«Таза Қазақстан» – тазалық өзімізден басталады!2026 жылғы 23 қазанда, бірінші тоқсанның соңғы оқу күнінде, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектебімізде «Таза сынып – таза мектеп» челленджі ұйымдастырылды.
Челлендж барысында сынып жетекшілері мен оқушылар бірлесіп, сынып бөлмелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Оқушылар сыныптарын ретке келтіріп, парталарды сүртіп, едендерді жуып, кабинеттердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Аталған шараның мақсаты – оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Таза сынып – таза мектеп! Тазалық әрқайсымыздан басталады!
https://www.instagram.com/p/De3gjaoDvuW/?dlrf=eWw1dm9ua3MwNWY3
https://www.instagram.com/reel/De4Y9oVOsyK/?exln=NGd0dmZxeW9wNG51




