ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
11
декабря
2024

             «Өркен» балалардың әл – ауқатын арттыру   ұлттық ғылыми – практикалық   институты» 2024 жылдың 6 – желтоқсанында сағат 12.00 – де жалпы республикалық бірегей флешмобын ұйымдастыру туралы бұйрығы негізінде мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жасөспірімдерде пайдалы әдеттерді қалыптастыру, өз денсаулығына саналы және жауапкершілікпен қарау мақсатында "БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ"флешмобы өткізілді.Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру .

кітап 1

5
декабря
2024

         "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Гендерлік зорлық — зомбылыққа қарсы белсенді іс — қимылдың 16 күні" қарсаңында 1—11 сынып оқушыларына "Зорлық —зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға зорлық — зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту, бұзақылық істерге бармауға, адами қасиеттерді сақтауға тәрбиелеу. 

қол өнер 

   "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Гендерлік зорлық — зомбылыққа қарсы белсенді іс — қимылдың 16 күні" қарсаңында 1—4 сынып оқушылары арасында "Бақытты балалық шақ" атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларды эстетикалық талғамдарын дамыту және рухани адамгершілік қасиетті сақтай білуге тәрбиелеу. 

көрме1көрме2 

     "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Гендерлік зорлық — зомбылыққа қарсы белсенді іс — қимылдың 16—күні" мектебіміздің 7—11 сынып қыздарына Шарбақты аудандық больницадан врач акушер — гинеколог Сапарбаев Бекзат Нұрмаханбетұлы "Ерте жүктіліктің алдын — алу" тақырыбында дәріс өткізді. Ерте жүктіліктің жасөспірімдер үшін қауіп — қатері зор екенін айтып түсіндірді. Бейнетаспалар көрсетіліп, талқыланды. 

көрме3

29
ноября
2024

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында « Ата — аналарды педагогикалық қолдау орталығының» кезекті отырысы 10—11 сынып ата — аналарымен "Өмір бойы оқу: Не үшін? Қалай?" тақырыбында өтті.

Мақсаты: ата — аналардың жасөспірімдердің өзін — өзі тәрбиелеу және өзін —өзі дамыту үдерістерін қолдауға дайындығын қалыптастыру.

қол өнер 

     "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Ата — аналарды педагогикалық қолдау орталығы" кезезекті отырысы 5—9 сынып ата — аналары арасында "Есте сақтауды дамыту" тақырыбында өтті. Мақсаты: Ата — аналардың жасөспірімдердің есте сақтау қабілетін белсенді қолдауға және ынталандыруға дайындығын арттыру. 

қол өнер 

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Ата — аналарды педагогикалық қолдау орталығы" кезезекті отырысы 1 - 4 сынып ата — аналары арасында "Зейін - алғырлықтың алғыштары " тақырыбында өтті. Мақсаты:бала тұлғасының тәрбиесінде ата - аналарға қолдау көрсетіп, педагогикалық және психологиялық кеңестер беру. 

қол өнер

 

 

 

25
ноября
2024

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Әділдік пен жауапкершілік" құндылық айында мектебіміздің 8— сынып оқушылары арасында "Ұшқыр ой алаңы" зияткерлік ойыны өтті.

Мақсаты:

   - білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар

арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру;

- білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту;

-         қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды

талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу,   дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру, парламенттік мәдениет элементтерін дамыту;

-         оқушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары

мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің, елдің мәселелерін талқылау мен шешудегі жауапкершілік, қатыстылық сезімін қалыптастыру. 

қол өнер

14
ноября
2024

         "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұлттық тәрбие мектептебін қалпына келтіру бағытында «Даналық мектебі» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бір бағыты ретінде мектепте клубтық форматта жұмыс істеп жатыр. "Мирас" ұлдар клубының мүшелері "Ата кәсіп - берекенің бастауы" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: мамандық таңдауда ата ақылының маңыздылығын түсіндіру және ата - бабамыздан кележатқан қолөнер бұйымдарын жасай білуге үйрету.

қол өнер

14
ноября
2024

       "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұлттық тәрбие мектепті қалпына келтіру бағытында «Даналық мектебі» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бір бағыты ретінде мектепте клубтық форматта жұмыс істеп жатыр. "Инабат" қыздар клубының мүшелері "Ата кәсіп - берекенің бастауы" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: мамандық таңдауда ата ақылының маңыздылығын түсіндіру және ата - бабамыздан кележатқан қолөнер бұйымдарын жасай білуге үйрету.

қол өнер

14
ноября
2024

Мектептебімізде   9-11 сынып оқушыларына прокуратура, полиция бөлімі және жастар қаһарманы орталығының өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында «бетбелгілер» арқылы есірткі таратқаны үшін сотталғандардың тағдырына арналған деректі фильм тамашалауға ұсынылды.

Фильм Қарағанды облысындағы түзеу мекемелерінде түсірілген. Фильм Қазақстандағы есірткінің заңсыз айналымының өткір мәселесін көтеріп, «сақтау сақиналарына» қатысқаны үшін темір тордың ар жағында қалғандардың шынайы оқиғаларын көрсетеді.

Жобаның басты мақсаты – қоғам назарын сотталғандардың қиын тағдырына аудару және ықтимал қатысушыларды ауыр зардаптар туралы ескерту.

нашақорлық

12
ноября
2024

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Даналық мектебі"  және "Балалар кітапханасы" жобасы аясында бастауыш сынып оқушылары мен ауылымыздың ақжаулықты әжелерімен   "Әжемнің өнегесі" атты тақырыбында кездесу өтті. Бұл кездесуде ақжаулықты әжелеріміз балаларға ертегілер айтып, оның мән — мағынасын түсіндіріп өтті.Әңгіме барысында ертегілердің түрлерін ажыратып, қай ертегі қандай жанырға жататыны түсіндірілді.Оқушылар белсене қатысып өз ойлармен бөлісті,өте қызықты рухани азық алды.

Ертегі

© 2025. Все права защищены.