ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
30
апреля
2026

«Ұлттық “Style” жобасы аясында 8-сынып оқушылары ұлттық нақыштағы бас киімдер тігіп, өз өнерлерін шеберлікпен көрсетті. Оқушылар бұйымдарды дайындау барысында маталар мен түстерді үйлесімді таңдауға, тігіс сапасына және бұйымның ұқыпты орындалуына мән берді. Әр оқушы өз жұмысын таныстырып, оның жасалу барысы туралы қысқаша мәлімет берді. Жоба олардың қолөнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұлттық құндылықтарды танып-білуіне мүмкіндік берді”.

https://www.instagram.com/reel/DXuDiAYiAu0/?igsh=MXhzeG55MHJwYmdteA==

30
апреля
2026

Эстетикалық бірлестіктің апталық аясында оқушылар үшін көңілді үзіліс кезінде “Алтын сақа” атты ойын ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты – оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын байыту.

Ойын барысында қатысушылар белсенділік танытып, жылдам әрі дұрыс жауап беруге ұмтылды. Әр дұрыс жауап үшін оқушылар тәті берілді, ойын қызықты әрі тартымды өтті.

Бұл іс-шара оқушылардың тапқырлығын, зеректігін шыңдап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеледі. Көңілді үзіліс оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

https://www.instagram.com/reel/DXt5u0biEYD/?igsh=M25namlxMzIzbXVp

27
апреля
2026

Бастауыш сынып мұғалімі — бұл тек мамандық емес, бұл жүрекпен атқарылатын үлкен миссия .

Ол – ұстаз, білімнің шамын жағушы.
Ол – үйретуші, әр баланың алғашқы қадамын бағыттаушы.
Ол – қамқоршы, мейірім мен жылулықтың қайнар көзі.
Ол – стилист, әр баланың даралығын байқап, тұлға болып қалыптасуына әсер етуші.
Ол – жанашыр, әр жетістікке бірге қуанып, әр қиындықта демеу болатын жан.
Ол – оқытушы ғана емес, тәрбиелеуші.
Ол – екінші ана.
Әріп танытып, өмірге жол ашатын осындай жандарға алғыс шексіз! ✨

https://www.instagram.com/reel/DXhMXociAXh/?igsh=NDM1MnM5eGNrc2lm

27
апреля
2026

Қазіргі білім беру жүйесінде STEAM тәсілі оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. География сабағында STEAM элементтерін қолдану пән мазмұнын жаңартып, оны тек теориялық емес, тәжірибеге негізделген зерттеушілік сипаттағы пәнге айналдырады.
Сабақ барысында STEAM технологиясы тиімді қолданылып, оқушылар TFA метеостанциясы мен ScienceCube сандық сенсорлары арқылы қоршаған орта туралы нақты деректер жинап, оларды талдады. Оқушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, зерттеу жүргізу, деректерді өңдеу және қорытынды жасау дағдыларын дамытты. Нәтижесінде табиғи және жасанды орта арасындағы өзара байланыс анықталып, цифрлық құралдардың білім берудегі маңыздылығы дәлелденді.
Бұл жұмыс STEAM тәсілінің оқушылардың сыни ойлауын, инженерлік және аналитикалық қабілеттерін дамытудағы тиімділігін көрсетед.

https://www.instagram.com/reel/DXhByTACInW/?igsh=MWtlaXY1cnZlaDcxZA==

21
апреля
2026

2026 жылғы 16 сәуірде 9 және 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жоспардан тыс жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылып, жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
– қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі мен талаптары;
– 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық деңгейі және оқу жетістіктерін арттыру жолдары.
Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылында 4, 9, 11-сынып бітірушілерінің «Соңғы қоңырау» және қорытынды аттестаттау кезеңінде келесі талаптарды қатаң сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді:
– педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға және қаражат жинауға қатаң тыйым салынады;
– аниматорларды, түрлі студиялар мен мерекелік агенттіктерді шақыруға рұқсат етілмейді;
– мектептің ішкі қажеттіліктеріне (жөндеу жұмыстары, санитарлық-шаруашылық заттар) байланысты білім алушылардан қаражат жинауға тыйым салынады;
– оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік шеруін ұйымдастыруға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және өзге де орындарға баруға рұқсат етілмейді;
– мектеп ішінде де, мектептен тыс жерде де ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға және осы мақсатта қаражат жинауға жол берілмейді;
– қорытынды аттестаттау кезеңінде оқушылардың мектеп формасын сақтауы, тәртіпті және жауапкершілікті болуы міндетті.
Аталған талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының барлығына бірдей қатысты және бұл шектеулер педагогикалық әдепті сақтау, әділдікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында енгізілгендігі баяндалды.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтау және оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажеттігі ескертілді. 

жэд

© 2026. Все права защищены.