Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры Сайдембаева Алия Шұратқызы мен әдебиеттерді ғылыми өңдеу бөлімшесінің басшысы
Байдуанова Лязат Амангелдіқызы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапхана жұмысын зерделеді.
Сапар барысында мамандар мектеп кітапханасының жұмыс бағыттарын, кітап қорының жасақталуын, оқушылардың оқырмандық белсенділігін қарастырды.
Сонымен қатар мұғалімдер және оқушылармен дөңгелек үстелде пікір алмасып, кітапхана қызметін жетілдіру және оқырмандық мәдениетті дамытуға қатысты ұсыныстар талқыланды.
Іссапар соңында мамандар кітапхана жұмысына оң бағаларын беріп, алдағы жұмыс бағыттары бойынша ұсыныстар жасады.
https://www.instagram.com/reel/DRR7s4QCNzK/?igsh=eWVrcmQxYWkwcHVx




