Қамқорлық жобасы аясындағы қарт адамдарға қолдау көрсету мақсатында арнайы акция ұйымдастырылды. Акция барысында еріктілер қарттардың үйлеріне барып, ауласын қардан тазартып берді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – үлкендерге құрмет көрсету, олардың өміріне мейірім мен жылулық сыйлау.





