Өткізілген уақыты: 19.11.2024 жыл.
Қатысушылар: 9-сынып оқушылары
Өткізген: мектеп психологі Смайлова А.С
Сабақ мақсаты: Оқушыларды кибербуллингтің қауіп-қатерімен және зардаптарымен таныстыру және жасөспірімдер арасында оның алдын алуға байланысты кеңестер беру
Міндеттері:
1.Кибербуллинг туралы түсініктерін кеңейту
- Оқушыларды киберқорлаудың алдын алу дағдыларына үйрету
Сабақ жоспары:
- Психолог түсіндірмесі: Кибербуллинг дегеніміз не, одан қалай қорғануға болады? Оның салдары қандай? https://youtu.be/QFiE4XtqzyY?si=aSi4KOA_Qpo3A0Fz
- Миға шабуыл. Бейнероликтен не түйдің? Қандай жағдайлар есте қалды? Өзіңді осындай жағдайға тап боламын деп айта аласың ба? Тап болсаң не істер едің?
- Шағын топтардағы жұмыс: «Егер сен кибербуллингтен зардап шексең немесе куәгері болсаң не істеу керек?»
Өз жұмыстарын қорғау.-
Оқушылар сабақ соңында сабақта алған мәліметтерді «Кибербуллингтің негізгі әрекеттері қандай?» және «Кибербуллингтің себептері қандай?» деген сұрақтарға келіссе екі шапалақ, келіспесе бір ғана шапалақ ұру арқылы пысықтады.