ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
18
июня
2025

«Өнер алды – қызыл тіл» демекші, бейіндік «SөzLab» үйірмесінің жас ізденушілері жақында тағылымы мол, танымдық сапарға аттанып, Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ драма театрына барды. Бұл игі бастаманы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахад Әмина жүзеге асырды.

Театр – тәрбие мектебі, рухани жаңғырудың ордасы. Осы орайда балалар көркем сөздің құдіретіне қанығып, тіл мәдениеті мен сөйлеу өнерінің қыр-сырына бойлады. «Тіл – адам жанының айнасы» десек, оқушылар сахна төрінен сол жанның терең иірімдерін тануға мүмкіндік алды.

Сапар барысында балалар сөйлеу мәнері, сөз қолдану шеберлігі, актерлік шеберлік пен сахналық тіл туралы тың ақпараттарға қанығып, театр әлемінің тыныс-тіршілігімен танысты. «Көпті көрген көмбенің көзі ашық» демекші, кәсіби мамандармен жүздесіп, сөз өнерінің шынайы құндылығын жүрекпен сезінді.

Мұндай тағылымды кездесулер оқушылардың тек тілдік қабілетін дамытып қоймай, ұлттық рух пен мәдени мұраға деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз. «Білгенге маржан, білмеске арзан» демекші, «SөzLab» үйірмесінің бұл сапары балалардың білім көкжиегін кеңейтіп, тілге деген құрметін нығайтты.

Биылғы бейіндік лагерь аясында ұйымдастырылған оқушылардың саяхат сапарлары сәтті өтуіне КХ «Алишев», ТОО «Болашақ» (Сейтахметов Қ.Т.),
ИП Жусупов (Жусупов Азамат, маг. «Рахмет»), Шарбақты ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры К. Кулумбенов, КХ «Назарали» (Азаматов Нұржан Қанатұлы), Шарбақты ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі бастығы полиция майоры Павел Өзгеріс , «Нұраналар әлемі» ҚБ демеушілік көрсетті.
Осындай үлкен қолдау білдірген азаматтарға шексіз алғысымызды білдіреміз!

https://www.instagram.com/reel/DK9Z9lQIvxz/?igsh=b3lvb3dqdml5YWUw

 

18
июня
2025

Еңбек күніне арналған балалармен сұхбат. Іс-шараның мақсаты:

Оқушыларға еңбектің маңызын түсіндіру, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, ата-ана мен қоғамның еңбегін бағалай білуге үйрету. Жас ұрпақтың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік, табандылық және ұқыптылық қасиеттерін қалыптастыру.

Еңбек - бәрін жеңбек!
Күн сайын еңбек етіп, арманға жақындаған жандарға арналады бұл күн!
Қай жұмысты істесең де адал бол, табанды бол, мақтан тұт!
«Бүгінгі еңбегің ертеңгі жемісің!»

https://www.instagram.com/reel/DK9XECMIxus/?igsh=N3Z4azA3YWp4OTdm

 

18
июня
2025

13-мамыр күні жазғы демалыс лагері шеңберінде “Шаттық алаңы” жобасы аясында балаларды психологиялық қолдау жобасының жоспарына сәйкес балалармен қозғалыс белсенділігін арттыра отырып, көңіл-күйді жақсарту, коммуникациялық дағдыны, сонымен қатар зейінді дамыту мақсатында жаттығулар мен ойындар ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/DK3ytqrNOW1/?igsh=MWU4cHAwbDl0Zzhuaw==

18
июня
2025

- Балалар арасында патриоттық сезімді жандандыру
-Балаларды шығармашылыққа баулу, өзіндік шеберліктерін көрсете білуіне көмек беру
-Мектебіміздің талантты балаларын таныту
Бүгінгі күн өте қызықты да тартымды өтті. Балалар белсене қатысты. «Қыран», «Болашақ», «Балдаурен» топтарындағы балалар өз өнерлерін ортаға салды. «Талантты бала» тек ән және бимен шектеліп қана қоймай, ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқуды да нақышына келтіріп оқып берді.
«Жаншуақ» лагеріндегі демалушылардың бірі Айтықбай Ақарыс «Абай Құнанбаевтың бірінші қара сөзін» жатқа мәнерлеп айтып шықты. Ағайынды Ермуратов Елназар мен Елнур «Жақсы көрем атамды, жақсы көрем әжемді» әнін жоғары деңгейде орындап берді. Кішкентай бүлдіршіндеріміз «Антошка» биін билеп шықты.
Лагерь балаларының бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын да қызықты іс. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Кешіміздің соңы көңілді бимен аяқталды.

құқ

 

18
июня
2025

Әрбір бала қамқорлыққа, махаббатқа, білімге, қауіпсіздікке және еркін өмір сүруге құқылы. 🌍

Бала — болашақтың иесі. Оның құқығын қорғау — біздің борышымыз!

🔹 Бала еңбек етуге емес, білім алуға тиіс
🔹 Бала зорлық-зомбылықтан қорғалуға тиіс
🔹 Бала өз ойын еркін айтуға құқылы
🔹 Бала отбасы жылуын сезінуі тиіс 

https://www.instagram.com/reel/DKzkOXYICnm/?igsh=MTVkcHkzd2FuZmsy

18
июня
2025

Әрбір перзент махаббатқа, қамқорлыққа, білімге және қауіпсіз ортаға лайық. 🌍

Кішкентай жүректер — біздің болашағымыз. Олардың амандығы мен құқықтарын сақтау — әр ересектің міндеті.

🔷 Еңбектен бұрын — білім
🔷 Қатігездіктен — қорған
🔷 Өз пікірін білдіруге — еркіндік
🔷 Жылулық пен түсіністікке — жол ашық

Күлкісі – әлемге сәуле шашатын шуақ.
Сол күлкіні сақтау — адамзаттың парызы.

📢 Жас ұрпақтың мүддесін бірге қорғайық

https://www.instagram.com/reel/DKzj26ZISBY/?igsh=MTV1cHpvbnRscW15Nw==

 

18
июня
2025

Оқушылармен эксперименттік күн» шығармашылық зертханасы аты тәжірбиені "Маралды" көлі жағасында химия және информатика пәндерін біріктіріп, ерекше сабақ өткіздік:
♨️көбіктің жануы
🌊 судың қасиеттері және судың кермектілігін жою жолдарын тәжірибе арқылы зерттедік.
🧠 Ал информатикадан – қызықты фактілер мен «Кім жылдам?» атты интеллектуалдық ойындар ойнатып, шапшаң логикалық ойлауға машықтандық.
🎯 Балалар тек білім алып қана қоймай, бірге ойнап, ой елегінен өткізіп, ғылымды қызық әрі түсінікті түрде игере білді.
Сонымен қатар осы күн аясында, таза табиғатта мектеп психологі "Шаттық алаңы" психологиялық қолдау жобасы бойынша балалармен көңілді ойындар ойнатты.
Маралды көлінде балалардың демалуына қолдау көрсеткен Отаргалиева Г. М. 

https://www.instagram.com/reel/DKzb0U_NZCh/?igsh=cDc1N3UweTRvcGtu 

 

 

18
июня
2025

Бүгін балалармен бірге «Жасыл эконимка »тақырыбын талқыладық. Қарапайым тілмен айтқанда, жасыл экономика — бұл табиғатты аялау, ресурстарды үнемді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және таза болашаққа қадам жасау.

Біздің мақсатымыз — кішкентайларымызды бала кезінен табиғатқа жанашыр болуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға баулу. Олар қоқысты сұрыптауды, су мен электр қуатын үнемдеуді, қоршаған ортаны таза ұстауды үйреніп жатыр. 🌍

💡 «Бүгінгі бала — ертеңгі ел болашағы!» Сондықтан жасыл болашақты бүгіннен бастайық! 🌿

жас2жас1

 

© 2025. Все права защищены.