Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аудандық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, "Ізденіс" оқушылардың шығармашылық қоғамының жоспарына сәйкес 2024 жылдың қараша айының 13-14 күндері мектепішілік олимпиада 7-8, 9-11 сыныптар арасында өткізілді.
Олимпиада міндеттері:
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету;
- жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету;
- дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау;
- облыстық олимпиадарға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау;
Олимпиада барысында оқушылар өздерінің білімдерін жан-жақты көрсете білді.