ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
1
Қараша
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «12 айда – 12 кітап» жобасы аясында оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен «Кітап әлемінде» атты әдеби кездесу ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды шара өткізілді.
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті кеңінен насихаттау, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың бойында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
Әдеби кездесудің алғашқы сөзі мектеп директоры Нурмира Омиржанноваға берілді. Мектеп директоры өз сөзінде кітаптың адам өміріндегі маңызына тоқталып, көркем әдебиеттің жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамытудағы және рухани тәрбиесін қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар оқушыларды кітаппен дос болуға, білімге құштарлық танытып, ізденіс үстінде жүруге шақырды.
Шара барысында 10-сынып оқушылары да өз ой-пікірлерін ортаға салып, кітап оқудың пайдасы мен әдеби шығармалардың адам өміріндегі орны туралы ой бөлісті.
Кездесуге орыс тілі пәнінің мұғалімі Айтжамал Мадатовна, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айман Серигханкызы және мектеп психологі Аймереке Сматовна қатысып, кітап оқудың тіл байлығын арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға тигізер ықпалы жөнінде тағылымды ойларын жеткізді. Ұстаздар мен оқушылар арасында мазмұнды пікір алмасу өрбіді.
Кездесудің ерекше сәттерінің бірі – шара соңында мектеп директоры Нурмира Омиржанованың оқушыларға оқуға арналған көркем шығармаларды ұсынуы болды. Атап айтқанда, 10-сынып оқушысы Абжатова Дильназға Бауыржан Жақыптың «Жан дауысы» поэмасын, ал 7 «Б» сынып оқушысы Айтбай Үкіліайға Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқуға кеңес берді.
Бұл ұсыныс оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың көркем шығармаларды өздігінен оқып, мазмұнын түсініп, терең ой түюіне бағытталған игі бастама болды.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы кітап оқудың маңыздылығы насихатталып, ұстаз бен оқушы арасындағы рухани байланыс нығая түсті. «12 айда – 12 кітап» жобасы аясындағы әдеби кездесу қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, кітап әлеміне деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
Кітап – рухани қазына, оқырман – сол қазынаның шынайы иесі!

https://www.instagram.com/reel/DfIFA7YOd7b/?srtk=MWRsbjhoNnRnZjlmdQ==

1
Қараша
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Ертегілер әлемінде» атты оқыған кітаптары жайлы сурет салу және видеоролик жасау жұмысы жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/DfG0CjUiFXn/?rpxt=MWVlMDIyMmo0bXQ1Yw==

https://www.instagram.com/p/DfG0QyUiGcB/?vrfl=a3p6N2w3dzU5ZDJr 

https://www.instagram.com/reel/DfHk3_dOCvc/?xtok=NDA2NDR0a2Mwandt

 

1
Қараша
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында күзгі демалыс кезінде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдеби танымын кеңейту, ойлау қабілеті мен тапқырлығын дамыту мақсатында «Тапқыр достар» атты викториналық ойын өткізілді.
Мақсаты: оқушылар кітап әлеміне саяхат жасап, әдеби шығармалар мен олардың авторлары туралы білімдерін ортаға салды. Викториналық сұрақтарға жауап беріп, шығармалардың мазмұны, кейіпкерлері мен оқиғаларына қатысты тапсырмаларды орындады. Ойын барысында қатысушылар өздерінің білімдерін, зеректігін, шапшаңдығын және тапқырлығын көрсетті.

https://www.instagram.com/reel/DfGyRmCI_he/?cplk=MXN5b3NuZTR2MnByMw==

1
Қараша
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Ертегі оқып өсемін» атты танымдық іс-шара аясында 1-сынып оқушылары кітапханаға қонаққа келді. Мақсаты – оқушыларды кітапхана өмірімен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегілер әлеміне саяхат жасау арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту және кітапты құрметтеуге тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/reel/De05XBru379/?dlrf=MXJ5NGd3NHd2d2J0bw==

23
Қазан
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 25 қазан – Республика күніне орай кітапханада «Республика күні – елдігімнің бастауы» атты викториналық ойын ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушыларға Республика күнінің маңызын түсіндіру, Қазақстан Республикасының тарихы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық құндылықтары мен жетістіктері туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштікке және елін құрметтеуге тәрбиелеу.
Викториналық ойын барысында қатысушыларға еліміздің тарихы, тәуелсіздігі, мемлекеттік рәміздері, Ата Заңы және туған жер туралы түрлі сұрақтар қойылды. Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Ойын қызықты әрі тартымды өтіп, қатысушылардың танымдық қабілеттерін арттыруға ықпал етті.

https://www.instagram.com/reel/De1hD2Ju5WH/?psln=NWd4a3g2ZzhqZnQ4

23
Қазан
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «12ай-12кітап» жобасы аясында 10-сынып оқушысы Луис Пратс «Хачико» атты шығармасын қыркүйек айы бойы оқыды талқылады.

https://www.instagram.com/reel/DeoYjCYuct-/?psln=a3RqZHB4MGZtcHIy

23
Қазан
2026

📚 «12 ай – 12 кітап» және «Кітап оқитын ұлт» жобасы
Мектебімізде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың рухани дүниесін байытып, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «12 ай – 12 кітап» жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Жоба аясында бүгінгі сұхбатымызды мектебіміздің кітапханашысы Сәдуақасова Самалмен өткіздік. Сұхбат барысында кітап оқудың маңызы, кітапхананың рөлі және жас ұрпақты кітап оқуға баулудың жолдары туралы ой қозғалды.Назарларыңызға бүгінгі сұхбатымызды ұсынамыз!Кітап оқу – жаңа білімге бастайтын 12 қадам!

https://www.instagram.com/reel/Deyazk-A7Zh/?mdxt=cTNwMnpqOTM4a2x0

19
Қазан
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «12ай-12кітап» жобасы аясында 10-сынып оқушысы Луис Пратс «Хачико» атты шығармасын қыркүйек айы бойы оқыды талқылады.

https://www.instagram.com/reel/DeoYjCYuct-/?rpxt=a3RqZHB4MGZtcHIy

© 2026. Все права защищены.