ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
12
декабря
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Bookcrossing»  Өзің оқы, басқалар да оқысын! атты пікір алмасу өтілді.Мақсаты: Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттер бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңеді. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру оқушыны өмірге дайындаудың негізі болып табылады.

кітап 1

12
декабря
2024

Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі  Шарбақты аудандық орталықтандырылған  кітапхана жүйесімен бірлесе мектеп оқушылар арасында «Ғажайып алаңы» қызықты және танымдық ойын өткізді. 

Көпшілікке  таныс ойын арқылы мемлекеттік тілді құрметтеу, қолдану аясын кеңейту  және  қазақстандық балалар жазушысы, балалар туралы көптеген шығармалардың авторы, ақын Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайында сұрақтар қойылып, жүйрік жауап берген қатысушылар келесі кезеңдерге  өтіп, финалға шығып,  Самат Алихан  жеңімпаз атанды.  Шара барысында Абай мектебінің оқушылары Ерген Нұрислам, Зинатұлы Әли  және Зинатқызы  Әмина  өнер көрсетті. Барлық қатысушылар грамота, алғыс хат және  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

кітап 1

11
декабря
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Абайлаңдар балалар!» атты викторина ойыны өтілді. Мақсаты: Оқушыларға жолда жүру ережесін үйрете отырып олардан алған білімдерін пысықтау.
Өз ойларын ашық айтуға, көше тәртібі белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру.
Оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.

 кітап 1

11
декабря
2024

Балалар кітапханасы жобасы асында «Үнемі оқитын адам – табысты адам»  атты оқушыларды кітап оқуға қызығушылығын арттыру шарасы өтті.Мақсаты: Кітап – барлық білім мен ғылымның қайнар көзі, сарқылмас бұлағы. Кітап сегіз қырлы, терең сырлы тәрбиеші, ұлы үйретуші. Егер бала бастауыш сыныптан бастап, есейіп өсіп кеткенше көркем әдебиетті оқып дағдыланған болса, ол тек білім ғана алып қана қоймайды, оның тіл байлығы дамиды, ой-өрісі кеңейеді. Кейбір жанұяларда көркем әдебиеттерді жинау, балаларына оқып беру, балаларын кітап оқуға тәрбиелеу сияқты жақсы бағытқа тәрбиелеу. 

кітап оқы

11
декабря
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Тілім менің ғасырларға аманат» атты  5-қыркүйек Ахмет Байтұрсынұлы туған күніне арналған әдеби кеш өтілді.Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. 

кітап 1

11
декабря
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Отбасы- бәрінің бастауы» атты викторина ойыны өтілді.                                                                                                                  Мақсаты:

1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

2.Оқушылардың  есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу. 

кітап 1

 

 

11
декабря
2024

Бүгін Абай Құнанбаев атындағы мектебінде  "Абай-ұлы даланың ұлы тұлғасы" атты әдеби кеші өтті. Мақсаты: Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, эстетикалық тәрбие беру.Әдеби кешке ұстаздар мен балалар қатысып, оқушылар Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Жұртбай Абай ақынымыздың күйін орындап берді.

кітап 1

11
декабря
2024

     Әр оқу жылының бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар. 2021 жылдан Білім беру мектептерінің қағидаларының қатарына енген жақсы жаңалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы

                2020 жылғы 21 қазандағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында   Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша   мектеп кітапханалары қызметінің барлық бағыттарын қамтыған "Оқуға құштар мектеп " республикалық жоба бастау алды.

 ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ:

Оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру; жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру; оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында оқуды танымал ету үшін жағдай жасау. Мектеп кітапханаларына қоғамның назарын аудару.

МІНДЕТТЕРІ:

-Оқу құзыреттілігін арттыру және оқуға тарту мақсатында оқушылардың

оқырмандық қызығушылықтарына әсер етудің белсенді формалары мен әдістерін, педагогикалық идеяларын іздеу;

-Мектеп оқушыларының оқырмандық белсенділігін ұйымдастыру және оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеттегі оқырмандық қалауын ескере отырып, отбасылық оқуды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

-Мектеп кітапханаларын ресурстық ақпараттық-кітапханалық және мәдени-ағарту орталықтары ретінде дамытуға ықпал ету ;

-Кітап оқуды алға жылжыту бойынша жұмыс тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату;

-Ата-аналарды балаларының кітап оқуға белсенділігін қолдауға тарту, оларға отбасылық бос уақытты кітап оқу ортасына айналдырып, рухани қарым-қатынас жасауға көмек көрсету;

-Отбасылық кітап оқу дәстүрлерін жандандыру;

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

- Мектеп кітапханалары жұмысының әдістемесі мен практикасына инновациялық жобалар мен технологиялар апробацияланады және енгізіледі;

- Мұғалімдердің, кітапханашылардың әдістемелік материалдар банкі жинақталады;

- Жұмыс тәжірибесі жинақталады және таратылады;

- Отбасылық кітап оқу дәстүрі жаңғыртылады;

- Мектеп кітапханаларының ақпараттық ресурстарын пайдаланушылар саны артады;

- Балалардың жүйелі, шығармашылық, дамытушылық оқу дағдылары қалыптасады. 

кітап 1

© 2025. Все права защищены.