ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
5
июня
2026

 Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Абай Құнанбаев атындағы  жалпы орта білім беру мектебі» КММ

2025-2026 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері

Республика көлемінде:

  • 2025 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағытында көрсеткен ерекше жетістігі үшін Қанат Жанеля грамотамен марапатталды. Пән мұғалімі: А.М.Есимханова.
  • 2025 жылғы 13-15 мамыр аралығында өткен республикалық VI облыстық Мәшһүр Жүсіп оқуларының «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Ергенқызы Жансұлу қатысып, қатысушы сертификатына ие болды. Пән мұғалімі:Серигхан А.С.

Облыс көлемінде:

  • «Ертіс-Дарыны» өңірлік қосымша білім беру  оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен өткен  «Зерде» 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстар  конкурсынан 5-сынып оқушысы  Жаров Нұралы туризм және спорт секциясында  ІІІ орын алды, жетекшісі  А.А.Абдугалиева;
  • 2025 жылғы 22 қазанда облыстық «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар зияткерлік конкурсы өтті. Қорытынды бойынша 10-сынып оқушысы Радат Алмаз ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі А.А.Абдугалиева.
  • 2025 жылғы 27-31 қазан аралығында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Бауыржанқызы Мөлдір ІІІ орын, пән  мұғалімі  Ж.М.Камелева; орыс тілінен 10-сынып оқушысы Қанат Жанеля І орын, пән мұғалімі А.М.Есимханова. 11-сынып оқушысы Абдугалиева Аружан ІІІ орын, пән мұғалімі Н.О.Жакупова;  9-сынып оқушысы Серікбаева Диана ІІІ орын, пән мұғалімі А.М.Есимханова.

Республикалық кезеңде Қанат Жанеля Құрмет грамотасын иеленді.

  • 2025 жылғы 12 желтоқсанда облыстық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті. «Білімді зерек адам болам!»-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» эссе жазу бағыты бойынша 11-сынып Бауыржанқызы Мөлдір ІІІ орынды иеленді (жетекшісі Ж.М.Камелева). «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Ергенқызы Жансұлу бас жүлдені иеленді (жетекшісі А.С.Серигхан).
  • 05-06.01.2026 жылы жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Бауыржанқызы Мөлдір ІІІ орынды иеленді, пән мұғалімі Ж.М.Камелева. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушысы Қанат Жанеля ІІІ орынға тұрақтады, пән мұғалімі  А.М.Есимханова.
  • 2026 жығы 19 ақпанда 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде орыс тілі мен әдебиеті пәніне 5-сынып оқушысы Макишева Айжұлдыз ІІ орынды иеленді, пән мұғалімі – А.М.Есимханова.
  • 2026 жылғы 30 наурызда «Менің Отаным – менің бастамам» облыстық байқауы өткізілді. «Менің Отаныма – менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауының «Отаным – қасиетті туған жерім» номинациясының жеңімпазы – Радат Алмаз. «Менің Отаныма – менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауының «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері – Жаров Нұралы.                                                                           «Менің Отаныма – менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауының «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясының жеңімпазы – Балагазина Зура. Байқау нәтижесі бойынша 2 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
  • 2026 жылғы 03 сәуірде Ертіс дарыны және облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ұйымдастыруымен STEAM ARENA олимпиадасында 6А және  6Б сыныптарынан жасақталған команда ІІІ орынды иеленіп, «Құрылыс шеберлері» номинациясымен марапатталды. Пән мұғалімдері С.Е.Макишева мен С.З.Амренов
  • 2026 жылғы 10 сәуірде өткізілген «Жауқазын» олимпиадасынан МАД тәрбиеленушісі Даирова Нурия Аканова ІІІ орын иеленді, тәрбиешісі А.С.Амренова
  • 2026 жылғы 24 сәуірде өткен облыстық «Жас кемеңгер» сырттай оқу мектебінің олимпиадасында математика пәнінен Жаров Нұралы І орын (Пән мұғалімі Г.Ж.Баталова), қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Болатжан Меруерт ІІ орын (Пән мұғалімі Серигхан А.С.), ағылшын тілі пәнінен Зинатұлы Әли ІІ орын, Жамихат Нұрлыжол ІІІ орын, Смаилов Ильяс ІІІ орынды (А.Б.Жумангалиева) иеленді.
  • 2026 жылғы 28 сәуірде «Ел үміті» қоры бастамасы аясында Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушыларына арналған облыстық «Мың бала» олимпиадасы өткізілді. Облыстық кезеңге 4 оқушы жолдама алды. 6-сынып оқушысы Балагазина Зура «Мың бала» олимпиадасының жеңімпазы атанды.
  • 2026 жылғы 6-30 сәуір аралығында өткен «Дүниежүзілік су күні» облыстық акциясының қорытындысы бойынша 11-14 жас аралығында ІІІ дәрежелі диплом иегері атанған 7-сынып оқушысы Нұрдыбек Айшуақ. Жетекшісі: Сермхаан Айнұр.
  • 5-8 сынып оқушыларына арналған «PROECO» облыстық экологиялық жобалар конкурсында Болатжан Меруерт ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Пән мұғалімі Л.М.Муханова.

 

4
июня
2026

Білім беру мекемемізде 2-маусым күні 2025-26 оқу жылының нәтижелі аяқталуына орай педагогикалық ұжым мен ағымдағы пед кеңес өткізілді. Биылғы оқу жылының жетістіктері атап айтылып, келесі оқу жылына мақсатты жұмыстар жоспарланды. "Назарбаев зияткерлік" мектебімен бірлесіп атқарылатын жұмыстар туралы айтылды.

сас6

4
июня
2026

Білім беру мекемемізде 11-сынып оқушылары 2-маусым күні Жалпы орта білім беру курсы бойынша
" Қазақстан тарихы " пәнінен мемлекеттік емтиханда 84% сапаны анықтады.

сас5

4
июня
2026

Бүгін мектебімізде 5–8 және 10-сынып оқушыларына мақтау қағаздарын табыстау рәсімі өтті!
Оқу жылы бойы үздік нәтижелерімен көзге түсіп, білімге деген құштарлығы мен жауапкершілігін танытқан оқушылар марапатталды.
Әрбір марапат – оқушылардың тынымсыз еңбегінің, ата-аналардың қолдауы мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі. Біз шәкірттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз!

Қымбатты оқушылар, бүгінгі жетістіктеріңіз болашақтағы үлкен жеңістеріңіздің бастауы болсын!

https://www.instagram.com/reel/DY7HRa0gCDk/?igsh=MWFiYW9leXF0eTM2eQ==

4
июня
2026

2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау кезеңі ресми түрде басталды. Бүгін 9-сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсыруда. Атап айтқанда, алғашқы емтихан математика (алгебра) пәні бойынша өткізілді.
Емтиханға 9 «А» және 9 «Б» сыныптарының оқушылары қатысты. Қорытынды аттестаттау – негізгі орта білім беру курсы бойынша білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтайтын маңызды академиялық процесс.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен кестесіне сәйкес, емтихандар мамыр айының соңынан маусым айының ортасына дейін өткізіледі. Емтихан тапсыру барысында оқушылар математикалық сауаттылық, тілдік құзыреттілік және пәндік білім деңгейлері бойынша бағаланады.

Аталған кезең оқушылардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың болашақ білім бағытын айқындауда маңызды рөл атқарады. Барлық түлектерге сәттілік, жоғары нәтиже және сенім тілейміз. 

https://www.instagram.com/reel/DY6oeHhuahT/?igsh=MWF5bW92Y3YydWJlYQ==

25
мая
2026

Физика пәні бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін қиын есептердің тиімді әрі тез шығару жолдарын меңгеру — жоғары нәтижеге жетудің басты қадамы.
Есепті дұрыс талдау, формуланы тиімді қолдану және қысқа тәсілмен шығару арқылы уақытты үнемдеуге болады.
Бүгінгі видеода физика есептерін оңай әрі жылдам шығарудың пайдалы әдістерімен таныс боласыздар!
📚 ҰБТ-ға бірге дайындалайық!
✨ Білім — болашаққа бастар жол!

https://www.instagram.com/reel/DYl0EQRolZd/?igsh=ZjIyMDBtZ2F5dmxq

25
мая
2026

Мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда Астана қаласындағы Қазақ ұлттық спорт университетінің студенті Түсіпбеков Әділ жас ұрпаққа кәсіби бағдар беру мақсатында өзінің білім алып жатқан университеті туралы мектебімізде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында университеттің білім беру бағыттары, спорт, дене шынықтыру, фитнес, реабилитация және спорт менеджменті салалары бойынша мамандықтары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар оқу орнының заманауи материалдық базасы, спорттық инфрақұрылымы, халықаралық байланыстары және студенттерге жасалған мүмкіндіктері таныстырылды.
Оқушылар болашақ мамандық таңдау жөнінде пайдалы мәлімет алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

түлек26

13
мая
2026

Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебінің эстетикалық  әдістемелік бірлестік апталығының қорытындысы

2025-2026 оқу жылы

Өтілу мерзімі:  27–30 сәуір аралығы

 Дүйсенбі, 27 сәуір күні әдістемелік апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың ашылуы барысында мұғалімдер мен  оқушыларды апталық жоспарымен таныстырды, белсенді қатысуға шақырды.

Апталықты жоғары деңгейде өткізу мақсатында бірінші қабат дәлізі эстетикалық бағыт тақырыбына сай безендірілді. Сонымен қатар, арнайы көрме ұйымдастырылды.

инош9

       27 сәуір  күні көркем еңбек пәні мұғалімі Е.К.Омаров 9"А"-сынып оқушыларымен «Лазерлік станокта гравировка жасаудың негіздері» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты -оқушылардың еңбек пәніне деген  қызығушылығын арттыру, оқушыларға гравировка үшін дизайн құрудың негізгі әдістерін көрсету, сонымен қатар, графикалық редакторларды пайдалану дағдыларын дамыту.   Оқушыларға лазерлік гравировка технологиясы туралы теориялық білімдерін арттыру және практикалық дағдыларын дамыту. Сабақ оқушылардың қызығушылығын арттырып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

 инош3

       28 сәуір  күні дене шынықтыру пәні мұғалімі И.М. Ауппаева 2 "А"-сынып оқушыларымен «Таза ауадағы дене тәрбиесі» атты ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты – оқушылардың физикалық белсенділігін арттыру, денсаулықтарын нығайту және табиғатқа деген сүйіспеншілікті дамыту.Оқушыларды табиғатпен таныстыру, экологиялық тәрбие беру, таза ауада өткізілетін уақыттың маңыздылығын насихаттау.

инош1

         28 сәуір  күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.Далелхан  5-6 сынып оқушыларымен «Белсенді үзіліс-денсаулық негізі» атты көңілді үзіліс өткізді.Сабақтың мақсаты – оқушылардың денсаулығын жақсарту, белсенділік деңгейін арттыру және оқу процесін креативті әрі тиімді етіп ұйымдастыру.Үзіліс кезінде физикалық жаттығулар мен ойындар оқушылардың қозғалыс қажеттілігін қанағаттандыру, энергиясын қалпына келтіру. Белсенді үзілістердің оқушылардың зейінін және ойлау қабілетін жақсартудағы рөлін көрсету, оқу процессін тиімдірек ету.

инош2 

         28 сәуір  күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Т.Е.Досымханов 2 "Б"-сынып оқушыларымен «Таза ауадағы дене тәрбиесі» атты ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты – оқушылардың физикалық белсенділігін арттыру, денсаулықтарын нығайту және табиғатқа деген сүйіспеншілікті дамыту. Оқушыларға жаттығулар мен ойындарды қызықты және шығармашылық түрде өткізу, дене тәрбиесін ойын арқылы үйрету.

инош4

      28 сәуір  күні көркем еңбек пәні мұғалімі Г.С.Жабайканова  8-9 сынып оқушыларымен «Ұлттық әшекей жасау» атты шеберлік сағатын өткізді.Сабақтың мақсаты- әшекейлер айырбас құралы немесе сый-сияпат ретінде қолданылған. Ұлттық әшекей жасау – тек сәндік өнер емес, ол халықтың тарихын, мәдениетін, дүниетанымын және тұрмысын айқындайтын терең мәнге ие дәстүр.

инош5 

         29 сәуір  күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Т.М.Жұмадиров  5"А"-сынып оқушыларымен «Баскетбол ойынының негізі» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты -оқушыларға баскетбол ойынының шығу тарихы мен негізгі ережелерін түсіндіру. Допты лақтыру, беру, алып жүру және қорғаныс тәсілдерін үйрету.Ойын барысында қозғалыс үйлесімділігін, жылдамдықты және дәлдікті дамыту. Командалық жұмыс пен бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру.Спортқа қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

инош6

          29 сәуір  күні  музыка пәні мұғалімі Л.Н.Байбулова  2"А"-сынып оқушыларымен «Тапқыр болсаң-аспапты ата» атты көңілді үзіліс өткізді.Сабақтың мақсаты -оқушыларға қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын таныстыру.Әр аспаптың атауын, түрін және ерекшелігін ажырата білуге үйрету.Музыкалық аспаптарды тану арқылы ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру.Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын және есте сақтауын дамыту.Ұжымдық жұмыс барысында бір-бірін тыңдау, қолдау дағдыларын қалыптастыру.

инош7

          29 сәуір  күні мектеп кітапханашысы С.Садуакасова  1-4 сынып оқушыларымен «Алтын сақа» атты көңілді үзіліс өткізді.Сабақтың мақсаты - оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын байыту.

инош8

           30 сәуір  күні дене шынықтыру мұғалімдері  апталықтың жабылу салтанатына орай «Шынықсаң шымыр боласың» атты эстафета өткізді.

инош10          

 

Эстетикалық пәндер апталығы барысында жоспарланған барлық іс-шаралар жүйелі түрде, жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Апталық аясында көркем еңбек ұл балаларға, көркем еңбек қыз балаларға, дене шынықтыру, музыка, алғашы әскери дайындық пән мұғалімдері мен кітапхана жетекшісі өз тәжірибелерімен бөлісті.

Өткізілген іс-шаралар оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың логикалық ойлау, шығармашылық  және  топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға зор ықпал етті. Әсіресе көл өнер жұмыстары мен ойын элементтерінің енгізілуі оқушылардың белсенділігін арттырып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға мүмкіндік берді.

Үзіліс уақыттарында ұйымдастырылған қосымша ойындар мен тәжірибелер оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасап, білімге деген ынтасын күшейтті. Әрбір пән бойынша өткізілген сайыстар мен сабақтар мазмұнды, тартымды және оқушылар үшін пайдалы болды.

Қорытындылай келе, апталық өз мақсатына толық жетті деп есептеледі. Оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, жаңа мәліметтер алып, пәндерге деген қызығушылықтарын арттырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© 2026. Все права защищены.