ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

2024 жылдың 15 қараша күні «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру жөніндегі жол картасының «Әр мектеп – үздік мектеп» бөлімінің «Білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету және білім сапасын арттыру үшін ауылдық жерлерде білім беру округтерін құру» қосымша міндеті аясында құрылған Құзыреттілік орталықтың кезекті сессиясы ұйымдастырылды. Сессия жұмысы оффлайн түрде өтті. Сессияға өсу нүктелері: «Есілбай ЖОББМ» КММ, «Шегірен ЖОББМ» КММ, «Арбиген ЖОББМ» КММ, базалық әлеуеттік мектептер «Жаңа-ауыл ЖОББМ», «Жылыбұлақ НЖББМ», «Алға БМ» КММ, «Галкино ЖОББМ» КММ-нің мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, үйлестіруші, мектеп тренерлері және пән мұғалімдері, аудандық оқу бөлімінің әдіскерлері қатысты. Сессияның тақырыбы: «Ізденіс» оқушылардың шығармашылық қоғамының жұмысын ұйымдастыру. Сессияның мақсаты: Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру, оқушылардың зерттеу жұмыстарын жазуға дағдыландырудың тиімді әдістері тақырыбында тәжірибемен бөлісу. Пленарлық бөлімде «Ізденіс» оқушылардың шығармашылық қоғамының жұмысын ұйымдастыру, жобалау жұмыстарын жазуда қойылатын талаптар, жобалау жұмысы: Қалай? Неге? Не үшін?, қушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың кейбір мәселелері тақырыптарында баяндама жасады. Шеберлік сабақтарын 5 сыныппен ағылшын тілінен «Language focus.Comparative and superlative adjectives» тақырыбында Жумангалиева Айгерим Бегендиковна, педагог-сарапшы; 7-сыныпта физика пәнінен «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау» тақырыбында зертханалық жұмысты Акатаева Айнагуль Нурлановна, педагог-сарапшы; 3-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен «Жыл басы» тақырыбында Исмаилова Жазира Абдулхамитовна, педагог-сарапшы; 8-сыныпта биология пәнінен «Қан топтары және қан құю. Резус-фактор. Агглютинация. Резус-конфликт» тақырыбында Муханова Ляйля Маданиятовна, педагог-зерттеуші өткізді. «Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы инновациялық әдістер» тақырыбында ұйымдастырылған әдістемелік вернисажда №1 округтың мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісті. Сессияның соңында тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге аудандық оқу бөлімі тарапынан сертификаттар табысталып, мектебіміздің «Парасат» оқушылардың шығармашылық қоғамының өнерін тамашалады.

қол өнерқол өнер

© 2024. Все права защищены.