ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
8
Қараша
2026

«БІЛІМ САПАСЫ: БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ»2026 жылғы 5 қарашада мектебімізде «Білім сапасы: бағалау және қолдау» тақырыбында педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде оқу-тәрбие үдерісінің сапалық көрсеткіштерін саралау, білім алушылардың оқу жетістіктеріне талдау жасау, білім сапасының динамикасын анықтау және білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған тиімді шараларды белгілеу мәселелері қойылды.Кеңес барысында 2026–2027 оқу жылының І тоқсанындағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі көрсеткіштері қарастырылып, білім сапасы мен оқушылар үлгерімінің нәтижелері жан-жақты талданды. Пәндер бойынша білім сапасының мониторинг нәтижелері ұсынылып, оң динамика көрсеткен және қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттар айқындалды. Сонымен қатар білім сапасын арттыру, оқушылардың оқу жетістіктерін жақсарту және білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша алдағы міндеттер белгіленді.Педагогикалық кеңестің екінші бөлімінде «Білім сапасын көтеруде жасанды интеллектіні тиімді қолдану» тақырыбында әдістемелік практикум ұйымдастырылды.
Практикум барысында жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде тиімді пайдалану, мұғалімнің кәсіби қызметін қолдау және білім беру сапасын арттырудағы мүмкіндіктері қарастырылды.Педагогикалық кеңес қорытындысы білім сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруға, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға және заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдануға бағдар берді.Білім сапасын арттыру – жүйелі талдау, кәсіби ізденіс және бірлескен еңбектің нәтижесі!

https://www.instagram.com/reel/DfZ0NeNuJ_Q/?srtk=MjlreTd5dm1ja2h1

22
Қыркүйек
2026

Мектебімізде14-18 қыркүйек  аралығында «Балғын ұрпақ, ардақты ана тіліңді» тақырыбында Тіл апталығы ұйымдастырылып, өткізілді.

Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру, қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және көптілділікті насихаттау.

Апталық барысында жоспарға сәйкес түрлі танымдық, шығармашылық және тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.

Апталықтың алғашқы күні 14 қыркүйекте оқушыларға іс-шаралардың жоспары таныстырылып, тілге байланысты ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды.

         Дүйсенбі күнін қазақ тілі мен әдебиеті ұстаздары жауапты атқарды. Оқушылар арасында Айман Серигханқызы интербелсенді тақта арқылы «Кодты шеш»,«Сөз Баттл» тақырыбында ойын  өткізді. Камелева Ж.М.  және Сатыбалдина А.Е. үзіліс кезінде оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатымен тіл мен әдебиетке байланысты іс-шаралар ұйымдастырды. Далелхан К.С 5 «А» сыныбында «Сұхбаттасу мәдениеті» тақырыбында мазмұнды және қызықты ашық сабағын өткізсе, Сатыбалдина А.Е. 5 «Б» сыныбында «Адамзат үшін тілдің маңызы» атты ашық сабақт өткізілді.

         Сейсенбі – тарихшылар күні.Абдугалиева А.А  ір үзілісте «Тіл-ұлттың жаны» зияткерлік ойынын 6 сыныптар арасында «Тарих тағылымы»білім, 7 сыныптарға «Өткеннің ізімен», 8сыныптарға «Тарихқа саяхат» сайыстарын ұйымдастырды.Жұмабеков М.М. 11 сыныбында Қазақстан тарихы «Қол өнер» атты өте танымды ашық сабағын өткізді.

         Сәрсенбі – орыс тілі мен әдебиет мұғалімдері күні. Есимханова А.М  5-7 сыныптар арасында «Тайны осеннего леса» атты квест-ойынжәне 8-11 сыныптар арасында А.С.Пушкинның өмірбаяны мен шығармаларына байланысты викторина ұйымдастырды. Сонымен қатар, Есимханова А.М. және 11 сынып оқушылары Қанат Жанелы, Исабек Сәттігүлдің көмегімен оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Мақал – сөздің мәйегі» мақал-мәтелдер сайысы өткізіліп видео түсірілді.

4 «Б» сыныбына Садвокасова Ж.Е. «На озере Балхаш» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

         Бейсенбі – ағылшы тілі мұғалімдер күні. Жумангалиева А.Б қоңырау кезінде оқушылармен  «A magic box» ойын  ұйымдастырса, Бегалинова А.А. 7 «Б» сыныбында  «Many,  A large, Much, A few, A little, Fewer Both ,All Other» атты ашық сабақ өткізді.

         Жалпы, Тіл апталығы жоспарға сай ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Іс-шараларға оқушылар белсенді қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Апталық оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, ана тілін құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға ықпал етті.

         Қорытынды:
  Апталық жоспарға сай толықтай өз деңгейінде өтті.

  Белсенді қатысқан оқушылар мен ұстаздар мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапатталды.

  Тіл мерекесі балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімін нығайтуға үлес қосты.

Алдағы уақытта да оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыруға бағытталған танымдық және шығармашылық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу ұсынылады.

22
Қыркүйек
2026

Сәрсенбі күні мектебімізде “Тілдер апталығы”аясында орыс тілі мен әдебиетіне арналған танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараны орыс тілі пәнінің мұғалімі Есимханова А.М. ұйымдастырып, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға, әдеби шығармаларды құрметтеуге және орыс тілінің бай мұрасын дәріптеуге бағытталған түрлі тапсырмалар мен қызықты жұмыстар жүргізді.
Ана тілі – ұлттың рухани қазынасы.
Тілдерді құрметтеу – мәдениет пен бірліктің негізі!

https://www.instagram.com/reel/DdZFqOgQuMx/?stkn=MTh6ZjYwazhseW43ZQ==

22
Қыркүйек
2026

«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты интеллектуалдық ойын өтті. Мақсаты: «Сөз мәйегі – мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы адамгершілікке, ойын жүйелі, нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. 

https://www.instagram.com/reel/DdZFgNAAchk/?stkn=MTE5NXR4c3RnOG5qNA==

 

22
Қыркүйек
2026

Гуманитарлық апталық аясында тарих пәнінен 6, 7, 8, 9-сынып оқушылары арасында тарихи-танымдық сайыстар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихын насихаттау, ата-баба аманатына адал болуға, олардың ерлігінен үлгі алуға, туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Сайыс барысында оқушылардың тарихи білімдерін тереңдетуге, өткенге құрметпен қарап, тарихи оқиғаларды саралай білуіне мүмкіндік берілді. Әр сынып оқушылары өз білімдерін ортаға салып, қазақ халқының тарихы, ұлы тұлғалары, ел тағдыры мен маңызды тарихи кезеңдерге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Тарихи деректерді еске түсіріп, тапқырлық пен шапшаңдықтарын танытқан оқушылар белсенділікпен қатысты. Сайыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың іздену, ойлау, пікір білдіру және өз білімін еркін жеткізу дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Осындай танымдық шаралар арқылы жас ұрпаққа «Өткенін білмеген ұрпақтың болашағы бұлыңғыр» екенін ұғындырып, ел тарихын білу – әр азаматтың парызы екені насихатталды. Тарихы терең, тағылымы мол туған елдің перзенті болу – үлкен жауапкершілік.
https://www.instagram.com/reel/DdUUY1ouRnW/?stkn=emo4d256YXhvbGxo

15
Қыркүйек
2026

14 қыркүйек күні мектебімізде “Балғын ұрпақ, ардақта ана тіліңді!” атты тіл апталығы өз жұмысын бастады. Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың ана тіліне және басқа тілдерге деген құрметін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, көптілділік мәдениетін қалыптастыру.
Апталық аясында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы пәндері бойынша түрлі ашық сабақтар, танымдық іс-шаралар, викториналар, сайыстар мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылады.
Тіл – халықтың жаны, тіл – болашақтың кілті!
Барша оқушыларымызды тіл әлеміне саяхат жасап, қызықты әрі мазмұнды шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!
Бірге – білімді, мәдениетті, жарқын болашаққа!

https://www.instagram.com/reel/DdRpYJgOMCp/?stkn=OGw5c2F6NXZ2cTBn

14
Қыркүйек
2026

 

09.06.39

14 at 09.21.36

© 2026. Все права защищены.