ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

14.01.2025 жылы мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 5-6 сыныпта оқитын  ұл балалардың  әкелерінің қатысуымен «Жан әкем-жан досым» тақырыбында  әкелер кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға әкелер балаларымен қатысты. 

Мақсаты: Отбасы және  мектеп арасындағы ынтымақты  нығайту,   ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге тәрбиелеу, әке мен бала арасындағы  бірлікті,  достықты нығайту. Өз отбасы үшін мақтаныш сезімдерін арттыру.

Танымдық-тәрбиелік бағыттағы іс-шараға Шарбақты Аудандық ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі, көп балалы әке, үлгілі ата Бүркітбаев Жұмажан, мектеп директоры Жакупова Н.Ө, «Мирас» ұл балалар клубының жетекшісі Далелхан Ербол  қатысты. Іс-шараны мектеп директоры жылы лебізімен ашып берді. Шара барысында әкелер балаларының қызығушылықтарына көңіл бөлу мақсатында сауалнама толтырып, балаларымен бірлесіп, жауаптарын түзетті. Бір-бірлеріне әкелік, балалық жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар балалардың «Менің әкем...» тақырыбына жазылған шығармалары оқылды. Әкелері оқылып жатқанда менің баламның жазғаны деп тауып отырды. Жанашырлыққа, мейірімділікке шақыратын  бейнероликтер көрсетіліп, балалар мен әкелер өз ойларын ортаа салды. Әкелер туралы ғибратты сөздер оқылып, «Әке мен бала диалогі» әні тыңдалды. Бұл әннің сөзіне мән беріп, тыңдап әкесі мен ұлы қойылым ретінде қоюға болады деп ұсыныс айтылды. Шара соңында кеш қонағы, 7 ұл тәрбиелеп өсірген Жұмажан ата  сөз сөйлеп, осындай әкелер жиынның маңыздылығына көңілі толып,  ұрпақ тәрбиесіндегі әкелердің ролін сөз етті. «Мирас» клубының жетекшісі Д.Ербол әкелерге үй жағдайында жасалатын күніне бір спорт түрін таңдап, баласымен бірге жасайтын 21 күндік марафон бастауды ұсынды. Іс-шараны дайындап, жүргізген  мектеп психологі Смайлова А.С. 

әке

 

© 2025. Все права защищены.