2025 жылғы 2 желтоқсанда мектебімізде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясы аясында
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты сурет конкурсы өтті. Шараға 5–8 сыныптардың 15 оқушысы қатысып, өз шығармашылық қабілеттерін танытты.
Конкурс нәтижесінде:
Бас жүлде – 7 «А» сынып оқушысы Нұрлыбек Айшуақ
I орын – 6 «А» сынып оқушысы Курмашев Айбар, 8 «Б» сынып оқушысы Диканбай Айару
II орын – 5 «А» сынып оқушысы Қуәтәлі Нұрсылан, 6 «Б» сынып оқушысы Бектемирова Алана, 7 «А» сынып оқушысы Оспанова Айлин
III орын – 6 «А» сынып оқушысы Жанатбек Жайдар, 5 «А» сынып оқушысы Ырысбек Дәурен, 6 «А» сынып оқушысы Жандарбек Ерасыл
Қалған қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды.
Осы конкурстың Бас жүлде иегері Нұрлыбек Айшуақтың, сондай-ақ I орын алған Курмашев Айбар мен Диканбай Айарудың жұмыстары аудандық «Қаһарман жастары орталығы» ұйымдастыратын «Қатыгездіксіз балалық шақ» атты карикатура сурет конкурсына қатысу үшін жолданды. Бұл конкурс оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттырумен қатар, қоғамдағы мейірім, қауіпсіздік және зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарасты насихаттауға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DRxLzLtCJlp/?igsh=NHB3ZHhseTl3aG8x




