2026 жылғы 27 қазанда күзгі демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебімізде 5–11 сынып оқушылары арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты – оқушылардың күзгі демалыс уақытын тиімді әрі қызықты өткізуіне жағдай жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын арттыру, дене шынықтыру дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ командалық рухты, ұйымшылдық пен өзара сыйластықты қалыптастыру.
Спорттық сайысқа «Қыран», «Жалын» және «Тұлпар» атты үш команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын, төзімділіктерін және спорттық шеберліктерін көрсетті. Әр команда жеңіске деген жігерін танытып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Ойын барысында қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық бірліктің, өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете білді. Жарыс оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың спортқа деген ынтасын арттыра түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – «Қыран» командасы;
ІІ орын – «Жалын» командасы;
ІІІ орын – «Тұлпар» командасы.
Жарыс соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдег�
https://www.instagram.com/reel/DfGyE4AINsz/?obrf=MTh4Nmhvbmg5Nmgyag==