“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара жоспарына сәйкес 11-сынып оқушылары “Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік!” тақырыбында эссе жазды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, тарихи сананы дамыту және егемендіктің қастерлі құндылық екенін ұғындыру.
Оқушылар өз жұмыстарында Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізу жолы, ел дамуына үлес қосқан тұлғалар, егемендіктің бүгінгі ұрпақ үшін маңызы туралы терең ойларымен бөлісті.
Бұл іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып қана қоймай, туған елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті нығайта түсті.
Тәуелсіздік — әрбір қазақстандық үшін жүрегіндегі ең қастерлі құндылық!
https://www.instagram.com/p/DSKFSlxiIxP/?igsh=dDgxZmloMWI3ZW14





