ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
12
марта
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 8 наурыз мерекесі қарсаңында «Әдебиеттегі әйел әлемі» атты әдеби шара өтілді.Мақсаты: Дәстүрлі дала мәдениетінде қазақ әйелдері өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретіндегі әлеуетін өнер-білім саласында, сондай-ақ, қоғам кайраткерлері ретінде көрсетіп, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі болды.Тарихта болған Болған ана, Домалақ ана, Дарабоз ана, Қарқабат ана, Қызай ана, Найман ана, Ұлпан аналар - рулы елдің бүтіндігіне сабақтасқан.
Әйел адамның қоғамда алатын орны мен оның өмірдегі ерекше жан екендігін көрсететін қасиеттері мен рөлін жеткізе отырып, оқушылардың бойына ананы жалпы үлкен кісілерді ардақтауды, құрметтеуді, қастерлеуге үйрету, тәрбиелеу.

ээ1

11
марта
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Алғыс айту күніне орай мектеп оқушылары ақын жазушыларға өз алғыстарын білдірді. Мақсаты: оқырмандардың жанұяға, ата-анаға, үлкен-кішіге және ақын жазушыларға деген сүйіспеншіліктерін нығайту, елімізде тұрып жаткан ұлттар арасындағы достық пен бірлікті дәріптеу, шын көңілмен алғыс айта білуге баулу.

бж2

11
марта
2026

2026 жылғы 18 ақпанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбылдың жырлары» атты көркемсөз байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мектептің кітапхана меңгерушісі С. Садуакасованың ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кең көлемді кітап көрмесі қойылып, оқушыларға ақын туралы толық ақпарат берілді. Көрмеде ақынның жыр жинақтары, естеліктер мен танымдық материалдар ұсынылды.
Жамбыл атамыз – қазақ поэзиясының асқақ тұлғасы, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ақын. Оның жырлары – елдік пен ерліктің, адамгершілік пен отансүйгіштіктің жарқын айғағы, ұрпаққа өнеге болып қала береді.
Бүгінгі байқауда бастауыш сынып оқушылары ақынның өлеңдерін шеберлікпен мәнерлеп, жатқа айтып, өздерінің көркем сөз өнерін көрсетті. Балалар сахнада сөздің күші мен эмоциясын әсерлі жеткізіп, көрермендердің жүрегіне жол тапты.
Қатысушылар төмендегі критерийлер бойынша бағаланды:
– Өлеңді жатқа айту шеберлігі;
– Дауыс ырғағы мен дикциясы;
– Мәтін мазмұнын толық түсінуі;
– Сахна мәдениеті мен сценалық көрінісі;
– Жалпы көркемдік әсері.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар:
І орын:
4 «Б» сынып оқушысы Қанат Қарақат
4 «А» сынып оқушысы Еркін Жұпар
ІІ орын:
4 «Б» сынып оқушысы Қанат Айсұлтан
3 «А» сынып оқушысы Тайтелиева Айша
ІІІ орын:
4 «Б» сынып оқушысы Оспанов Алан
3 «Б» сынып оқушысы Амангелді Ақбаян
Қалған қатысушылар – Өмірзақ Жұмагүл, Жанатбек Ерназар, Мәндібаяр Дінмұхаммед белсенді қатысқандары үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Барлық оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің өнерлеріңіз – Жамбыл Жабаев шығармашылығының асыл мұрасын бойымызға сіңірудің жарқын көрінісі. Алдағы уақытта да шығармашылық ізденістеріңіз бен сахнадағы шеберліктеріңіз арта берсін!

https://www.instagram.com/reel/DU6CHhMiF76/?igsh=eTJjdWZ5Z2Fzd3F4

11
марта
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Отты жалдар жаңғырығы» атты тарихи кеш өтілді. Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылган, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, жауынгерлердің қысқа гұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отан сүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.

https://www.instagram.com/p/DU4YU-6CAig/?igsh=MXpoeXAwMjN4cHZv

11
марта
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Шын жүректен кітап сыйла» атты акциясы ұйымдастырылды.Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және кітап қорын толықтыру бағытталған.
Аталған акция барысында оқушылар мен педагогтер өз еріктерімен көркем әдебиет, танымдық және балаларға арналған кітаптарды мектеп кітапханасына сыйға тартты. Іс-шара жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға, оқырмандық мәдениетін дамытуға және білімге құштарлығын арттыруға тәрбиелеу .

https://www.instagram.com/reel/DUsw3pzCFOA/?igsh=MWRyYWQ1dmVqMmpuZw==

11
марта
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Интернет орнына кітап» атты ақпараттық сағат өтілді.
Мақсаты: Оқушылардың интернет туралы толық ой калыптастыру, кітап оқу арқылы тапқырлықа, ізденімпаздықа, шығармашылықа баулу, тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/reel/DUsm7h-CD9n/?igsh=MWpiNGtwMzR5MnF0dg==

11
марта
2026

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Балалар кітапханасы» жобасы негізінде мектеп кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай 2-4 сынып оқушылары арасында «Мұқағали мұрасы қазақтың қазынасы» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.

Сайыстың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру, көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыру.

Сайыс барысында қатысушылар ақынның жүрекке жылы тиетін өлеңдерін жоғары деңгейде мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Олар өз өнерлерін көрсете отырып, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына деген терең кұрметтерін білдірді.

Аталған іс-шара жас дарындарды қолдап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Оқушылардың өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ақын мұрасын жас ұрпақтың жаңаша көзқараспен қабылдауына жол ашты.

Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы бойынша:
І орын иегерлері:
- 4 «А» сынып оқушысы Өмірзақ Жұмагүл;
- 4 «Б» сынып оқушысы Каиртасов Нурасыл.
ІІ орын иегерлері:
- 4 «Б» сынып оқушысы Амангелді Амина;
- 4 «Б» сынып оқушысы Зинатқызы Әмина.
ІІІ орын иегерлері:
- 4 «А» сынып оқушысы Еркін Жұпар;
- 3 «Б» сынып оқушысы Амангелді Ақбаян

https://www.instagram.com/reel/DUa8-orCPJJ/?igsh=MTB3bzk4aDhldzBkNw==

11
марта
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Дебат» жобасы аясында «Қоғамдағы заң және тәртіп» және «Болашақтың саналы азаматын қалыптастыратын кітап оқу немесе қауіпсіз цифрлық ортама» атты мектеп парламентінің қатысуымен өткізілген дебат – оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған пікірсайыс алаңы. Дебат барысында мектеп парламентінің мүшелері мен оқушылар өзекті тақырыптар бойынша көзқарастарын білдіріп, қарсы тараптың пікірін тыңдап, мәдениетті түрде ой бөлісті. Іс-шара оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және демократиялық құндылықтарды түсінуге ықпал етті. 

https://www.instagram.com/reel/DUS9GbJCCQM/?igsh=aTFubGU3bTJjd3Zq

© 2026. Все права защищены.