ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
8
мая
2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Ұлы Жеңістің 80 жылдығына" орай 7—8 сынып оқушыларына "Уақыт арқылы есте сақтау тарихты" атты тақырыптық сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен халық қаһармандарының есімдерін есте сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

80жыл4 80жыл5

8
мая
2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Ұлы Жеңістің 80 жылдығына" орай 1—11 сынып оқушыларына " Бейбіт күнде бақытты өмір сүреміз " атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен халық қаһармандарының есімдерін есте сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанын қорғай білуге,  елін сүйе білуге тәрбиелеу.

80 жыл280жыл3

6
мая
2025

2025 жылдың 6 мамырда мектебімізде Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс діңгегі» атты гүл егу шарасы өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушыларды Отан тарихына деген құрметке, бейбіт өмірдің қадірін білуге тәрбиелеу. Балалар өз қолдарымен мектеп ауласын гүлдендіріп, ардагерлерге деген алғыстары мен ризашылықтарын білдірді. Жас ұрпақтың осындай игі істері арқылы Жеңістің рухы мен маңыздылығы ұмытылмай, келер буынның жүрегінде сақталады. Гүлзарға егілген әр гүл – бейбітшілік пен батырлықтың символы іспеттес. Шараға мектеп мұғалімдері мен ата-аналар да қолдау көрсетіп, барлығы бірігіп жарқын естелікке айналған күнді өткізді.

гули

6
мая
2025

"Біртұтас  тәрбие"  бағдарламасы  аясында  6 - мамыр "Отан  қорғаушылар" күні және "Ұлы Жеңістің  80 жылдығы" қарсаңында  мектеп  оқушылары мен ұстаздарымен  салтанатты  саптық өткізілді. Салтанатты  саптықта  еліміздің  туы  көтеріліп,  әнұран  орындалды. Мақсаты: оқушылардың  бойына  Отанға деген  сүйіспеншілікті  арттыра отырып, өз елінің патриоты бола  білуге тәрбиелеу.

сап

 

6
мая
2025

    2025 жылдың 5 мамырында мектебімізде жүрекке жігер, санаға сәуле құятын тағылымды да тәрбиелік мәні зор «Ерлік — елге ұран, ұрпаққа өнеге» атты ерлік сабағы өтті. Бұл тағылымды шараға ұлағатты ұстаз, ардагер педагог Қ.Ш. Шакаманова арнайы қонақ болып қатысып, Ұлы Отан соғыс ардагері, Шарбақты ауданы, Арбиген ауылының құрметті азаматы Шакаманов Бектемір атамыз жайлы, Рахымжан Қошқарбаев туралы және басқа да соғыста хабарсыз кеткен жауынгерлері жөнінде сыр шертіп, өнегелі әңгімелерімен оқушылар жүрегіне жол тапты.

Шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойына елге, жерге деген сүйіспеншілікті сіңіру, Отан алдындағы борышты терең сезіндіру, аталарымыздың ерлік істерін мақтан тұтып, сол даңқты жолды лайықты жалғастыруға үндеу. Сондай-ақ, оқушыларды рухы биік, адами қасиеттерге бай, ел тағдырына бейжай қарамайтын нағыз отансүйгіш тұлға етіп тәрбиелеу – осы игі бастаманың темірқазығы болды.

Бұл күн – елдің ертеңі болатын жас буынның жүрегіне рух дәнін еккен, тәрбиелік мәні терең, әсері мол тағылым сабағына айналды.

ерге

6
мая
2025

        Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қазақстан ансамблеясының 30 жылдығына арналған "Қазақстан - бірлік пен ынтымақтастық мекені "  атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойына бірлік пен ынтымақтың рөлін түсіндіріп, ұлттық құндылықты насихаттау.

бір күн

5
мая
2025

"Мерекелі, берекелі Наурыз майрамы!" атты мәдени көпшілік шара өткізілді. Мерекелі, берекелі Наурызда білімді, өнерлі оқушыларымыздың "Наурыз тартуы" 

нау

 

5
мая
2025

     20— наурыз "Ұлттық спорт"  күніне орай мектепішілік «Тоғызқұмалақ» және «Бес асық»  ойындарынан сайыстар ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды ұлттық спорт түрлеріне қызығушылықтарын арттыру.Салауатты өмір салтын ұстай білуге тәрбиелеу.

ойын

© 2025. Все права защищены.