ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
4
июня
2026

Мектебіміздің оқушысы РАДАТ АЛМАЗ
*«Менің Отаным – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауында*
«Отаным – қасиетті туған жерім» номинациясы бойынша
ІІІ дәрежелі ДИПЛОМ иегері атанды! 
Жетекшісі: Абдугалиева Айнаш Айтбаевна.
Бұл жетістік – ізденіс пен шығармашылықтың, еңбек пен табандылықтың жемісі.
Оқушымызға биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! 

сас7

https://www.instagram.com/p/DY65nTWu-pI/?igsh=MWtucmg4dGN2dmpkeA==

 

19
мая
2026

Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Тоқтамыс Алтынай облыстық «Саз бен сөз» байқауының жеңімпазы атанып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Ағымдағы жылдың 4–6 мамыр күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық байқауға қатысып, жүлделі орын алмаса да, жоғары өнері мен шығармашылық шеберлігінің нәтижесінде «Жас дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша қатысушы сертификатымен марапатталды.
Алтынайдың өнер жолындағы талпынысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта биік жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!

алтынай

https://www.instagram.com/p/DYcdLp6mGuO/?img_index=1&igsh=eWxpaGRvYXZsbTZ1

13
мая
2026

"Бүлдіршін-2026" аудандық мектепке дейінге балалар шығармашылығының фестивалінде "Хореграфия" наминациясы бойынша Павлодар облысының білім беру басқармаксы,Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің "А.Құнанбаев атындағы ЖОББМ" КММ "Жау-жау жаңбыр" бин билеп II дәрежелі диплом иегерлері атанды. 

ся8

 

24
апреля
2026

Жеңіл атлетикадан Ұлттық мектепішілік лига аясында 5-6 сынып оқушылары арасында 3- орын
Жетекшісі:Жумадиров Т.М.
Оқушылар тізімі :
1.Тұрсынкелді Арсұлан
2.Өркенбай Бауыржан
3.Муратов Азат
4.Жунусов Арсылан

щ4

24
апреля
2026

2026 жылғы 23 сәуір күні “Радуга” мектептен тыс жұмыстар орталығында «Жыл мезгілдері» атты жас сәнгерлер байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Байқау жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және заманауи сән өнеріне қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, қарапайым материалдардан ерекше сән үлгілерін жасап, тың идеяларымен ерекшеленді. Әр кезеңде командалар тапқырлық, үйлесімділік және креативтілік тұрғысынан бағаланды.
Аталған байқауға 8 «А» сыныбының «Қарлығаш» командасы құрамында Жандыбаева Сабина, Мусаева Тамирис және Узыханова Дарина қатысып, жоғары дайындық пен шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде Бас жүлдені жеңіп алды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа идеялар мен биік жетістіктер тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DXew-r8CNE_/?igsh=MXBzamNydzl3N2xycA=

щ3

21
апреля
2026

«Шарбақты аудандық оқу-ағарту қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының жылдық жоспарына сәйкес, «Шарбақты ауданының білім беру бөлімі» ММ-мен бірлесе отырып, кәсіподақ мүшелері арасында дәстүрлі жазғы спартакиада жалғасуда.

Екінші кустық кезең Жаңа-ауыл жалпы орта білім беру мектебінің базасында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жарыстар шынайы тартысқа толы болып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Қатысушылар ұйымшылдық танытып, жеңіске деген ұмтылыс пен өзара қолдаудың үлгісін көрсетті.

📊 ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

🎯 Тоғызқұмалақ
Ерлер:
🥇 Жұманов Алишер Тлекович (Галкин ЖОББМ)
🥈 Жұмадиров Тумар Маралович (Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ)
🥉 Жұмабаев Аян Алексеевич (№3 ЖОББМ)
Әйелдер:
🥇 Жұманғалиева Айгерім Бегендіковна (Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ)
🥈 Адильбаева Бибігүл Толегеновна (Галкин ЖОББМ)
🥉 Слямбекова Назерке Ерсайновна (Жаңа-ауыл ЖОББМ)

🏓 Үстел теннисі
Ерлер:
🥇 Кисамиденов Нұртай Ақтаевич (Алексеевка ЖОББМ)
🥈 Досымханов Тлеужан Ерболович (Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ)
🥉 Серикпаев Нұрсұлтан Мұратович (Галкин ЖОББМ)
Әйелдер:
🥇 Мырзабаева Маржан Қабдрахмановна (Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ)
🥈 Макишева Зухра Сергеевна (Жаңа-ауыл ЖОББМ)
🥉 Урадзинова Светлана Бесембаевна (Алексеевка ЖОББМ)

♟ Шахмат
Ерлер:
🥇 Гонтовой Сергей Вадимович (№3 ЖОББМ)
🥈 Далелхан Ерболат (Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ)
🥉 Кайсаринов Сарсенбай Серикпаевич (Галкин ЖОББМ)
Әйелдер:
🥇 Маняпова Гүлбира Қабылғазовна (Жаңа-ауыл ЖОББМ)
🥈 Есалимова Римма Нагимовна (Алексеевка ЖОББМ)
🥉 Жұманғалиева Айгерім Бегендіковна (Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ)

🏐 Волейбол:
🥇 Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ
🥈 №3 ЖОББМ
🥉 Жаңа-ауыл ЖОББМ

Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Жаңа-ауыл ЖОББМ директоры Сарденешева Раушан Уақпаевнаға, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Макишева Әсемгүл Жұбанышқызына, сондай-ақ мектеп ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз! 

https://www.instagram.com/reel/DXPWWD8jIji/?igsh=OTF4ODFnOWo0NmN0

7
апреля
2026

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысып, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері атанған Макишева Айжұлдыз. Пән мұғалімі Есимханова А.М.

айжұлдыз

3
апреля
2026

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта 6-сынып оқушылары арасында STEM бағытындағы олимпиада ұйымдастырылды. Бұл зияткерлік сайыс оқушылардың инженерлік, математикалық және жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

STEM ARENA олимпиадасы Павлодар облысы білім басқармасының қолдауымен «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат» КММ тарапынан ұйымдастырылып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне және қатысушылардың әділ бағалануына мүмкіндік жасалды. Іс-шараның негізгі мақсаты – дарынды оқушылардың зерттеушілік әлеуетін дамыту, сондай-ақ оларды ерте кәсіби бағдарлауға ықпал ету болды .STEM ARENA олимпиадасында қатысушылар командалық форматта жұмыс істеді. Әр команда берілген тапсырма бойынша өз жобасын дайындап, оны қорғады. Тапсырмалар «Инженерлік іс», «Дизайн», «Жаратылыстану ғылымдары» және «Математикалық сауаттылық» бағыттарын қамтыды. Оқушылар өз зерттеуінің мақсатын анықтап, тәжірибе жүргізіп, нәтижесін талдап, қорытынды жасады. Аталған зияткерлік додада 6-сынып оқушылары Исмагул Ғалымжан, Қуаныш Өміртай, Манап Айнияз, Ерғалым Жансерік, Қайырболат Шахмұрат III дәрежелі дипломмен марапатталып, жүлделі III орынды иеленді. Бұл жетістік – оқушының білімге деген қызығушылығының, шығармашылық ізденісінің және табандылығының нәтижесі.Осындай олимпиадалар оқушылардың тек білімін ғана емес, сонымен қатар олардың командалық жұмыс, жауапкершілік және креативті ойлау қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Болашақта да осындай жетістіктер жалғасын табады деген сенімдеміз.

стем3

© 2026. Все права защищены.