2025 жылдың 5— тамызы күні мектебімізде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған "Ұрпақтың ұлы дастаны" атты әдеби — музыкалық кеш ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: Оқушылармен қазақтың ұлы ақыны, философы, композиторы, атақты ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысының шығармашылық өзектілігі жөнінде ой қозғау болды. Әдеби- музыкалық кешке арнайы Шарбақты аудандық " Аманат" партиясының атқарушы хатшысы Жанабаев Алмас Темирболатович және " Нұр-Аналар әлемі " Қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ардагер ұстаз Балшакар Уәпқызы арнайы қатысты. Шара барысында мектеп оқушылары Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін нақышына келтіре орындап, қара сөздерін оқи отырып өз бойларына рухани білім алды.
https://www.instagram.com/reel/DM98h6_I4tf/?igsh=MXFuc3lkNXEwcHRuMA==