ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
17
Қазан
2024

«Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын-алу. Бірлесіп қарсы тұрайық»

Семинар мақсаты: сынып жетекшілеріне буллингтің алдын-алу бойынша іс-шаралардың тиімді жолдарымен  таныстыру және буллингтің алдын-алу стратегияларын меңгеруге ықпал ету.

Міндеттері:

  1. Мектепте буллингтің алдын-алу «ДосболLike»  бағдарламасын еске түсіре отырып, жандандыру;
  2. Мектепте буллингтің алдын-алуға байланысты команданың мүшелерімен таныстыру.
  3. Буллингтің алдын-алу бойынша 2024-2025 оқу жылына белгіленген  іс-шаралардың тиімділігін арттыру

 Әдістері: проблемалық жобалау, көрнекі аудио-бейне сүйемелдеуді пайдалану, оқытудың интерактивті әдістерін қолдану, тренинг элементтерін қолдану  

         Жоспар

  1. «Мен қандай адаммын». Әрбір сынып жетекшісі ақ параққа өзінің ерекшеліктері туралы жазып, автопортретін жасайды. Ата-жөнін жазады. Психолог жинап алады. Ортаға шығып оқиды. Басқалары кім екендігін анықтау қажет
  2. Семинардың мақсат, міндеттерімен таныстыру. «АДАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ ҰЛТТЫҚ ИНСТИТУТЫ» ұсынған слайд-презентация негізінде «БУЛЛИНГ  ЖӘНЕ  КИБЕРБУЛЛИНГ: АЛДЫН  АЛУ  ӘДІСТЕРІ  МЕН КҮРЕСУ  ЖОЛДАРЫ» тақырыбы бойынша интерактивті дәріс
  3. «Бала көңілі» бейнеролигін көру. Өз пікірлерін айту. Қорытынды жасау
  4. Тәжірибелік бөлім. 3 топқа бөліну. «Жәбірлеуші» (агрессор), «Жәбірленуші» (құрбан), «Бақылаушы» позицияларын талдау. Топтарға әр позиция бойынша таратпа қағаздар таратылады, онда сол позиция өкілдеріне кеңестік-ескерпелер жазылған. Әр топ сол позициялар туралы айтып, постер жасайды.
  5. «Буллинг» әлде «Конфликт». Әр түрлі кейстер ұсынылады. Әр топ әр жағдайлар бойынша буллинг пе, әлде конфликт пе ажыратып айтып берулері керек
  6. «Оқушылар арасында буллингтің орын алу жағдайы» сауалнаманың қорытындысы бойынша жасалған анализбен таныстыру

Қолданылатын кейстер:

1-кейс. Арман үй тапсырмасын көшіру үшін рұқсатсыз Дауреннің дәптерін алды. Дәурен ашуланып, Арманды ренжіте бастады. Төбелес басталып, екеуі де үйлеріне бет-ауызы көгеріп барды. Келесі күні Арман мен Даурен бір-біріне ренжіп, сөйлеспеді. Тағы бір күннен кейін олар татуласып, бұрынғыдай сөйлесе бастады.

2-кейс. Орта мектеп оқушысы Қанат екінші сыныптың оқушысы Дидардан ақша алды. Қанат мектеп қақпасының сыртында камера жоқ жерде Дидарды күтіп, бұтаның түбіне итеріп жіберіп, қорқытып, ақша талап етті. Екінші сынып оқушысы ата-анасына бұл шабуыл жөнінде айтудан қорықты, ақша жоғалттым деп өтірік айтты. Бұдан былай Қанат мен Дидар көріскен емес.

3-кейс. Карима Мадина деген сыныптасын ұнатпайды, сондықтан ол таныстарын Мадинаның өмірін бұзуға көндірді. Карима көпшілікке арналған телеграм-арнасын құрды, онда сыныптастары сыртқы келбетін, мінез-құлқын, хоббиін және отбасын сынайды. Мадина қасында болған кезде де дауыстап қайталайды. Сонымен қатар, сыныптастары спорттық киім ауыстыратын бөлмеде оның киімдерін жасырды және асханадағы түске аста тамақ салынған табағын айналдырып жіберіп әзілдеген болды. Мұндай жағдай бес айға созылады, Мадина мектепке барудан бас тартады.

Жауаптар:

1-кейс. Бір реттік төбелес. Мысалдағы жағдай буллинг емес, өйткені қақтығыстың нақты себебі болды және ол тез аяқталды. Қақтығыста күштер тең деп айтуға болады. Егер тіпті бір тарап екінші тараптың біршама күшті екенін сезсе де, ол қолдау тауып, өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Егер де бір бала екінші (немесе бүкіл сыныпқа) қарсы тұра алмаса, онда ол қорлау.

2-кейс. Эпизодтық шабуыл бұл жағдайды қорқыту деп те атауға болмайды, өйткені жүйелілік жоқ. Қанат ақшаны жалғыз өзі  бір рет және де жасырын түрде алып кетті. Сондай-ақ, орта мектеп оқушысының ақшаны алу мақсаты болғаны маңызды. Қорқытушы (буллер) үшін мақсат емес, процесс маңызды.

3-кейс. Сыныптас қыздар арасында ойластырылған қастандық бар және бұл жағдай – нағыз буллинг, өйткені бұл жүйелі түрде бірнеше айға созылған. Бұл жәбірлеушілердің материалдық мақсаттары жоқ. Олар бұл процестен ләззат алады

Изображение WhatsApp 2024 10 17 в 18.56.14 d53c59f7

Семинар өткізілуі жөнінде мектеп инстаграмына сілтеме https://www.instagram.com/p/DAq7OajtB4E/?igsh=b3p1a29wamVnZjk=

17
Қазан
2024

  1. Тоқта және ойлан: өз әрекеттерің мен басқаларға тигізетін зардабың туралы түйсінуге тырыс.
  2. Көмек сұра: жағдайды түсіну үшін мұғаліммен, ата-анаңмен немесе сенетін ересек адаммен сөйлес.
  3. Кешірім сұра және түзел: егер сен біреуді ренжіткен болсаң, кешірім сұра және мінез-құлқыңызды жақсы жаққа өзгертуге тырыс.
  4. Өз эмоцияларыңды таны және басқаруды үйрен: осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін эмоцияларыңды және мінез-құлқыңды қалай басқаруға болатындығы туралы білуге тырыс.
  5. Шешім қабылда: осы секілді оқиғаны болдырмас үшін, өзіңді қоршаған ортаға позитивті өзгерістерді енгізуге тырыс.

 

17
Қазан
2024

  1. Өзіңді жоғалтпа! Басында агрессорға мүлдем көңіл аудармауға тырыс. Бұл әрекет агрессор сенің буллингке/жәбірлеудің құрбаны болуға бейім екеніңді тексеру кезінде іске асады. Егер агрессор әрекет жасап, саған фмзикалық тұрғыда күш қолданса бұл әдіс іске аспайды.
  2. Мүмкін болса, агрессордан аулақ жүруге тырыс. Агрессор әдетте саған шабуыл жасайтын, адамдар аз жүретін орындармен жүрмеуге тырыс. Ересек адамдарға, әсіресе сенімді адамдарға, мұғалімдерге жақын бол. Ересек адамдардың болуы агрессорды тоқтата алады. Егер жәбірлеу/буллинг мектепке барар жолда болса, онда мектепке баратын және үйіңе қайтатын кезде басқа жолды таңда.
  3. Өзіңе ұнамайтын нәрсе туралы айт! Агрессорға «Тоқта», «Доғар», «Стоп» деген нақты сөздерді қолданып, оның әрекетінің саған ұнамайтынын жеткіз.
  4. Екінші бір адамға сенің жәбірлеп жатқаны туралы ескерт, дабыл қақ. Бұл туралы өзің сенім білдіретін мұғаліміңе, ата-анаңа, мектеп директорына немесе Буллингке қарсы топ мүшесіне ескерт.
  5. Сенім білдір. Есіңде сақта, буллинг – сенің кінәң емес. Көмек пен қолдауға жүгінуден қорықпа.
17
Қазан
2024

Мәселенің бар екенін мойында. Егер сен біреудің үнемі ренжігенін байқасаң, онда бәрі өздігінен шешіледі деп күтуге болмайды. Мәселені мүмкіндігінше тезірек шешуді бастау маңызды.

  1. Өзің сенетін ересек адамға оқиға туралы баянда: ата-анаң, сынып жетекшіңе, мұғалімдеріңнің біріне немесе мектеп психологіне жүгін. Егер сен оларға жүгінуге қысылсаң, онда сен оқиға туралы хат жазып, хатты сенім жәшігіне сал.
  2. Егер сен біреудің ренжіткенін көрсең, кедергі болуға тырыс. Жәбірлеу/буллинг жағдайында сен өзіңе қауіп төндірмеуің керек, бірақ егер сен жәбірлеу/буллинг жағдайына куә болсаң, онда дереу кедергі жасап, оқиғаны тоқтату маңызды. Егер сен мұны өзің жасай алмайтыныңды білсең немесе сезсең – айналаңдағы ересектердің көмегіне жүгінуің керек.
  3. Агрессорға жәбірлеудің/буллингтің жаман әрекет екенін және се оны қолдамайтыныңды түсіндір. Жәбірлеу/буллинг – бұл басқа адамның қадір-қасиетін төмендету мақсатында адам құқықтарының бұзылуы екендігін ескерту жеткілікті. Бұл үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
  4. Буллинг құрбанына қолдау көрсет. Сыныпта болып жатқан жәбірлеу/буллинг оқиғаларына қарсы екеніңді көрсет әрі қолдамайтыныңды түсіндір.
  5. Басқаларға үлгі бол. Қазір сенің сыныбыңда мәселелер болуы мүмкін. Мысалы, балалар бір-бірімен дос болғысы әрі араласқысы келеді, бірақ оны қалай дұрыс жасау керектігін білмейді. Біреу екінші бір адамды ренжітіп көңіл көтеруге, өздері ұнатпайтын балаға қарсы бірігуді шығарған. Өзіңнің әрекетіңмен дос болу, қарым-қатынасқа түсу, жай ғана білім алу күн сайын агрессия мен жағымсыз эмоцияларға ұшырауға қарағанда әлдеқайда жақсы екенін көрсет. Ал оны тек бір-біріңе құрметпен қараған жағдайда ғана көрсете аласың.
16
Қазан
2024

 

       Психогигиенаны сақтамау психикалық бұзылыстарға (психическое расстройство) әкеледі. Тұлғалық дамуға, өмірден өз орныңды табуға кері әсерін тигізеді. Қарым-қатынастарда қиындық пен кедергілер пайда болады. Психогигиена дегеніміз – бойды улы ойлардан аулақ ұстау. Жағымды эмоцияны өзің туындатып, сезініп, бақылап, реттей алу. Біз көбінесе жақсы сезімді бізге басқалардың сыйлағанын күтеміз. Осы сырттан күтетін жағымды эмоциялар мен сезімдерді өзіміз жандандыруды, жаңартуды, байытуды және шығаруды ойламаймыз. Әрине оны балалық шақта қалыптастырса, сол кезден бастап отбасында психогигиена ұстанса,  онда психикалық бұзылыстардың көпшілігінің алдын алуға болар еді. Сондықтан балаға отбасында эмоциялық қолдау, түсіну, көмек көрсету аса маңызды. Психологиялық саулық - адамның өз потенциалын жүзеге асыра алуы. Өмірлік жағдайларда, стрестерге қарсы тұра алу қабілеті. Нәтижеге бағытталған әрекеті. Тұрақтылық. Өз «менін» ұғыну. Өзіне және өз психикалық әрекеттерінің нәтижелеріне сыни көзқараспен қарай алу. Жағдайлардың ықпалына төтеп бере алу. Өмірін жоспарлап, мақсаттарына жетуде іс-әрекетін басқара алу қабілеті. Өмірдің түрлі жағдайларына сәйкес әрекеттерін, мінез-құлқын басқарып, өзгерте алуы. Психикалық сау, ішкі бағдары дұрыс жандар өмірге ғашық болады. Өзін жақсы таниды. Өмірді тек ақылмен ғана емес, сезіммен, интуициямен басқара алады. Өз құндылықтарын біледі. Өзгенің де ерекшеліктерін құрметтейді. Эмоциялық, физикалық, ақыл ой және психикалық үйлесімде жайлы өмір сүреді. Ескеретін жайт, өмірдің барлық жағдайында психикалық саулықты сақтай алатын абсолют адам жоқ. Алайда оны өз ішкі тұсбағдары ретінде қалыптастыруға болады. Ішкі тұсбағдарға ие болу дағдысы қалыптасқан адам өзіне де, өзгеге де экологиялық жолмен келісімде тұлғалық дамуға қол жеткізе алады. Ресурсты қалпын сақтай алады.

Психологиялық жағынан толықтай сау деп қандай әйелді айта аламыз?

      Жалпы, психологиялық саулық - бұл адамның өз потенциалын жүзеге асыру, өмірлік ситуацияларды шеше алу қабілеті болуы және қоғамға пайдалы әрекеттер жасай алуы. Психикалық сау әйел - өзін-өзі танитын, жан дүниесін түсінетін, өз қажеттіліктері мен қалауларын білетін, өзіне қамқорлық жасай алатын өз өміріне жауапты тұлға. Яғни, өміріне қауіп төндіретін, ішкі қайшылықтар мен сыртқы кедергілерден арылуға әрекет жасайтын ішкі тірегі орныққан ересек жан. Мұндай әйел - саналы ана, салиқалы жар болуға қол жеткізе алады.

 

 Соңғы кездері психологтар адамның жеке шекарасы туралы жиі айтып жүр. Біздің қоғамда бұл нәрсе жиі бұзылады. Жалпы жеке шекараны қалай қорғау қажет? 

        Жеке шекара жайлы біліп қана қою аздық етеді. Өз шекараңды сақтау, қорғау және нығайту керек. Жеке шекара қазақы психологияда бар, қатаң сақталатын, құрметпен қарайтын дүние еді. Бала дүниеге келгеннен оған ерекше есім қоюдан бастап, әбден тұлға ретінде қалыптасып кеткенше ата-ана, орта тарапынан жан-жақты қолдау болған. Адам өзінің жеке дара тұлға екенін сезініп, табиғаттағы, өмірдегі орнын және шекарасын айқын сезінген. Баланың жас ерекшелігіне байланысты қойылатын шектеулер мен берілетін мүмкіндіктер, отбасылық өмірдегі, туыстық қанынастардағы белгілі нормалар - шекараларды сақтауға көмектескен. Кейін, түрлі тарихи жағдайлар, геноцидтік бағдарламалар нәтижесінде қазақ түсінігінде көптеген маңызды ұғымдар жойылды. Соның ішінде жеке шекара ұғымы да бар. Түп-тамырынан, салт-дәстүрінен, ұлттық дүниетанымынан алыстаған кезде, адамдар дұрыс бағдардан айырылып қалды. Енді көпшілік мұнымен жаңа ұғым сияқты қайта танысып жатыр және жатырқай қабылдайтындар да бар. Жеке шекара адамдарға өзгенің сезімдері, эмоциясын емес, өзінің қалаулары, қажеттіліктері, құлшыныстарына мән беруді қамтамасыз етеді. Мұны Көпшілік түсінігіндегі эгоизммен шатастырудың қажеті жоқ. Керісінше, жеке шекарасы берік адамда сау эгоизм болады және ол басқалардың да шекарасын құрметтей біледі. Ішкі шекараны анықтаудың жолы - қандай эмоциялар бізге қатысты, қайсысы келмейді дегенді білу. Жеке шекараңыздың сау, адекватты екендігінің белгісі - сіз өзіңізді өмірде жайлы, еркін сезінесіз. Мақсатқа жетуді, өмір сүруді арпалыс деп қарамайсыз. Жеке шекарасы бар адам – өзін жеке тұлға деп сезінеді, өз қажеттіліктері мен құндылықтарын біледі, өзгелердікін де сыйлайды, қоршаған ортамен әрекеттесе алады. Өз өмірін бақылауда ұстап, дұрыс талдау жасай алады.

16
Қазан
2024

  • Қалыпты физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтану – жүрек пен қантамырларының саулығының, күшті жүйке жүйесінің және мықты иммунитеттің кепілі.
  • Кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау – дененің тез қалпына келуіне және стрестік жағдайларға төзімді болуға көмектеседі.
  • Хобби немесе сүйікті ісіңізбен айналысу – организмнің «қуаныш гормонын» бөлуіне әсер етеді.
  • Қызықты және позитивті адамдармен араласу оң энергиямен қуаттап, жалпы денсаулыққа жағымды әсер етеді.
  • Ішіңдегіні айта білу – ішіңдегіні түгел айтып жеткізбеу, жағымсыз эмоциялар, түсінбеушілік пен күйзеліс ауыр психикалық бұзылуларды тудыруы мүмкін.
  • Жайсаңдылық, мейірімділік пен қайырымдылық – өмірдегі қиын сәттерді жеңуге көмектесетін жағымды сезімдер.

Психикалық саулықтың 7 белгісі

Ғалымдар адам бойындағы психикалық саулықтың келесідей 7 белгісі бар деп атап көрсетеді:

  1. Адамдармен ұзақ уақытқа созылатын қарым-қатынас орната білу. Көп жағдайда өзара түсіністік, компромисс және төзімділік негізінде құрылған қарым-қатынастар ұзаққа созылады. Яғни, психикалық саулықтың бұл белгісі психологиялық тұрғыдан жетілген адамның бойынан өзін өзгелердің орнына қоя білу, симпатия таныту және компромисске бара білу секілді қабілеттің табылуын сипаттайды. 
  2. Өз сәтсіздіктеріне дайын болу. Яғни, псиxикалық саулығы қалыпты адам өз сәтсіздіктерін қабылдай алады және оларға психикалық тұрғыдан төзе біледі. 
  3. Өзге адамдардың пікірін қабылдауға дайын болу. Адам қоғамның мүшесі болғандықтан, өзге адамдармен коммуникацияға жиі түседі. Ал табысты қарым-қатынас орнату үшін өзгенің ойын қабылдай білу және қажет кезде өз ойын өзгерте алу тұлғаның бойынан табылуы тиіс маңызды қасиет саналады. 
  4. Кез келген ортада шынайы болу. Адам өзін отбасы мүшелері мен туыстарының арасында, достары мен әріптестерінің ортасында әртүрлі ұстауы мүмкін. Қай ортада болмасын, адам өз-өзін физиологиялық және психикалық тұрғыдан қабылдай отырып, шынайы бейнесін жасырмай, кез келген ортада өзін жайлы сезіне білуі психикалық саулық үшін маңызды жайт саналады. 
  5. Қарым-қатынас барысында өз эмоцияларын басқара алу. Адамның барлығына дерлік қарым-қатынас барысында өз эмоцияларын көрсету қалыпты жағдай саналады. Дегенмен, кейде адамның эмоцияға жиі ерік беруі оның өзгелермен қарым-қатынасына әсер етіп қана қоймай, психикалық саулықтың нашарлауына да алып келуі мүмкін. 
  6. Жайлы зонадан жиі шығуға дайын болу. Көп адамға өзінің жайлы зонасынан шығу оңай шаруа емес. Дегенмен, жайлы зонадан жаңа ортаға өту кейбір адамдар үшін үлкен ауыртпашылық тудыруы мүмкін. Егер тұлға жаңа ортаға бейімделу барысында психологиялық қиыншылықтарға тап болса, онда оған психикалық саулығына назар аудару қажеттігі тууы мүмкін. 
  7. Өз уақытын басқара білу. Психикалық саулықтың бұл белгісі жалпы адамның өз уақытын дұрыс ұйымдастыра білу қабілетін сипаттайды. Яғни, адамның күнделікті уақытын саналы түрде ұйымдастыра білу мүмкіндігін қарастырады. 

Ескерту: Аталған жеті белгі адамның псиxикалық жай-күйін бағалауға көмектесетін бағдарлар ғана, ал псиxикалық саулыққа қатысты нақты диагнозды тек арнайы маман қоя алатынын ұмытпау қажет.

16
Қазан
2024

"Жанымыз әркез сау болып, рухымыз болсын биікте" ұранымен 10-қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай мектебімізде «Жан саулығы» күні атап өтілді.

Психикалық денсаулық күні қоғамға психикалық денсаулық мәселелері туралы ескерту және психикалық денсаулықты нығайтуды қолдауға күштерін жұмылдыруға себеп. Дәл осы халықаралық күн оны «қорғауға» арналған.

Психикалық денсаулық – бұл біздің өз әлеуетіміз бен қабілеттерімізді жүзеге асыру, күйзелістерге төтеп беру, тиімді жұмыс істеу және қоғамға айтарлықтай пайда әкелетін әрқайсымыздың жақсы өмір сүруіміздің негізі. Қазіргі жаһандану заманында эмоционалдық интеллектті дамыту, көркем мінезді болуға ұмтылу аса маңызды деп ойлаймыз.

Бұл күні мектеп ұжымы және оқушылар таңертеңнен көңілді болу мақсатында би әуенімен жерде жатқан түрлі шығыршықтармен билеп кірді. Мектеп парламенті оқушылары «Жансаулықтың маіыздылығы жөнінде репортаж жүргізді. Мектеп фоэсінде арнайы тақтада «Дені саудың – жаны сау» қағидалары ілініп, психикалық денсаулық туралы ақпараттар ілінді. Екінші қабатта «Жылы лебіздер жолдайық» деген жазуы бар жәшік орнатылды. Оған қалаулары бойынша оқушылар жылы лебіздерін жолдап, жазып қалдырды. Сонымен қатар «Өмірлік позицияң қандай?» тақырыбында плакат ілініп, оқушылар өз позицияларын жазды. Оқушылардың негізінен позитивті ой ойлайтындықтарын, өмірге көзқарастарының жағымды екендіктері байқалды.

Осы күнге орай сайтымызға психикалық денсаулыққа байланысты маңызыд ақпараттарды ұсынамыз.

https://www.instagram.com/reel/DBETvQ8tKhR/?igsh=MW4xMXlrYXpudnY2Ng==

Аймереке

© 2025. Все права защищены.