2026 жылғы 16 қазанда 10-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жасөспірімге қиын кезеңдер мен дағдарыстық жағдайларды жеңуге қалай көмектесу керек?» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты – ата-аналардың жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ерекшеліктер туралы түсініктерін кеңейту, балаларға қиын жағдайларда қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту және дағдарыстық жағдайлардың алдын алу.
Жиналыс барысында жасөспірімдік кезеңнің психологиялық және эмоционалдық ерекшеліктері, балалардың қауіпсіздігі, психологиялық саулығы, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, құрдастарымен қарым-қатынасы, оқу барысында кездесетін қиындықтар, оқушылардың тәртібі мен жауапкершілігі, отбасындағы тәрбиенің маңызы және ата-аналардың бала өміріндегі рөлі туралы маңызды мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге дер кезінде назар аудару, олардың эмоционалдық жағдайын бақылау, күйзеліс пен дағдарыстық жағдайлардың алғашқы белгілерін байқау және қажетті жағдайда мамандардың көмегіне жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
Ата-аналарға балаларымен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату, олардың пікірін құрметтеу, мұқият тыңдау, сезімдерін түсіну, өзгелермен салыстырмау, орынсыз сын айтудан аулақ болу және қиын сәттерде жанынан табылып, қолдау көрсету жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
Балаға ең қажет нәрсе – оны түсінетін, тыңдайтын, сенім білдіретін және қандай жағдайда да қолдау көрсететін ата-ана!
Отбасындағы сүйіспеншілік, сенім мен өзара түсіністік – жасөспірімнің психологиялық саулығының, тұлғалық дамуының және жарқын болашағының берік негізі.
https://www.instagram.com/p/DeqrQfejmJ4/?xtok=eTVrM2l3bG54NzVz