ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
22
Маусым
2026

БАЛА КӨҢІЛІ-ӨМІРДІҢ ЕҢ ЖАРҚЫН БОЯУЫ: ШАТТЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ЛЕБІ

Жазғы демалыс – балалар үшін тек оқудан тынығу ғана емес, сонымен қатар жаңа достар тауып, тұлға ретінде дамитын ерекше кезең. Осы орайда Павлодар облысының білім басқармасына қарасты “Өңірлік психологиялық қолдау орталығы” КММ бастамасымен «Шаттық алаңы» жобасы аясында Шарбақты ауданындағы Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде бірқатар іс-шаралар өткізілді. “Өңірлік психологиялық қолдау орталығының” бұл авторлық жобасы оқушылардың жазғы уақытын тиімді әрі психологиялық тұрғыдан пайдалы өткізуге бағытталып отыр. Мектептің педагог-психологі Аймереке  Смайлованың жетекшілігімен жазғы академия шеңберіндегі лагерьдің бірінші ауысымында жүзеге асырылып жатқан бұл жобаның басты мақсаты – оқушыларға қолайлы микроклимат құру арқылы айналасындағылармен тиімді қарым-қатынас орнатуға көмек көрсету. Жоба аясында тұлғааралық қарым-қатынас пен өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту, жағымсыз тәжірибелерді азайту және топтық ұйымшылдықты нығайту міндеттері көзделіп, маусым айында бірқатар мазмұнды іс-шаралар легі жоспарланған. 

                          ЖҮРЕКТЕГІ ЖЫЛУЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК МЕКТЕБІ

Лагерь өміріндегі ең маңызды қадам – балалардың бір-біріне деген сенімін арттырып, буллингтің алдын алу мақсатында өткізілген «Жүрегімдегі жылу!» атты арнайы тренинг болды. Бұл шара барысында оқушылар «Шекарасыз сәлемдесу» энерджайзері арқылы жаңазеландиялықтар сияқты мұрын түйістіріп, жапондарша бас иіп сәлемдесудің қызықты әдістерін байқап көрді. Сондай-ақ, «Достық өрмекшісі» жаттығуында балалар бір-біріне тоқыма жіп лақтырып, комплимент айту арқылы ортақ «достық өрмегін» тоқып, ұжымның бір-бірімен тығыз байланыста екенін терең сезінді. Осы мейірімділік эстафетасын жалғастырған «Қайырымды істер күні» акциясы аясында оқушылар «Жылы лебіз» марафонына қатысып, түрлі-түсті жүрекшелерге өз алғыстарын жазды. Балалар «Күлімсіреу вирусы» тапсырмасы арқылы күні бойы айналасындағы адамдарға комплимент айтып, жақсы энергия таратса, гүл жапырақшаларын жинау ойыны арқылы қайырымды адамның өзіндегі қуанышпен бөлісуі керектігін түсінді. 

                                       АРТ-ТЕРАПИЯ АРҚЫЛЫ ҚИЯЛҒА ҚАНАТ ҚАҒУ

Балалардың шығармашылық әлеуетін ашып, эмоциялық күйін жақсартуда арт-терапияның орны ерекше екені сөзсіз. Осы орайда ұйымдастырылған «Өмірді түрлі-түсті етейік» тренингінде қатысушылар «Көңіл-күй салюті» ойыны арқылы өз эмоцияларын түрлі түсті карточкалармен көрсетіп, әртүрлі сезімдерді дене қимылымен бейнелеп шықты. Шараның ең қызықты сәті – үлкен ватман бетіне боялған алақан іздерін қалдырып, одан ғажайып бейнелер жасап шығарған «Сиқырлы алақандар қаласы» ұжымдық жұмысы болды. Белсенді шығармашылықтан кейін балалар табиғат дыбыстары ойнатылған «Кемпірқосақ астындағы демалыс» релаксациялық жаттығуы арқылы бойларындағы кернеуді басып, тынығып қалды. 

                       ІШКІ СЕЗІМДІ ТАНУ ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ

Психологиялық денсаулықты сақтау және ішкі сезімдерді дұрыс тани білу мақсатында 5-7 сынып оқушыларына арналған «Менің эмоцияларым» сабағы да жоғары деңгейде өтті. Мұнда балалар «Ашуын басқаруды үйренген бұлт» ертегісін тыңдай отырып, ашуланғанда терең дем алудың маңыздылығын ұқты. Сонымен қатар, өздерінің жағымсыз сезімдерін қағазға жазып, оны мыжып қорапқа тастау арқылы ішкі кернеуден арылуды үйренді. Ең бастысы, оқушылар өзгелерді айыптаудың орнына, «Мен... ренжимін» деп өз сезімдерін сындарлы түрде жеткізуге баулитын «Мен-хабарлама» әдісін меңгеріп шықты. 

Қорыта айтқанда, «Шаттық алаңы» жобасы балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын емес, олардың бойындағы эмпатия, ұйымшылдық және өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, жазғы лагерьді нағыз психологиялық үйлесім мен мейірімнің мекеніне айналдыра алған құнды бастама болды.

Аймереке Смайлова,

педагог-психолог  

аймереке

18
Мамыр
2026

2026 жылғы 15 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 3–10 сынып оқушылары арасында «Әдемілікті қалай түсінесің?» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – оқушылардың сұлулық, ішкі және сыртқы әдемілік туралы түсініктерін анықтау, өзіндік бағалау деңгейін (самооценка) зерделеу және заманауи трендтердің бала психологиясына әсерін бағалау болды.
Сауалнама нәтижесінде оқушылардың басым бөлігінде рухани-адамгершілік құндылықтарға, ішкі мәдениет пен адам бойындағы ізгі қасиеттерге негізделген дұрыс түсініктің қалыптасқаны байқалды. Сонымен қатар, оқушылардың көпшілігі адам сұлулығын тек сыртқы келбетпен емес, мінез-құлық, әдептілік, мейірімділік және адамгершілік қасиеттерімен байланыстыратынын көрсетті.

https://www.instagram.com/reel/DYb7C7wgKKM/?igsh=cWNuOWthdXNqZ2No

30
Сәуір
2026

Бүгін мектебімізде «Жаһандық құзіреттіліктер» курсын қорытындылау мақсатында сонымен қатар облыстық деңгейде жүлде алған оқушылардың ғылыми жобаларын таныстыру мақсатында «Бүгінгі оқушы — ертеңгі әлем азаматы» атты ғылыми-танымдық кеш өтті. Шара барысында оқушыларымыз тек теориялық біліммен шектелмей, өздерінің ғылыми жобаларын ортаға салды.
Танымдық шарада:
• «Жергілікті деңгейде әрекет етіп, жаһандық деңгейде ойлау» қағидасы;
• Экологиялық мәдениет пен тазалық;
• Медиасауаттылық пен қаржылық еркіндік;
• Әдеп, этика және қауіпсіздік ережелері
• Азаматтық және патриотизазм
• Өмір қауіпсіздігі бөлімдерінің идеясы айтылды
Ғылыми жобалар сайысында облыстық, республикалық кезеңдерде топ жарған Алмаз, Нұрәлі және Жансұлу сынды жас зерттеушілеріміз өз тәжірибелерімен бөлісті. 10-сынып оқушылары оқу жылы бойы өткен «Жаһандық құзіреттіліктер» курсының маңызды бөлімдерінің маңыздылығына тоқталып, өзекті жаһандық мәселелер және олардың шешу жолдары туралы өздерінің шағын жобаларын қорғады.
Біздің мақсатымыз — бәсекеге қабілетті, жан-жақты және өз елінің патриоты болатын «Әлем азаматын» тәрбиелеу!

https://www.instagram.com/reel/DXtqq5zCHCR/?igsh=c3BjajZ6a3A2M2dv

15
Сәуір
2026

ва7

ва8 

                                                                             Семинарды өткізген:Смайлова А.С

 

3
Сәуір
2026

3«Б» сынып оқушыларымен  «Кел, дос болайық!» атты тақырыпта тренинг өтілді.
Мақсаты: Оқушыларға достықтың маңызын түсіндіру. Бір-біріне деген сенімділік, сыйластық, қолдау сезімдерін қалыптастыру. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

https://www.instagram.com/reel/DWoz1tSiHye/?igsh=MW5jdmljdzVmeDF4dA==

3
Сәуір
2026

30.03.2025 ж, мектебімізде «Жанұя жылуы» жобасы аясында ата-аналарға арналған «Отбасылық ресурстар» тақырыбында тренинг сабағы өтті. Шараның басты мақсаты — отбасының ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін анықтау, ата-аналардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыру және өзара қолдау дағдыларын нығайту.
Тренингке 25 ата-ана қатысты. 55 минутқа созылған сабақ барысында қатысушылар пікірталас, топтық жұмыс және түрлі практикалық жаттығуларға белсене араласты.
Ата-аналар «Ата-ана ретіндегі өзім жайлы 3 сөз» жаттығуы арқылы танысып, тренингтің мақсат-міндеттерімен танысты. Негізгі бөлімде «Отбасы ресурстары дегеніміз не?» атты мини-лекция тыңдалып, «Менің ресурс дөңгелегім» жаттығуы арқылы жеке және отбасылық ресурстар көзін анықтады. Сондай-ақ, топтық жұмыс барысында отбасының қолдау жүйесі ретіндегі рөлі талқыланып, «Ресурс-карточкалар» жаттығуы арқылы отбасы үшін маңызды 5 негізгі ресурс таңдалды.
Тренинг соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дайын екендіктерін білдірді. Ата-аналар мұндай шаралардың отбасылық қарым-қатынасты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Тренинг соңында ата-аналарға «Ресурс жинаудың 3 қарапайым жолы» атты жадынама таратылды.

https://www.instagram.com/reel/DWjIFa8CI9f/?igsh=MWtydXIwZXJoa3VnbA==

31
Наурыз
2026

Құрметті ата-аналар! Қорытынды аттестация және ҰБТ — бұл тек білімді тексеру емес, баланың төзімділігі мен эмоционалдық дайындығы сыналатын кезең. Осы жауапты сәтте балаңыздың ең басты тірегі — Сіз.

Балаңызға стресстен арылып, емтиханға нық сеніммен кіруіне қалай көмектесе аласыз?

  1. «Махаббат шарты емес» 🧡

Балаңызға емтихан нәтижесі қандай болса да, оны жақсы көретініңізді және қолдайтыныңызды түсіндіріңіз. Үрей — есте сақтау қабілетінің басты жауы. Бала «құлап қалсам, үйдегілер ренжиді» деген қорқыныштан арылғанда ғана, оның миы ақпаратты жақсы қабылдайды.

  1. Тиімді күн тәртібі — жетістік кілті
  • Ұйқы: Мидың демалуы үшін кемінде 8 сағаттық ұйқы қажет. Түнгі сағат 2-ге дейін кітап оқу — тиімсіз, өйткені шаршаған ми ақпаратты сақтамайды.
  • 45/15 ережесі: Әр 45 минут дайындықтан кейін 15 минут міндетті түрде үзіліс жасау керек. Бұл уақытта телефонға қарамай, физикалық жаттығу жасаған немесе таза ауамен тыныстаған дұрыс.
  1. Үйдегі психологиялық ахуал 🏠
  • Артық бақылаудан бас тартыңыз: «Неше тест шештің?», «Неге оқымай отырсың?» деген сұрақтарды жиі қою баланы тұйықтайды. Оның орнына «Шай ішесің бе?», «Көмегім керек пе?» деп қамқорлық көрсетіңіз.
  • Салыстырмаңыз: Көршінің баласымен немесе сыныптастарымен салыстыру баланың өзіне деген сенімін жояды. Оның кешегі жетістігі мен бүгінгі қадамын ғана салыстырып, мақтап отырыңыз.
  1. Дұрыс тамақтану және су балансы 🍎

Емтихан кезінде миға энергия қажет. Рационда мына өнімдердің болуын қадағалаңыз:

  • Жаңғақтар мен кептірілген жемістер;
  • Балық және сүт өнімдері;
  • Жеткілікті мөлшерде таза су (су ішу мидың жұмысын 15%-ға жеделдетеді).
  1. Сабырлы ата-ана — сенімді бала 🧘‍♀️

Егер сіз қобалжысаңыз, бұл күй балаға тез жұғады. Өз эмоцияңызды басқара біліңіз. Емтихан — бұл өмірдің соңы емес, тек бір белесі ғана екенін ұмытпаңыз.

Мектеп психологының түйіні: Балаңызға бере алатын ең үлкен сыйыңыз — ол сіздің сеніміңіз. «Сенің қолыңнан келеді, біз қасыңдамыз!» деген бір ауыз сөз кез келген репетитордан артық әсер етеді.

Сәттілік тілейміз!

Чек-лист: Емтихан кезінде балаңызға қалай көмектесуге болады?

Бұл қарапайым 8 қадам балаңыздың емтиханға стрессіз дайындалуына көмектеседі. Әр тармақты орындаған сайын белгі қойып отырыңыз:

  •  1. Сенім білдіру: Күн сайын «Біз саған сенеміз, қандай нәтиже болса да біз сені жақсы көреміз» деп айту.
  • 2. Ұйқы режимін қадағалау: Баланың түнде кемінде 8 сағат ұйықтауын қамтамасыз ету (ұйқы — мидың басты қорегі).
  • 3. «45/15» ережесін енгізу: Әр 45 минут оқудан кейін 15 минут міндетті үзіліс жасауын қадағалау.
  • 4. Су балансы: Оқу үстелінде әрдайым таза судың тұруын қадағалау (су ми жұмысын жақсартады).
  • 5. Салыстырудан бас тарту: Баланы басқа оқушылармен немесе «көршінің баласымен» салыстырмау.
  • 6. Эмоцияны басқару: Өз үрейіңізді балаға көрсетпеу, үйде сабырлы, жайлы ахуал орнату.
  • 7. Дұрыс тамақтану: Рационға жаңғақ, балық, жемістер мен көкөністерді қосу.
  •  8. Бірге серуендеу: Күніне кемі 20-30 минут таза ауада бірге серуендеп, емтиханнан басқа тақырыпта әңгімелесу.

💡 Психологтан лайфхак:

Емтиханға бір күн қалғанда баланы мүлдем оқытпай, демалдырған жөн. Бұл миға жиналған ақпаратты «сөрелерге» реттеп жинауға мүмкіндік береді.

 

31
Наурыз
2026

Тақырып: «Қыз — ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты дөңгелек үстел

Мақсаты: Заманауи қазақ қызының бейнесін қалыптастыру, ұлттық құндылықтар мен ана тілін құрметтеуге баулу, жаһандану дәуіріндегі әдеп пен тәрбие мәселелерін талқылау.

Өткізілу мерзімі: 6.03.2525 жыл

село: Шарбақты

Мектеп: Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ.

Класс: 9-11 сынып қыздары    Қатысушылар саны: 20

Іс-шараның қысқаша талдауы: Дөңгелек үстел еркін сұхбат түрінде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында келесі негізгі мәселелер көтерілді:

  1. Дәстүр мен заманауилық: Оқушылар заманауи қазақ қызының бойында тек терең білім ғана емес, ұлттық иба мен әдептің болуы маңызды екенін атап өтті.
  2. Тіл мәселесі: Аналар кеңесінің мүшелері ана тілін білмеу — өз тамырынан қол үзу екенін түсіндіріп, қыздарды мемлекеттік тілде сөйлеуге шақырды.
  3. Интернет мәдениеті: Әлеуметтік желілердегі мінез-құлық пен шынайы өмірдегі қазақи ұяңдықтың аражігі талқыланды.

Практикалық бөлім: Психологтың жетекшілігімен «Құндылықтар моншағы» тренингі өткізілді. Бұл жаттығу арқылы оқушылар ибалық, білімділік, тілді құрметтеу сияқты қасиеттердің өзара байланысын түсінді. Қыздар өз ойларын ашық айтып, аналардың ақыл-кеңестерін тыңдады. Іс-шара соңында «Ақ жаулықты аналар» бата беріп, қыздарға ақ жол тіледі. Оқушылар заманауилық — тренд қуу емес, ұлттық болмысты сақтай отырып, әлемдік білімді игеру екенін ұғынды. Іс-шара өз мақсатына жетті, қатысушылар ерекше әсермен тарқасты.

Өткізілген шара бойынша сілтемесі:  https://www.instagram.com/reel/DVvcXUuiLfx/?igsh=MTRpc3F2cWNkNmtyZQ==

Жауапты адамның аты-жөні, телефоны: Смайлова Аймереке Сматовна. 87773813941 

кем

© 2026. Все права защищены.