"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Әділдік пен жауапкершілік" құндылық айында мектебіміздің 8— сынып оқушылары арасында "Ұшқыр ой алаңы" зияткерлік ойыны өтті.
Мақсаты:
- білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар
арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру;
- білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту;
- қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды
талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу, дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру, парламенттік мәдениет элементтерін дамыту;
- оқушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары
мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің, елдің мәселелерін талқылау мен шешудегі жауапкершілік, қатыстылық сезімін қалыптастыру.