру және оқуға тарту мақсатында оқушылардың
оқырмандық қызығушылықтарына әсер етудің белсенді формалары мен әдістерін, педагогикалық идеяларын іздеу;
-Мектеп оқушыларының оқырмандық белсенділігін ұйымдастыру және оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеттегі оқырмандық қалауын ескере отырып, отбасылық оқуды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
-Мектеп кітапханаларын ресурстық ақпараттық-кітапханалық және мәдени-ағарту орталықтары ретінде дамытуға ықпал ету ;
-Кітап оқуды алға жылжыту бойынша жұмыс тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату;
-Ата-аналарды балаларының кітап оқуға белсенділігін қолдауға тарту, оларға отбасылық бос уақытты кітап оқу ортасына айналдырып, рухани қарым-қатынас жасауға көмек көрсету;
-Отбасылық кітап оқу дәстүрлерін жандандыру;
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
- Мектеп кітапханалары жұмысының әдістемесі мен практикасына инновациялық жобалар мен технологиялар апробацияланады және енгізіледі;
- Мұғалімдердің, кітапханашылардың әдістемелік материалдар банкі жинақталады;
- Жұмыс тәжірибесі жинақталады және таратылады;
- Отбасылық кітап оқу дәстүрі жаңғыртылады;
- Мектеп кітапханаларының ақпараттық ресурстарын пайдаланушылар саны артады;
- Балалардың жүйелі, шығармашылық, дамытушылық оқу дағдылары қалыптасады.
