ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
3
июня
2025

Жаздың шуақты күндерімен бірге мектеп жанындағы "Жаншуақ" лагері де өз жұмысын бастады.
Мақсаты: "Жаншуақ" лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт - дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік-патриоттық сезімін арттыру.

https://www.instagram.com/reel/DKZjGqGI33x/?igsh=MXdxcTFmeHJmaXkzNQ== 

жаз

3
июня
2025

1-маусым-халықаралық балаларды қорғау күніне арналған “Қазақстан балалары” іс-шараларын өткізу тұжырымдамасын іске асыру барысында тарих пәні мұғалімі Абдугалиева А.А. “Баланың заңды құқықтары мен міндеттері” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

https://www.instagram.com/p/DKRRIlaInfn/?igsh=dWl4aGNpbW42Mncy

3
июня
2025

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Шоколадты балалық шақ» атты театрландырылған бағдарлама өтті. Балалар үшін түрлі ойындар, қызықты белсенділіктер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Шара бойы қуаныш пен күлкіге толы мерекелік көңіл-күй орнады.

Барлық балаларды және ата-аналарын осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Балалық шақ жарқын, бақытты және уайымсыз болсын, әр күніңіз шаттық пен жаңа ашылымдарға толы болсын!

https://www.instagram.com/reel/DKZHyCqoizO/?igsh=bmsyZHkyYXplN3Jh

 

3
июня
2025

22-мамыр күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы негізінде оқушылармен табиғат аясында демалыс ұйымдастырылды. Балалар ашық ауадағы демалыстарын тазалық жұмыстарынан бастады. Басқа да түрлі көңіл сергітер ойындар ойнатылды. Сонымен қатар саптық жиын ұйымдастырылып, «Сен Жеңімпазсың!» деген тақырыпта «Инабат» және «Мирас» клубының оқушылары алдын ала дайындап әкелген әрбір адамға тән қасиеттер туралы айтып берді. Мектеп психологі Смайлова А.С. оқушылардың өмірге позитивті көзқарасын арттыру мақсатында әр адамның бұл өмірде жеңімпаз болып, өзіндік қолтаңба қалдыруға әркімнің мүмкіндігі мол екендігін айтып қорытындылады: «Әрбір адамның осы дүниеге аман-есен келуінің өзі бақыт! Сондықтан да дүниеге келген күннен бастап әрбір адам-Жеңімпаз! Ал дүниеге келген Жеңімпаздың өмірді қалай болса солай солай сүруіне себеп бар ма? Жоқ! Еш себеп жоқ! Әдетте Жеңімпаз өз бағасын білетін, өзін-өзі сыйлайтын тұлға. Ал, сондай өзін-өзі сыйлайтын, керемет тұлға болу үшін жаңағы өздерің айтқан қандай қасиеттер мен әрекеттер керек екен!»

https://www.instagram.com/reel/DKL4hNgN3yr/?igsh=MXdyOTFvNnA5MWFyMg==

3
июня
2025

Бүгін, 27 мамыр күні мектебімізде ерекше шара өтті – оқушылардың өз ойларын ашық айтуға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Тақырып: «Біз қандай мектепті қалаймыз?»
Балалар:
- өз мектебіндегі жақсы тұстарды атап өтті,
- өзгеріс қажет жерлерді айтты,
- нақты ұсыныстар берді.

Шараға білім бөлімі өкілдері, мұғалімдер, ата-аналар және жергілікті белсенділер қатысты.
Балалар өздерін сенімді және маңызды сезінді.

Баланың үні – болашақтың дауысы!

https://www.instagram.com/reel/DKJ7Xyaolv4/?igsh=a3RhaDBwYTNmcHox

26
мая
2025

2025 жылы  22 - мамыр  күні  4 «Б» және 4 «А» сыныптарында  "Бастауышым - балбұлағым" атты  қоштасу  кеші өтт. Мақсаты: білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

сан5

 

26
мая
2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 1—11 сыныптарда "Білімім —Отаныма" атты сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын,  ой — өрісін, дүние — танымын кеңейту,  іскерлік қасиеттерін дамыту.  Оқушылардың бойына ұлттық мәдени құндылықтарды,  мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету. Туған елін, жерін, Отанын құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.

сан2сан3сан4

26
мая
2025

           2025 жылы  23 - мамыр  күні  "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбындағы  мектеп  бітірушілерге  арналған  салтанатты жиын  өткізілді.  Салтанатты  жиынның  мақсаты: оқушыларды  ұстаздарды  құрметтеуге,  ұшқан  ұясына  қамқор  болуға, алған  білімдерін пайдалана  алуына, әрбір  істің  нәтижесін  қорытындылай  білуге, адал  азамат  болуға  тәрбиелеу.

сан1 

 

© 2025. Все права защищены.