12 желтоқсанда Абай Құнанбаев атындағы мектепте Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – елдіктің тұғыры» атты танымдық викторина ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, отансүйгіштік рухын нығайту.
Викторинаға 6 «А» және 6 «Б» сыныптарының оқушылары қатысып, Қазақстан тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы маңызды оқиғалар мен ұлттық құндылықтар бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Балалар өз білімдерімен ғана емес, жылдамдығымен, тапқырлығымен де ерекшеленді.
Тартысты өткен сайыс нәтижесінде 6 «А» сыныбы жеңіске жетті!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын! 🇰🇿
https://www.instagram.com/reel/DSJ8HRPDNcn/?igsh=MXZqdm5lM3V4eGNvZw==




