ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
5
июня
2026

11 жыл бойы білім нәрін сіңіріп, балалық шағын білім ордасында алаңсыз өткізген жас түлектер алтын ұясымен қоштасты. «Әліппеден» бастап, өмір заңдылықтарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу сәті көңілге қимастық сезімін ұялатты. Соңғы қоңырау соғылған күні түлектердің болашағына ақ жол тілеп, қолдау білдірудің мәні жоғары. Осындай әсерлі салтанатты іс-шара Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беру мектебінде өтті. Әсем безендірілген білім ордасының ауласына жиналған 19 ұл-қыз үлкен өмірге қанат қақты. 32-інші түлектердің сынып жетекшісі, білікті ұстаз – Ерболат Дәлелханұлы. Биыл 9 сыныпты да 19 оқушы тәмамдап отыр. Бұл екі сыныпқа Айжамал Мадатқызы мен Тұмар Маралұлы жетекшілік етті.
Іс-шарада сөз алған мектеп директоры Нұрмира Өміржанқызы алтын ұядан ұшқалы тұрған мектеп бітірушілерге ақжолтай тілегін арнап, ұстаздарды мерекемен құттықтады. - Мектебіміз оқу жылын табысты аяқтады. Оқушыларымыз білім жолында жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Биыл 59 шәкірт білім үздігі, 132 оқушы екпінділер қатарынан көрінді. Білім сапасы көрсеткішінің 70,5 пайыз болуы өнімді еңбектің нәтижесі екені анық. Ал мектеп бітірушілер үшін алтын ұямен қоштасу ерекше күн. Алдағы өмірлеріңізде еңбекқорлықтарыңыз бен білімдеріңіз сіздерді әрқашан биікке жетелей берсін. Біз сіздерді әрқашан мақтан тұтып жүрейік! Ұлттық бірыңғай тестілеуде мерейімізді үстем етеді деп сенім білдіремін,-деді мектеп басшысы Нұрмира Жакупова.Шарбақты ауданы
Полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы
полиция подполковнигі
Алмас Баймбет те шәкірттерге сәттілік тіледі.
– Білім мен тәрбиенің қасиетті ордасында тағы бір оқу жылы қорытындыланды. Мектептегі сәттер – жүректе қалатын жылы естелік. Үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған жастардың қадамы құтты болсын! Қанаттарыңыз ешқашан талмасын! Ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың үмітін ақтаңыздар! Әрдайым жолдарыңыз ашық болып, арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер!-деді Алмас Айтмухаметович Баймбет.
Ата-аналардың атынан сөз алған аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлмира Смайлханова да шәкірттердің жетістігі ұстаздардың еңбегі екенін айтты. Түлектерге білім жолында ақ жол тіледі.
Одан кейін мектеп бітіруші шәкірттердің алғашқы ұстаздары Гүлдана Қалыбекқызы мен Гүлден Әлиқызы шәкірттеріне жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Ұстаздар оқушылардың мектепке келген сәтінен бастап естеліктерді еске түсірді. Балалық шаққа саяхат жасап, аңғал күлкі, қолға қалам ұстаған сәт, білім нәрімен сусындаған күн – бәрін айтып берді. ҰБТ-да жоғары ұпай жинап, қалаған оқуға түсіп, мықты маман болуларына тілектестігін білдірді.
Оларға ризашылық ретінде 4 «а» сынып оқушылары Мөлдір Тоқтамыс пен Нұркелді Бағдатұлы әдемі ән орындады. Мұнан соң мектеп директоры Н. Жакупова оқу үздіктерін марапаттады. Түлектер Алтынай Тоқтамыс пен Сәттігүл Исабек «Соңғы қоңырау» әнін көпшіліктің назарына ұсынды.
1 сынып оқушылары Асылай Айтпай, Наргиз Баисова, Таңиіс Қаңтарбай, Айлин Тайтелі жыр шумағын арнап, ыстық лебіздерін білдірді. Салтанатты іс-шара әсем әуен ырғағымен вальс биімен жалғасты.
Ал 1 сыныптың үздік оқушысы Кәусар Оразбек және 11 сыныптың түлегі Эльдар Гостишев қоңырау соқты.
Бұл – жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктерге бастайтын жолдың бастауы. Абай есімін иеленген білім ордасының жеткен жетістіктері аз емес. Биыл мектеп бітірген 19 түлектің 1-і «Алтын белгіге», 3-і үздік аттестатқа үміткер.
Түлектерді алда нағыз білім бәсекесі – ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр.

5
июня
2026

 Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Абай Құнанбаев атындағы  жалпы орта білім беру мектебі» КММ

2025-2026 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері

Республика көлемінде:

  • 2025 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағытында көрсеткен ерекше жетістігі үшін Қанат Жанеля грамотамен марапатталды. Пән мұғалімі: А.М.Есимханова.
  • 2025 жылғы 13-15 мамыр аралығында өткен республикалық VI облыстық Мәшһүр Жүсіп оқуларының «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Ергенқызы Жансұлу қатысып, қатысушы сертификатына ие болды. Пән мұғалімі:Серигхан А.С.

Облыс көлемінде:

  • «Ертіс-Дарыны» өңірлік қосымша білім беру  оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен өткен  «Зерде» 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстар  конкурсынан 5-сынып оқушысы  Жаров Нұралы туризм және спорт секциясында  ІІІ орын алды, жетекшісі  А.А.Абдугалиева;
  • 2025 жылғы 22 қазанда облыстық «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар зияткерлік конкурсы өтті. Қорытынды бойынша 10-сынып оқушысы Радат Алмаз ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі А.А.Абдугалиева.
  • 2025 жылғы 27-31 қазан аралығында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Бауыржанқызы Мөлдір ІІІ орын, пән  мұғалімі  Ж.М.Камелева; орыс тілінен 10-сынып оқушысы Қанат Жанеля І орын, пән мұғалімі А.М.Есимханова. 11-сынып оқушысы Абдугалиева Аружан ІІІ орын, пән мұғалімі Н.О.Жакупова;  9-сынып оқушысы Серікбаева Диана ІІІ орын, пән мұғалімі А.М.Есимханова.

Республикалық кезеңде Қанат Жанеля Құрмет грамотасын иеленді.

  • 2025 жылғы 12 желтоқсанда облыстық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті. «Білімді зерек адам болам!»-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» эссе жазу бағыты бойынша 11-сынып Бауыржанқызы Мөлдір ІІІ орынды иеленді (жетекшісі Ж.М.Камелева). «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Ергенқызы Жансұлу бас жүлдені иеленді (жетекшісі А.С.Серигхан).
  • 05-06.01.2026 жылы жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Бауыржанқызы Мөлдір ІІІ орынды иеленді, пән мұғалімі Ж.М.Камелева. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушысы Қанат Жанеля ІІІ орынға тұрақтады, пән мұғалімі  А.М.Есимханова.
  • 2026 жығы 19 ақпанда 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде орыс тілі мен әдебиеті пәніне 5-сынып оқушысы Макишева Айжұлдыз ІІ орынды иеленді, пән мұғалімі – А.М.Есимханова.
  • 2026 жылғы 30 наурызда «Менің Отаным – менің бастамам» облыстық байқауы өткізілді. «Менің Отаныма – менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауының «Отаным – қасиетті туған жерім» номинациясының жеңімпазы – Радат Алмаз. «Менің Отаныма – менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауының «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері – Жаров Нұралы.                                                                           «Менің Отаныма – менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауының «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясының жеңімпазы – Балагазина Зура. Байқау нәтижесі бойынша 2 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
  • 2026 жылғы 03 сәуірде Ертіс дарыны және облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ұйымдастыруымен STEAM ARENA олимпиадасында 6А және  6Б сыныптарынан жасақталған команда ІІІ орынды иеленіп, «Құрылыс шеберлері» номинациясымен марапатталды. Пән мұғалімдері С.Е.Макишева мен С.З.Амренов
  • 2026 жылғы 10 сәуірде өткізілген «Жауқазын» олимпиадасынан МАД тәрбиеленушісі Даирова Нурия Аканова ІІІ орын иеленді, тәрбиешісі А.С.Амренова
  • 2026 жылғы 24 сәуірде өткен облыстық «Жас кемеңгер» сырттай оқу мектебінің олимпиадасында математика пәнінен Жаров Нұралы І орын (Пән мұғалімі Г.Ж.Баталова), қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Болатжан Меруерт ІІ орын (Пән мұғалімі Серигхан А.С.), ағылшын тілі пәнінен Зинатұлы Әли ІІ орын, Жамихат Нұрлыжол ІІІ орын, Смаилов Ильяс ІІІ орынды (А.Б.Жумангалиева) иеленді.
  • 2026 жылғы 28 сәуірде «Ел үміті» қоры бастамасы аясында Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушыларына арналған облыстық «Мың бала» олимпиадасы өткізілді. Облыстық кезеңге 4 оқушы жолдама алды. 6-сынып оқушысы Балагазина Зура «Мың бала» олимпиадасының жеңімпазы атанды.
  • 2026 жылғы 6-30 сәуір аралығында өткен «Дүниежүзілік су күні» облыстық акциясының қорытындысы бойынша 11-14 жас аралығында ІІІ дәрежелі диплом иегері атанған 7-сынып оқушысы Нұрдыбек Айшуақ. Жетекшісі: Сермхаан Айнұр.
  • 5-8 сынып оқушыларына арналған «PROECO» облыстық экологиялық жобалар конкурсында Болатжан Меруерт ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Пән мұғалімі Л.М.Муханова.

 

5
июня
2026

Білім беру мекемемізде 2-маусым күні 2025-26 оқу жылының нәтижелі аяқталуына орай педагогикалық ұжым мен ағымдағы пед кеңес өткізілді. Биылғы оқу жылының жетістіктері атап айтылып, келесі оқу жылына мақсатты жұмыстар жоспарланды. "Назарбаев зияткерлік" мектебімен бірлесіп атқарылатын жұмыстар туралы айтылды.

сас6

5
июня
2026

Білім беру мекемемізде 11-сынып оқушылары 2-маусым күні Жалпы орта білім беру курсы бойынша
" Қазақстан тарихы " пәнінен мемлекеттік емтиханда 84% сапаны анықтады.

сас5

4
июня
2026

Бүгін мектебімізде 5–8 және 10-сынып оқушыларына мақтау қағаздарын табыстау рәсімі өтті!
Оқу жылы бойы үздік нәтижелерімен көзге түсіп, білімге деген құштарлығы мен жауапкершілігін танытқан оқушылар марапатталды.
Әрбір марапат – оқушылардың тынымсыз еңбегінің, ата-аналардың қолдауы мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі. Біз шәкірттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз!

Қымбатты оқушылар, бүгінгі жетістіктеріңіз болашақтағы үлкен жеңістеріңіздің бастауы болсын!

https://www.instagram.com/reel/DY7HRa0gCDk/?igsh=MWFiYW9leXF0eTM2eQ==

4
июня
2026

2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау кезеңі ресми түрде басталды. Бүгін 9-сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсыруда. Атап айтқанда, алғашқы емтихан математика (алгебра) пәні бойынша өткізілді.
Емтиханға 9 «А» және 9 «Б» сыныптарының оқушылары қатысты. Қорытынды аттестаттау – негізгі орта білім беру курсы бойынша білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтайтын маңызды академиялық процесс.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен кестесіне сәйкес, емтихандар мамыр айының соңынан маусым айының ортасына дейін өткізіледі. Емтихан тапсыру барысында оқушылар математикалық сауаттылық, тілдік құзыреттілік және пәндік білім деңгейлері бойынша бағаланады.

Аталған кезең оқушылардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың болашақ білім бағытын айқындауда маңызды рөл атқарады. Барлық түлектерге сәттілік, жоғары нәтиже және сенім тілейміз. 

https://www.instagram.com/reel/DY6oeHhuahT/?igsh=MWF5bW92Y3YydWJlYQ==

© 2026. Все права защищены.