Психолог пен психиатр дегеніміз бір адам. Бұл - жалған сөз!!!
Шын мәнінде: Психиатр-дәрігер – ол есі ауысқан адамдарды (мысалы, шизофрения) емдеумен айналысатын маман. Сауықтыру барысында дәрілермен емдеу әдісін қолданады»
Психолог – өмірдің әр түрлі қиындықтарына (оқуда, отбасында, қарым-қатынаста, өмірлік жол таңдауда, өзін-өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және т.б.) тап болған ДЕНІ САУ адамдарға кеңес беруші маман. ПСИХОЛОГ – ДӘРІГЕР ЕМЕС, ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ ДА БІР МӘЛІМЕТ БЕРМЕЙДІ ӘРІ ОЛ ЕМДЕМЕЙДІ.
Шын мәнінде: Психологқа өмірінен өзгеріс күтетін және дұрыс жол таңдау үшін келеді. Өміріңде қиындықтар туындағанда психолог әр кезде де жаныңнан табылуға дайын адам. Бұл адам кәсіби ақпараттарға ие, бірақ өмірде туындаған барлық сауалдарға жауабы жоқ, өйткені әр адам жеке бір тұлға. Сондықтан психолог тек қана бағыт-бағдар беруші, көмектесуші, ал соңғы шешімді өзің ғана қабылдайсың.
Шын мәнінде: Психологтың жұмысындағы негізгі ереже – ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ. Ешкім де сіздің келісіміңсіз психологқа қандай мәселемен жүгінгеніңізді, сөйлескен әңгімелеріңізді, тіптен психологтан көмек сұрағаныңызды білмейді. Мектепте өткізілетін психологиялық тестілеу қорытындысын тек қана психолог біледі. Сынып жетекшісіне тек қана жалпылама түрдегі мәліметтер (мысалы: топ оқушыларының 70%-ы тестті жоғары көрсеткіштермен орындады, 30%-ы орташа және т.б.) ұсынылады.
Топтағы қарым-қатынас. Кейбір адамдар бөтен адамдармен, тіпті басқа бейтаныс топтармен байланысқа түсіп, емін-еркін араласып кетеді. Керісінше кеибіреулер басқа адамдармен қарым-қатынасқа түскенде қиындықтарға тап болып жатады, ал достарды тапқаннан кейін ғана өзін топта немесе сыныпта емін-еркін сезінеді. Психологтың көмегімен кез келген жағдайда үйлесімді қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін меңгеріп, оның жолдарын табуға болады.
Ата-аналармен өзара қарым-қатынас. Кейбір уақытта біз өзімізге ең жақын адамдармен – ата-аналармен ортақ тіл табуды, жылы қарым-қатынасты жоғалтып алып жатамыз. Жанжалдар, түсіністіктің болмауы – балаларға да, ата-аналарға да әдетте ауыр тиеді. Кейбіреулері оның шешімін тауып жатса, басқаларына мұны жасау қиындыққа соғады. Психолог ата-аналар мен балалр арасында жаңадан қарым-қатынас құруға, оларды бірін бірі түсінуге шақырып, бір-бірін дұрыс қабылдауға шешім табатын жолдарды айтады.
Өмірлік жолды таңдау. Көбі өзінің болашақ мамандығы мен өздерінің өмір бойы қалай өмір сүретіндіктері туралы ойланады. Егер де сіз қандай жолмен жүруге сенімсіздік пайда болса, онда сіз әрқашан психологқа жүгінуіңізге болады. Ол сізге өз арманыңызды, мақсатыңызды сезінуге, өз қасиеттеріңізді бағалауға және өмірдің қандай да болмасын саласында осы армандарыңызды іске асыруға, оны түсінуге көмектеседі.
Өзін-өзі басқару және дамыту. Біздің өміріміз әрқилы әрі қызықты болғандықтан үнемі біз алдымызға бірнеше тапсырмалар қоямыз. Оның көбісі жеке қасиеттер мен дағдыларды, іскерліктерді дамытуға күш пен жігерді талап етеді. Өз өміріңе қожайын болуға үйренуге болады, ол үшін алдыңа дұрыс мақсат қойып оған жете білу қажет.
Психолог дегеніміз – даму технологиясы мен сапаға, дағдылар мен іскерлікке ие және оны басқалармен бөлісетін адам.
Психолог қызметінің мақсаты:
Балаларды оқу үрдісінде, тәрбиелеу мен дамытуда консультатциялық және ақпараттық психологиялық көмек көрсету
Дегенмен психолог тек қана бағыт-бағдар беруші, көмектесуші, сіздің жанал соңғы шешімді өзің ғана қабылдайсың.
Жұмыс бағыттары:
- Психологиялық диагностика
- Психологиялық коррекция (жеке және топтық дамытушылық жаттығулар)
- Психологтің кеңес беруі
- Психологиялық алдын алу (психолог – педагогтің іс-әрекеті оқушының психологиялық денсаулығын сақтауға, бекітуге және дамытуға бағытталған)
- Психологиялық ағартушылық (жұмыс формасы: лекция, әңгімелесу, керек әдебиеттер жинағы және т.б)
Кабинеттің жұмыс кестесі
Жұмыс күні - 09.00 - 18.00.
Үзіліс–14.00-15.30.
Сәрсенбі - әдістемелік күн.
Педагог-психолог – Смайлова Аймереке Сматқызы
Э/мекенжай: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Ұ/телефоны: +77773813941;